Сабақ: 40 мектеп: кмм «Балқаш қаласы №9 орта мектебі»



Дата27.07.2017
өлшемі96,14 Kb.
#22053
түріСабақ
    Бұл бет үшін навигация:
  • Блоб

САБАҚ:40

МЕКТЕП: КММ «Балқаш қаласы №9 орта мектебі»

КҮНІ: 02.02.2017

МҰҒАЛІМНІҢ ЕСІМІ: Аханова Гүлнар Кінаровна

ТАҚЫРЫБЫ:

Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы.

СЫНЫП: 6


ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ:

ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ:

САБАҚТА ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛУГЕ ТИІСТІ ОҚУ МАҚСАТЫ (SMARTМАҚСАТТАРЫ/СТАНДАРТПЕН БАЙЛАНЫСТЫРУ)

Оқушыларға қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы туралы түсінік беру.


САБАҚ МАҚСАТТАРЫ


Барлық оқушылар (А, В, С оқушы жасай алады):

Оқушылар қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы туралы біледі

Оқушылардың басым бөлігі (А, В (көптеген оқушылар жасай алулары керек):

Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және ауыл шаруашылығындағы маңызын ажырата алу

Кейбір оқушылар C (кейбір оқушылар жасай алуы тиіс)):

Кейбір оқушылар ойларын талдап,жинақтап,дұрыстығын сабақ барысында дәлелдейді

Күтілетін нәтиже



Оқушылар (сипаттай алады):

- қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы туралы біледі;

- қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және ауыл шаруашылығындағы маңызын ажырата алу;

- оқушылар ойларын талдап, жинақтап , дұрыстығын сабақ барысында дәлелдейді



ТІЛДІК МАҚСАТ

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Қарағай

сосна

pine

Балқарағай

лиственница

larch

 


Қылша

хвойник

ephedra

Самырсын

кедр

cedar


Шырша

ель

spruce

 


Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер (Тілдік стратегиялар: оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым):

Талқылауға арналған тармақтар:

Қылқан жапырақты өсімдіктер дегеніміз қандай өсімдіктер?

Сіз неліктен...екенін айта аласыз ба?

Қарағай, шырша, балқарағайдың қандай маңызы бар?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Термин сөздерді дәптерлеріне жазып алады.

ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАРЫТУ

Оқушының білім алуға деген құштарлығын арттыру, жаратылыстану ғылыми сауаттылық – жаратылыстану ғылымындағы білімін өмірде қолдана білу

АЛДЫҢҒЫ ОҚУ

Кәдімгі қарағайдың мысалында қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқым арқылы көбейуі.

ЖОСПАР

ЖОСПАРЛАНҒАН УАҚЫТ (Сабақтың жүру барысы/45 м.)

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыздар)

РЕСУРС-ТАР

Басталуы (Қызығушылықты ояту)

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс - әрекеті


1.Психологиялық ахуал орнату (3 мин)


Тренинг «Алақан түйістіру»



Оқушылар бір – бірімен алқан түйістіріп, жақсы тілектер айтады.




2.Қызығушылықты ояту.

Үй тапсырмасын тексеру (3 мин)





«Кім жылдам»?

1. Қылқанжапырақты өсімдіктер неліктен ашық тұқымдылар бөліміне жатқызылады?

2. «Бірүйлі», «екіүйлі», «бүржидек» дегенді қалай түсінуге болады?

3. «Жатаған шырша» деген атау неліктен берілген? Ол өсімдік қайда өседі?

4. Қарағай ашық далада және қалың орманда қалай өседі?

5. Шайыр жолдары қалай болады?

6.Қарағай неге бірүйлі өсімдік деп аталады?

7. Аршаның өзге ашық тұқымдылардан айырмашылығы туралы не білесіңдер?

8. Қарағайдың аналық бүрі қалай құрылған?

9. Қарағайдың аталық бүрінің құрылысы қандай? Тозаңдану қалай жүзеге асады?




Оқушылар үй тапсырмасын айтып береді.

Бағалау парақша-сы

Оқулық


3. Миға шабуыл

Стратегиясы

(3 мин)



Интербелсенді тақтадан қылқанжапырақтылардың табиғаттағы маңызы туралы видеокөрсетілім көрсетіп, «Ой қозғау» тәсілі бойынша сұрақтар қояды



Интербелсенді тақтадан видеокөрсетілім көріп, ой қозғау арқылы қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы диалогтік қарым-қатынасқа түседі. Дәлелдейді


слайд

Ортасы (Мағынаны тану)

4. Топтық жұмыс:





І-топ: Қарағай, балқарағай

ІІ-топ:Қылша, шырша

ІІІ-топ: Орманның маңызы және орманды қорғау


Әр топ өздеріне бөлініп берілген оқулықтағы мәтіннің бөліктерін оқып, топпен қорғайды.

