-Бүгін біз тағыда бірге сурет салып көреміз.Қандай сурет шығады екен?Саған қызықпа? Үстелдің үстіне ватман жайылады.суретті бояумен саламыз.Оқушы бір жағына өз «әлемін» салады (отбасы,достар,үй жануарлары,туыстары,сыныптастары т.с.с.),ал психолог екінші жартысына өз «әлемінің» суретін салады.Нәтижесінде екі суретті фон арқылы біріқтіреміз(«қала», «күз»,немесе «түнгі серуендеу» т.с.с.).
Суретті салып болғаннан кейін талқыланады:
–Ақмерей,саған бірігп сурет салу ұнады ма?
Суретті жатқанда қандай сезімде болдың?
Суретімізді біріктірген саған ұнады ма? Неге?
Мынандай нәтиже алғанда (суретті көрсету) көңіл-күйің қандай болды?
Біздің бірігіп салған суретіміз керемет шықты.Солай емес пе? Ал ары қарай тағы бір ойын ойнаймыз.
Сен таудың қасынан кетіп бара жатырсың.Ал ол таудың үстінде бір қамал орналасқан.Бұл қамалдың тұрғындары өтіп бара жатқан жолаушыларға маңызды оқиғаны жеткізу үшін,арнайы бір түсті ту іліп қойған.Мүмкін олар әзірейілден құтқаруды сұрап тұрған шығар,мүмкін ханшайымның тойына шақырып жатқан шығар (Көптеген «сигналдар ойлап табуға болады).