Сабақ: §45. Кеплер заңдары.§46. Күн жүйесі денесіне дейінгі арақашықтықты анықтау



бет3/3
Дата12.03.2018
өлшемі0,65 Mb.
#38619
түріСабақ
1   2   3

Келесі бөлімде сергіту сәтін пайдаландым. Сергіту сәті оқушылардың сабақтың алдында оқушының алдыңғы сабақтардан шаршағанын басып, сабаққа деген құлшынысын оятады және оқушылардың бір-бірімен, ынтымақтастықта жұмыс жасауына мүмкіндік жасайды.

Күн жүйесімен байланыстырып мәтін оқып, оқушыларға құм терапиясын ұсындым. Осы кезде бұрынғы тұйық оқушыларымда белсене араласқанын байқадым. Жұптық жұмыстарды жасағандада оқушыларымның, тіпті сабақта селқос отыратын оқушылар бірігіп жұмыс жасады. Келесі бөлімде оқушылар техникалық диктант тапсырды.



Рефлекцияны күн макетіне лента тағу арқылы айтты. Сабақтың жақсы өткенін, болашақта осындай сабақтар бола берсе екен деген тілектер айтылып жатты.

Сонымен, жоғарыда аталған жеті модулдердің әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып оқушылардың білім сапасын арттыруда нәтижеге қол жеткізуге болатындығын түсіндім. Қорытындылай келе, менің басты міндетім–рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды, бәсекеге қабілетті оқушыларды тәрбиелеу. Сыныбымдағы әр оқушының ойлау қабілеттері әр түрлі болғандықтан физика сабағында әр оқушының жас ерекшелігіне қарай және білім деңгейіне сай сабақтарды өткізіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруым керек. Қорытындылай келе жақсы нәтижелерге қол жеткіздім, сондай-ақ сабақ барысында кемшіліктер де кездесті. Алдымен кемшіліктеріме тоқталатын болсам 45 минуттың ішіне барлық нәрсені қамтып үлгеруге тырыссам да уақытымның жетіспеуі. Кейбір оқушылардың тақырыпты түсінбеуі, өз ойына сенбеуі, сөздік қорының жетіспеуінен пікірлерін ашық айтуға жасқанушылық сияқты қиындықтар кездесті.



Аталған кедергілер мен қиындықтарды жеңіп шығып нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалімге алдымен мықты төзім мен шыдам керек, ең бастысы жаңа бағдарламаны жетік меңгеруі тиіс. Сондай-ақ оқушылардың қызығушылығын ояту, уақытты тиімді пайдалануды үйрету, өз ойын ашық жасқанбай айтуға үйрету, топта жұмыс жасағанда өзгенің пікірімен санасуды, техникалық сөйлеу дағдыларын қалыптастыруым керек деп ойлаймын. Енді жеткен жетістіктеріме келсем, дәстүрлі сабақ беру жүйесінен, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып сабақ беруге көштім. Оқушыларды топпен бірігіп жұмыс жасауға, сабаққа деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттырдым. Осы аталған әдістердің арқасында шығармашылық қабілетті дамыту, көшбасшылықты анықтау, дарындылықты дамыту, еркін ойды айта білуге үйрету сияқты қабілеттерді оқушы бойында қалыптастыру болатын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет