Фармакотерапиялық тобы
Жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларын емдеуге арналған препараттар.
Іріктелген бета-адреноблокаторлар.
АТХ коды С07А В02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішу арқылы қолданылған кездегі сіңірілуі толық және тамақтануға байланысты емес, алайда бауыр арқылы алғашқы өтуі кезіндегі қарқынды метаболизміне байланысты биожетімділігі 50-ға жуықты құрайды. Ұзақ уақыт қабылдау кезінде бауырда қан айналымының төмендеуі мен бауыр ферменттерінің қанығуы нәтижесінде биожетімділігі артады.
Қан плазмасында препараттың ең жоғары концентрациясы ішке қабылданғаннан кейін 1-2 сағаттан кейін байқалады. Метопролол қан плазмасында ақуыздармен 5-25 %-ға байланысады. Жартылай шығарылу кезеңі 3-7 сағатты құрайды. Бауыр арқылы алғашқы өтуі кезінде препараттың 65-80 %-ға жуығы метаболизденеді. Бүйрекпен метаболиттер түрінде сыртқа шығарылады. Метопролол липофильді β-адреноблокаторлар болып табылады. 90 %-ға жуығы ас қорыту жолында сіңеді, гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді.
Қолданылуы
– артериялық гипертензияда
– стенокардияда (оның ішінде инфарктіден кейінгі)
– аритмияларда (оның ішінде суправентрикулярлық тахиаритмия)
– миокард инфарктісін өткергеннен кейінгі демеуші емде
– тиреотоксикоз кезінде кешенді емдеуде
– бас сақинасы ұстамаларының алдын алуда
Достарыңызбен бөлісу: |