Басы
7 минут
|
І . Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, түгендеу)
ІІ . Үй тапсырмасын пысықтау (тест)
1. Галогендерге жататын элементтер қатарын көрсетіңіз.
А ) F, Cl, Br, I, Аt Б ) F, C, Br, I, Аt
В ) F, Cl, Br, In, Аt С ) Fe, Cl, Br, I, Аt
2. Хлор химиялық байланыстың қай типіне жатады?
А ) Ковалентті полюсті Б ) Ковалентті полюссіз
В ) Иондық байланыс С ) Сутектік байланыс
3.Тотықтырғыш қасиеттерінің артуы бойынша орналасқан галогендер қатары.
А ) F, Cl, Br, I, Аt Б ) Аt, I, Br, Cl, F
В ) F, Cl, Br, In, Аt С ) Fe, Cl, Br, I, Аt
4. Тотықсыздандырғыш қасиеттерінің артуы бойынша орналасқан галогендер қатары.
А ) F, Cl, Br, I, Аt Б ) Аt, I, Br, Cl, F
В ) F, Cl, Br, In, Аt С ) Fe, Cl, Br, I, Аt
5. Хлордың тотығу дәрежелері қандай?
А ) -1, 0, +1, +2, +4, +7 Б ) -1, 0, +1, +2, +5, +7
В ) -1, 0, +1, +3, +5, +7 С ) -1, 0, +1, -3, +5, +7
6. Галогендер металдармен ,сутекпен әрекеттескенде қандай қасиет көрсетеді?
А ) тотықсыздандырғыш Б ) тотықтырғыш
В ) тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш
С ) өзгермейді
ҚБ: Дайын үлгі жауабы арқылы бағалау жүргізіледі
5- 7 ұпай бағдаршамның жасыл түсін көтереміз
3- 4 ұпай бағдаршамның сары түсін көтереміз
1- 2 ұпай бағдаршамның қызыл түсін көтереміз
1.А 2.Б 3.В 4.А 5.В 6.Б
ІІІ . Сынып оқушыларын топқа біріктіру .
(химиялық формулалар:НF , HCI , HBr , HI , AgCl , NaCl , FeCl3 , KCl, 2s2 2p5 , 3s2 3p5 , 4s2 4p5 , 5s2 5p5 , Cl2O , KClO2 , NaClO3 , HClO4 арқылы)
- Неліктен топқа біріктіңіздер?
- Топтасқан кезде химиялық формулалар нені білдіріп тұр?
-Олай болса, бүгін нені оқып үйренеміз?
Оқу мақсатымен бағалау критерийі ұсынылады
Түрткі сұрақ :
Неліктен хлор галогендер құрамына кіреді?
Сіз неліктен хлордың фторға қарағанда белсенділігі төмен екенін айта аласыз ба?
|
Үлестірме парақтары
Әртүрлі формула-лар
жазылған қағаз қиындыла-ры
|