Ватман, маркер


5. Топтық тапсырмалар:


І топ: Сандар сөйлейді

5000 3 15-40 10 300

1. Бұдан бірнеше жыл бұрын ағаштан 5000 түрлі заттар шығарылды.

2. Орман көлемін қалпына келтіріп, көбейтудің 3 түрлі тәсілі бар

3. Қосмасақшалы қылшаның биіктігі 15-40 см болады.

4. Орман өсімдіктері жылына 1 га орман жылына 10 тоннаға жуық көмірқышқыл газын сіңіреді.

5. Жатаған шырша 300 жылға дейін тіршілік етеді

ІІ топ: Орман туралы мақал – мәтелдер

1. Орман — Ел дәулеті, Жер сәулеті.
2. Мың шыбық шаншып өсірсең,
Халқыңа орман салғаның.
Халқыңа орман салғаның
Өзіңе қорған салғаның
3. Орманды жерде отын көп,
Шеңгелді жерде қотыр көп.
4. Жалғыз ағаш орман болмас,
Жалғыз кірпіш қорған болмас.
5. Орманшы ағаш кесе алмас, ақ балтаны қайрамай.
Жорыққа батыр аттанбас, жау жарағын сайламай

ІІІ топ: Екі жақты күнделік

Кесте толтыру

1. Қарағай сүрегінен жібек жіп тәрізді жасанды талшық алынады.

2. Қарағай, балқарағай сүректері қағаз жасауға негізгі шикізаттар

3. Ашық тұқымды өсімдіктердің тамыры топырақты эрозиядан сақтайды.

4. Қылшадан алынатын дәрі эфедрин деп аталады.

5. Балқарағайдың сүрегінен медицинада қолданылатын спирт, скипидар, бояу алынады

«Иә, жоқ» стратегиясы

1.Қылқан жапырақтылар ашық тұқымды өсімдіктерге жатады. +

2. Қылқанжапырақтылар оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі -

3. Қылқанжапырақтылардан шайыр, эфир майы, дәрі дәрмектер дайындалады +

4. Қарағай сүрегінен эфедрин деп аталатын дәрі алынады. -

5. Балқарағай мен қарағайдың сүрегінен жоғары сапалы қағаз өндіріледі. +

6. Самырсыннан спирт, скипидар, бояу алынады. -

7. Сібірлік балқарағай қыста жұмсақ қылқанын түсіріп тастайды +

8. Қарағайдан зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат – фитонцид бөлінеді.+

9. Шығыс Қазақстан облысының ормандарында арша өседі-

10. Қазақстанның орман белдеулерін сақтау, оларды қорғап, көбейту мәселесімен Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорация ғылыми зерттеу институты шұғылданады.+

11. Таулы өңірлерде қарағай, майқарағай, шырша, балқарағай, самырсын сияқты бағалы ағаштар өседі.+

12. Самырсын сүрегінен музыкалық аспаптар, жиһаздар мен қарындаштар жасалады.+

13. Солтүстік Тәңіртау өңірінде қылқан жапырақты өсімдіктер басым болып келеді.

14. Ашық тұқымды өсімдліктердің тамыры терең бойлайтындықтан, топырақты эрозиядан сақтайды.+

15. Орман көлемін қалпына келтіріп, көбейтудің 3 түрлі тәсілі бар.+



Сандарға қатысты мәліметтерді айтады.

Орман туралы мақал – мәтелдер айтады.


.

Тұжырымның дұрыс, бұрыстығын дәлелдейді.



слайд

Аяқталуы

(Ой толғаныс)

7. Рефлексия. 2 мин
8. Үй тапсырмасы беру (1мин)

9. Бағалау (1 мин)



«Блоб»ағашы» арқылы оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өздерін көрсетеді және түсіндіреді.

§ 41 мазмұндау, А, Ә, Б деңгейіндегі сұрақтар

Бағалау парақшасын пайдалана отырып,топтық бағалау жүргізу


Өзін қандай деңгейде екені бояп көрсетеді.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.



Бағалау парақшасына топ басшылары баға қояды.




Қорытынды бағамдау.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет