Сабақтың ортасы
25 мин.
|
1-тапсырма
Әр кейіпкердің бейнесін сипаттайтындай 3 сын есім не зат есім болатын сөз жазады. (Үштік) әдісі
Үлгі: Абылай хан: билеуші, қаһарлы, елші.
Батыр Баян: қолбасшы, ержүрек, ашулы
Ноян: Бөрінің бөлтірігі, жас, албырт.
Қалмақ қызы: сұм сұлу, тұтқын, ақылды.
Дұрыс нұсқамен тексереді.
Абылай - данагөй басшы, айбынды батыр, халық қамқоры, елінің тәуелсіздігін аңсаған хан.
Батыр Баян – Абылайдың сенімді серігі, батыр, өжет, ақылды, патриот, опасыз бауырын атып өлтіреді.
Қалмақ қызы – сұлу. қайсар, кекшіл, өжет, айлакер, туған жеріне, еліне адал.
Ноян – батыр, махаббатына адал, еліне, ағасына опасыз, көрсеқызар.
Дескриптор:
Кейіпкерлер бейнесін сипаттай алады
Сипаттауда 3 сын есім немесе зат есім қолданады.
Топтық жұмыс
Реттік талдау.
Аты – «Батыр Баян» дастаны
Авторы – Мағжан Жұмабаев
Тақырыбы – ерлік, батырлық
Идеясы – батырлықты дәріптеу, патриоттыққа тәрбиелеу
Кейіпкерлер: Негізгі кейіпкерлер: Баян, Абылай хан, Ноян, Қалмақ қызы
Жанама кейіпкер: Қанай, Ер Көкше,Ер Қосай, Жанатай,Ұса, Серен т.б
Дескриптор:
Шығарма сюжетін біледі.
Идеясын анықта алады
Кейіпкерлерді ажыратады.
2-тапсырма. «Кейіпкерлердің типтерін сипаттау» кестені толтырыңыздар
Концептуалдық кесте
Кейіпкер
|
Қасиеттерін сын есіммен сипаттайтын мінездеме беру
|
Кейіпкер іс-әрекетінен типтік тәсілді анықтаңыз
|
Кейіпкер бейнесін ашуда автор қолданысындағы бейнелі сөз (метафора,
эпитет, қайталау )
табыңыз
|
|
|
|
|
1-топ. Батыр Баян;
2-топ. Ноян;
3-топ. Қалмақ қызы
Дескриптор:
Кейіпкерлер қасиетін сын есімдерді қолданып сипаттай алады
Кейіпкерлер іс-әркетінен типтік тәсілді анықтайды.
Кейіпкер бейнесін ашуда бейнелі сөздерді таба алады.
Шығармадан Баян бейнесін танытатын жолдарды табыңыз. Баянға тән қасиеттерді жазып, шығармадан дәлел келтіріңіз.
Кейіпкерге тән қасиеттер
|
Дәлеліңіз (өлең жолдары)
|
|
|
Дескриптор
|
Білім алушы
|
|
шығармадан батыр Баян бейнесін танытатын жолдарды табады;
жыр жолдарынан Баянға тән қасиеттерді жазып, шығармадан дәлел келтіреді.
|
ҚБ. Топ аралық бағалау.
Кейіпкер бейнесіне ене отырып, жыр шумақтарын жатқа айтыңыз.
Дескриптор
|
Білім алушы
|
|
кейіпкер бейнесін сомдайды;
жыр үзіндісін жатқа айтады.
|
|
таныстырылым,
оқулық
флипчарт,
маркер,
бонус
|
Ресурстар арқылы және қарым-қатынас формасы арқылы саралау оқушыларға әр топқа берілген «Үштік» әдісі және ой қозғау арқылы жұмыс жасау барысында жүзеге асты. Оқушылар бәріне ортақ бір сұраққа жауап бергенімен, күрделілік деңгейі әр түрлі ресурстарға сүйене отырып, өз жауаптарын негіздей алады. Тапсырмалар және диалог арқылы саралау «Концептуалдық кесте», «Реттік талдау» әдісі, кестелермен жұмыс жасау барысында жүзеге асты, сөздік қор және қолданылатын тілдің мүмкіндіктері мен күрделілігі әр оқушының қабылдау деңгейіне сай бейімделеді
|
Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, өзін бағалауы, мұғалімнің бағалауы түрінде тексеріледі.
«Басбармақ», «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы өзара,
«Жарқын ойлар» кері байланыс арықылы өзін-өзі бағалау жүзеге асты.
|
Мәңгілік ел» идеясының «Тарихтың мәдениет пен тілдің біртұтастығы» құндылығының негізінде оқушыларды патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Қазақстан тарихы пәнімен байланыс болады.
АКТ пайдалануда оқушылардың техника қауіпсіздігін сақтауын қадағалаймын
|