Сабақ: 34 Мектеп: «Қарақұм жалпы білім беретін мектеп»



Дата11.01.2022
өлшемі70,79 Kb.
#111211
түріСабақ
Байланысты:
Кенжегүл Құлман Айтқалиқызы





Құлман Кенжегүл Айтқалиқызы

Маңғыстау облысының білім басқармасының

Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің

«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

химия пәні мұғалімі



Сабақ жоспары


Сабақ: 34

Мектеп: « Қарақұм жалпы білім беретін мектеп» КММ

Күні:14.01

Мұғалімнің аты-жөні: Құлман Кенжегүл Айтқалиқызы

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың

тақырыбы

§29. Хлор

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.1.9. Хлордың химиялық қасиеттерін сипаттау: металдармен, сутекпен және галогенидтермен әрекеттесуі

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:

Хлордың қасиеттерін біледі

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Хлордың химиялық реакция теңдеулерін жазады

Кейбір оқушылар істей алады:

Хлордың массасын қолдана отырып көлемін табуға сандық есептер шығарады

Бағалау критерийі

1. Хлордың химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін құрастырады

Пәнаралық байланыс

Медицина (NaCl- көптеген суда еритін дәрілер жасайтын физиологиялық ерітіндінің негізі. Құрамы 0.9 %-тік ас тұзының ерітіндісі)

Тарих (Хлордың улы әсері Бірінші дүниежүзілік соғыста сыналды

1915 жылы 22 сәуірде немістер газды шабуыл жасады : бір мезгілде сұйық хлоры бар 5730 баллон ашылды


Құндылықтармен байланыс

Топтық жұмыс арқылы хлордың қасиеттерін сипаттауда шығармашылыққа , сын тұрғысынан ойлауға , жұптық жұмыс хлордың қасиеттерін зерттеу арқылы денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсетуге баулу.


Тілдік мақсат

Оқушылар:

Не істей алады?

Хлордың химиялық қасиеттерін сипаттай алады


Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология):

Хлор , металл , сутек , галогенидтер , галит , сильвин , бишофит , Жавель суы

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

Неліктен хлор галогендер құрамына кіреді?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Сіз неліктен хлордың фторға қарағанда белсенділігі төмен екенін айта аласыз ба?

Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:

  1. Хлор ............................ әрекеттескенде ........................түзеді.

  2. Топ бойынша галогенидтердің түсі .................. түседі , ал ерігіштігі ........................... .

  3. AgCl - ............... тұнба.

  4. AgBr - ................ тұнба.

  5. AgI - ................... тұнба.

Алдыңғы білім

Хлордың периодтық жүйедегі орнын , атом құрылысын біледі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар


Басы

7 минут



І . Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, түгендеу)

ІІ . Үй тапсырмасын пысықтау (тест)

1. Галогендерге жататын элементтер қатарын көрсетіңіз.

А ) F, Cl, Br, I, Аt Б ) F, C, Br, I, Аt

В ) F, Cl, Br, In, Аt С ) Fe, Cl, Br, I, Аt

2. Хлор химиялық байланыстың қай типіне жатады?

А ) Ковалентті полюсті Б ) Ковалентті полюссіз

В ) Иондық байланыс С ) Сутектік байланыс

3.Тотықтырғыш қасиеттерінің артуы бойынша орналасқан галогендер қатары.

А ) F, Cl, Br, I, Аt Б ) Аt, I, Br, Cl, F

В ) F, Cl, Br, In, Аt С ) Fe, Cl, Br, I, Аt

4. Тотықсыздандырғыш қасиеттерінің артуы бойынша орналасқан галогендер қатары.

А ) F, Cl, Br, I, Аt Б ) Аt, I, Br, Cl, F

В ) F, Cl, Br, In, Аt С ) Fe, Cl, Br, I, Аt

5. Хлордың тотығу дәрежелері қандай?

А ) -1, 0, +1, +2, +4, +7 Б ) -1, 0, +1, +2, +5, +7

В ) -1, 0, +1, +3, +5, +7 С ) -1, 0, +1, -3, +5, +7

6. Галогендер металдармен ,сутекпен әрекеттескенде қандай қасиет көрсетеді?

