Сабақ №6 Мектеп: №47 Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Байырова Ж. Р


Топтар кейіпкер іс-әрекетін «Ойлаудың ақ қалпағы» әдісі арқылы талдайды



бет5/6
Дата15.10.2019
өлшемі1,86 Mb.
#49938
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы ақыл мен сезім, ар-намыс мәселелері


Топтар кейіпкер іс-әрекетін «Ойлаудың ақ қалпағы» әдісі арқылы талдайды.

Әр топқа қалпаққа байланысты рөлдер таратылады. «Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясы арқылы оқушылар алғаш жеке ойланады, сосын жұппен талдайды және топта талқылап, өз ойын қалпақ рөліне байланысты қорғайды.


Ойлаудың ақ қалпағы

- проблемаға қатысты деректерді келтіреді.



Қызыл  – ішкі сезім, эмоция, сезінулер.

Қаранегативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”

- оптимизм, сәтті кезеңдер



Жасыл – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар

Көк – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды. Поэмада көрініс тапқан ұлттық құндылықтарды топтастырады. Мысалдар арқылы дәлелдейді.



Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс. Топтар талқылау жұмысын жүргізіп жатқанда, тақтаға екі оқушы жұптық жұмыс жүргізеді.


Сәйкестендіру картасы

Елінің тәуелсіздігі жолында ерлік көрсеткен батыр.






Баян


Ноян

Қалмақ қызы

Қанша батыр болса да, қыздың сөзіне бас иеді.

Алаштың аруы боп кетсе де, жанымен өз жұртынан айырылмаған.

Отанын тастап, қалмақ еліне бет алады.



Өзін-өзі бағалау

Әрбір орындалған қадам қызыл жүрекпен белгіленеді.

Орындалмаған іс-әрекет көк жүрекпен белгіленеді.
Әр оқушы өзін-өзі бағалап отырады.

Дескрипторлар

Бағалау







*кейіпкер бейнесін анықтайды;










*кейіпкер туралы тарихи мәлімет береді;









*«Фишбоун» әдісімен қойылған проблемаға байланысты мәліметтер анықтайды;









*үстіңгі қаңқаға тірек сөздер мен сөз тіркестерін мәтіннен іріктейді;









*төменгі қаңқаларға іріктелген сөздер мен сөз тіркестеріне байланысты дәлелдер келтіреді, қорытындысын шығарады;










*берілген «қалпақ» рөліне байланысты өз пікірін ортаға салады, талқылайды;









*«Алты қалпақ» рөліне байланысты топ мүддесін қорғайды;








*Поэмадағы ұлттық құндылықты анықтайды.












Топтың бағалау дескрипторлары:

Ұйымдасты-рылуы

Топтың жұмысы жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған;

Мазмұны

Тақырыпты  баяндауда ойын жүйелі жеткізеді;

Байланыс

Тақырып ашылған, тапсырма тарихи мәліметтермен байланыстырыла жан- жақты  берілген;

Креативтілігі

Шығармашылығы жоғарғы деңгейде. Айрықша идеяларды шығара алады, проблемалық жағдаяттарды шеше алу қабілеті жоғары.

Мұғалімнің қорытынды сөзі. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қазақстандықтарды елең еткізді. Рухани жаңғырудың негізгі сипаты – өткен мен болашақты үйлестіре отырып жүзеге асыру. Рухани жаңғыру дегеніміз – ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып, мәдени дәстүрлерді берік сақтай отырып, оны жаңа заман жетістіктерімен, жалпыадамзаттық құндылықтармен байыту деп түсіну керек. Жаңа тұрпаттағы жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодты сақтау екені мақалада анық атап көрсетілген. Сондықтан да Елбасының «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» дегені бүгінгі мен ертеңнің және болашақтың, жалпы «Мәңгілік ел» идеясының басты шарты болуы тиіс.

Сабақ соңында М. Шахановтың «Төрт ана» өлеңі тыңдалады.

«Соңғы сөзді мен айтайын...» әдісімен оқушылар ой қорытындысын шығарады.







Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс



минут


Кері байланыс



Үйге тапсырма: «Баян – алашын ардақтаған батыр, биік адамгершіліктің, ұлы рухтың адамы» 100 сөзден тұратын эссе жазу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет