Күтілетін нәтиже
|
Жай бөлшектерді қосуға,азайтуға,бөлуге,көбейтуге есептер шығаруды толық үйренеді.
|
Ресурстар
|
Электрондық оқулық, кішітіректер.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
«Сиқырлы жұмыртқа» әдісі, «Айналмалы бекет» әдісі.
|
Пәнаралық байланыс:
|
|
Ұйымдастыру кезеңі:
|
Оқушылармен амандасу,түгендеу. «Ең жақсы» әдісін пайдаланып,оқушылар бір – біріне деген ізгі тілектерін сағат тілі бағытымен айтып,психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.
|
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
I.Қызығушылықты ояту.14 минут
|
Өткен тақырыптарды пысықтау мақсатында «Сиқырлы жұмыртқа» ойыны қолданылады:
1.Қандай бөлшектерді аликвоттық бөлшектер деп атаймыз?
2.Аликвоттық бөлшектер дұрыс бөлшек пе, әлде бұрыс бөлшек пе?
3.Бөлшектер қалай көбейтіледі?
4.Натурал санды бөлшек санға қалай көбейтеді?
5.Аралас сандарды қалай көбейтеді?
6.Өзара кері сандар деген не?
7.Санның бөлігі қалай табылады?
8.Бөлімдері әртүрлі аралас сандарды азайту үшін, оның бөлшек бөлігін қалай түрлендіру керек?
|
Жануарлар мен өсімдіктерге байланысты 2 топқа бөлінеді:
«Фауна», «Флора».
«Сиқырлы жұмыртқа» әдісі бойынша жұмыртқа іспеттес парақшалардағы сұрақтарға 2 топ 4 сұрақтан жауап беру арқылы ұпай жинайды.
|
|