А ) тотықсыздандырғыш Б ) тотықтырғыш

В ) тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш

С ) өзгермейді



ҚБ: Дайын үлгі жауабы арқылы бағалау жүргізіледі

5- 7 ұпай бағдаршамның жасыл түсін көтереміз

3- 4 ұпай бағдаршамның сары түсін көтереміз

1- 2 ұпай бағдаршамның қызыл түсін көтереміз

1.А 2.Б 3.В 4.А 5.В 6.Б

ІІІ . Сынып оқушыларын топқа біріктіру .

(химиялық формулалар:НF , HCI , HBr , HI , AgCl , NaCl , FeCl3 , KCl, 2s2 2p5 , 3s2 3p5 , 4s2 4p5 , 5s2 5p5 , Cl2O , KClO2 , NaClO3 , HClO4 арқылы)

- Неліктен топқа біріктіңіздер?

- Топтасқан кезде химиялық формулалар нені білдіріп тұр?

-Олай болса, бүгін нені оқып үйренеміз?

Оқу мақсатымен бағалау критерийі ұсынылады

Түрткі сұрақ :

Неліктен хлор галогендер құрамына кіреді?

Сіз неліктен хлордың фторға қарағанда белсенділігі төмен екенін айта аласыз ба?

Үлестірме парақтары

Әртүрлі формула-лар

жазылған қағаз қиындыла-ры



Ортасы

28 минут



Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар

  1. Хлор .................................. әрекеттескенде ........................түзеді.

  2. Топ бойынша галогенидтердің түсі ............................. түседі, ал ерігіштігі ........................... .

  3. AgCl - ............... тұнба.

  4. AgBr - ................ тұнба.

  5. AgI - ................... тұнба.

«Темірдің хлормен реакциясы», «Хлорид , бормид, және йодид аниондарының анықталуы» тақырыбы бойынша бейнебаян көрсетіледі:

Бейнебаяннан не көрдіңіздер?

Түзілген заттардың түсі қандай ? Неге әртүрлі болады ? Себебі?

Оқушылар үлестірме парақшаларды толтырады



Топтық жұмыс.

І топ . Хлордың ашылуы мен құрылысы. «Сатылай кешенді талдау»

Ашылуы -

Аr (Cl2) -

Периодтық жүйедегі орны -

Электрондық формуласы -

Графиктік формуласы -

Валенттіліктері -

Тотығу дәрежелері -

Химиялық байланыс типі -

Кристалдық тор түрі -



ІІ топ. Физикалық қасиеті мен алынуы. «Топтастыру» әдісі

Т үсі Ағартқыш қасиеті Тығыздығы Cl2 Балқу t0

Қ айнау t0 Суда ерігіштігі ІІІ топ.Хлордың химиялық қасиеті. «Жалғасын тап» Металл + Хлор =

Сутек + Хлор =

Хлор + Калций йодиді =

ІV топ . Хлордың қолданылуы «Галереяға саяхат»

ҚБ: Әр топтың бақылаушысы бағалау парақшасы арқылы бағалайды

Жұптық жұмыс

1- жұп . Сәйкестендіру тест



Атаулары

Алыну реакция теңдеулері

1. Калий хлориді

А) 6NaCl + 3H2O = NaClO3 +5 Na

2. Алюминий хлориді

Б) 2 KCl+3 O2 = 2 KClO3

3. Калий хлораты

B) 2 K+ Cl2 = 2 KCl

4. Калий гипохлораты

C) 2 Al + 3 Cl2 = 2 AlCl3

5. Натрий хлораты

D) Cl2 + 2 KOH = KClO + KCl + H2O

6.Хлор

E) KClO3 + 6 HCl = 3 Cl2 + KCl + 3H2O

Жауабы: 1 –B; 2- C; 3 – Б; 4 – D; 5 – А; 6 – E

2- жұп. Аяқталмаған тезис

А) Al + Cl2 = ...................................

Ә) Na I + Cl2 =………….. + ……………….

Жауабы:

А) 2 Al + 3 Cl2 = 2 Al Cl3 Ә) 2 Na I + Cl2 = 2 Na Cl + I2



ҚБ : Дайын үлгі жауабы арқылы бағалау жүргізіледі

Жеке жұмыс: Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

(қосымша №1)

ҚБ: дескрипторлар арқылы кері байланыс беріледі

Сараланған тапсырма (қосымша №2 )



Үлестірме парақша-лар

https://bilimland.kz/ru

Оқулық

Химия - 9

Үлестірме парақша-лар таратыла-ды


Соңы

5 минут



Рефлекция. БББ кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді










Үйге тапсырма §29

Үлестір-

ме парақша тараты-



лады



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет