№ сабақ
7- сынып
математика
|
Сабақ өтілетін уақыт:
Орны:
|
Барлық оқушы саны:
Қатысқаны:
12-13 жастағы оқушылар
|
Сабақ тақырыбы
|
Көпмүше. Көпмүшенің стандарт түрі
|
Сілтеме
|
Күнтізбелік жоспар 7- сынып алгебра
|
Жалпы мақсаттар
|
Көпмүшелерді қосу және азайту ұғымдарын енгізу, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру
|
Түйінді идеялар
|
Сабақ барысында көпмүшелерді қосу және азайту қасиеттерін ұтымды, тиімді қолдануға дағдыландыру, есептерді тиімді әдіс-тәсілдермен шығаруға бағыттай отырып ой өрісін дамыту.
|
Оқыту нәтижелері
|
Сабақ барысында көпмүшелерді қосу және азайту қасиеттерін ұтымды, тиімді қолдануға дағдыландыру, есептерді тиімді әдіс-тәсілдермен шығаруға бағыттай отырып ой өрісін дамуы
|
Көрнекіліктер
|
Үлестірме материалдар, компьютер, оқулық, бояу қарындаштар
|
Әдіс- тәсілдер
|
Блум таксаномиясына негізделген
|
I кезең:
|
«КӨПІР» тапсырмалары (оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)
|
Сұрақтарға жауап бер:
Бірмүше дегеніміз не?
Жауабы: Сандардан, айнымалылардан және олардың дәрежелерінен көбейту амалы арқылы құрастырылған өрнекті бірмүше деп атайды.
Бірмүшенің коэффициенті деген не?
Жауабы: Бірмүшенің сан көбейткіші оның коэффициенті деп аталады.
Бірмүшенің дәрежесі деген не?
Жауабы: Бірмүше құрамындағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің қосындысы бірмүшенің дәрежесі деп аталады.
Көпмүше деген не?
Жауабы: Бірмүшелердің қосындысы көпмүше деп аталады.
Ұқсас мүшелер деп нені айтады?
Жауабы: Бірдей немесе коэффициенттері ғана өзгеше бірмүшелерді ұқсас мүшелер деп атайды.
Ұқсас мүшелерді біріктіру деп нені айтамыз?
Жауабы: Ұқсас мүшеледің алгебралық қосындысын оған теңбе-тең бірмүшемен алмастыруды ұқсас мүшелерді біріктіру деп атайды.
Көпмүше дәрежесі?
Жауабы: Көпмүшенің дәрежесі деп оның құрамындағы бірмүше дәрежелерінің ең үлкенін айтады.
|
II кезең: жаңа тақырып бойынша тапсырмалар
|
Теориясы: «БІЛУ» (Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)
|
Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыр .
Көпмүшені құрайтын бірмүшелердің әрқайсысын көпмүшенің мүшелері деп атайды.
Ұқсас мүшелердің алгебралық қосындысын оған теңбе-тең бірмүшемен алмастыруды ұқсас мүшелерді біріктіру деп атайды.
Сонымен, ұқсас мүшелерді біріктіру теңбе – тең түрлендіру болады.
Көпмүшені стандарт түрінде жазу үшін:
Көпмүше құрамындағы ұқсас мүшелерді біріктіру керек;
Көпмүшені дәрежесінің кему ретімен жазу керек.
Екімүшелер – бином деп те аталады.
|
Теориясы: «ТҮСІНУ» (Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?)
|
Себебін түсіндіріп жаз:
Көпмүшенің'>Көпмүшенің дәрежесі деп оның құрамындағы бірмүше дәрежелерінің ең үлкенін айтады.
2 а2х+5 ах2 -5 көпмүшесін – үшінші дәрежелі көпмүше,
ал 5х 4 – 3 у 4 +2х2у3- 3х3-4ух2+5ху+7у-9
көпмүшесінің дәрежесі 5 –ке тең, себебі оның құрамындағы 2х2у3 бірмүшесінің дәрежесі ең үлкені 2+3 =5
осы көпмүшені дәрежесінің кему ретімен жазайық:
2х2у3 + 5х 4 – 3 у 4 - 3х3-4ух2+5ху+7у-9
Мұндай көпмүшені стандарт түрдегі көпмүше дейді. Бұл көпмүшенің ұқсас мүшелері жоқ.
|
Теориясы: «ТАЛДАУ» (Салыстыр, Айырмашылығы неде? Ұқсатығы неде? Тақырыптың басты идеясын жаз, деген болу керек)
|
Венн диаграммасын толтыр:
Бірмүше Екімүше - БИНОМ Үшмүше
ах2 + вх+ с
3a2
х2- у2
Тақырыптың басты идеясын жаз:
Көпмүше – бірмүшелердің, екімүшелердің, үшмүшелердің қосындысынан тұратын алгебралық өрнек.
|
Теориясы «ЖИНАҚТАУ» (қорытынды шығар , анықтама бер, Мазмұнды жүйелі кесте, сызба, т. Б. түрінде)
|
Ұғымдарды жинақта:
Көпмүше
Екі бірмүшеден тұратын көпмүшені екімүше – бином деп атаймыз.
Сандардан, айнымалылардан және олардың дәрежелерінен көбейту амалы арқылы құрастырылған өрнекті бірмүше деп атайды аталады.
Үш бірмүшеден тұратын көпмүше үшмүше деп аталады
|
Практикасы: «ҚОЛДАНУ» (қарапайым тапсырмалар)
|
Жазылған өрнектерді пайдаланып кестені толтыр:
Көпмүше
|
Көпмүшенің
стандарт түрі
|
Көпмүшенің
коэффициенті
|
Көпмүшенің
дәрежесі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Практикасы : «БАҒА БЕРУ» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің)
|
СЕН ҚАЛАЙ ОЙЛАЙСЫҢ?
Көпмүшенің ұқсас мүшелерін біріктіру үшін не істеуіміз керек?
Ұқсас мүшелерді біріктірген соң көпмүше қандай түрге келеді?
Сұраққа жауап бер:
Көпмүше деген не?
Жауабы: Бірмүшелердің қосындысы көпмүше деп аталады.
Ұқсас мүшелер деп нені айтады?
Жауабы: Бірдей немесе коэффициенттері ғана өзгеше бірмүшелерді ұқсас мүшелер деп атайды.
Ұқсас мүшелерді біріктіру деп нені айтамыз?
Жауабы: Ұқсас мүшеледің алгебралық қосындысын оған теңбе-тең бірмүшемен алмастыруды ұқсас мүшелерді біріктіру деп атайды.
Көпмүше дәрежесі?
Жауабы: Көпмүшенің дәрежесі деп оның құрамындағы бірмүше дәрежелерінің ең үлкенін айтады.
|
III кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау
|
I деңгей (5 балл) «Тас қақпа»
|
Теориясы: «БІЛУ» (Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)
|
Сұрақтарға жауап бер:
9а4 + 2а3 - а18 - көпмүше неге?
Себебі: бірнеше бірмүшелер қосындысынан тұрады.
Өрнектер тең, неге? (а2 а3)3 =а15
Себебі: өрнекті ықшамдау арқылы теңдікті тексереміз.
|
Практикасы «ҚОЛДАНУ» (қарапайым тапсырма)
|
Оқулық :№ 105. Ұқсас мүшелерді біріктіріңдер.
3 х2 -4х + 1 – х2 +3х – 7
3) 5+ 10 х – 6х2 – 3х2 + 10х - 4
|
II деңгей (5 балл + 4 балл= 9 балл) «Күміс қақпа»
|
Теориясы: «ТАЛДАУ» 1. Салыстыр.2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсатығы неде? 4. тақырыптың басты идеясын жаз, деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
|
Бірмүше мен көпмүше ұғымдарының арасында қандай байланыс бар?
Көпмүшенің дәреже көрсеткіші қалай анықталады?
Жақша ашу ережелерін еске түсірейік.
|
Тақырыптың басты идеясын жаз:
Табаққа тәтті тоқаштарды орналастырайық. Бірінші қабатқа 9 тоқаш, екінші қабатқа 4 тоқаш, үшінші қабатқа 1 тоқаш орналасса, тоқаштардың орналасу заңдылығын көпмүше түріндегі формуласы қалай жазылады?
9+4+1= 14 тоқаш
Жауабы:
|
Практикасы: «ҚОЛДАНУ» (2- кезең қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы
нұсқалары орындалады)
|
Өзіндік жұмыстар. (Жұптық тексеру)
|
III деңгей; (5 балл+ 4 балл+ 3 балл= 12 балл) «Алтын қақпа»
|
Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ» (қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартарында болу керек.)
|
1. Қай өрнек көпмүшеге жатады?
1) х(5х + у3);
|
2) 5ху3;
|
3) 5 + х + у3
|
А. 3. Б. 2.
|
В. 1ж/е З.
|
|
2.
1) 4 + Зу - у2;
|
2) (х + у):(х - у);
|
3) 7 - х.
|
А. 2 мен 3.
|
Б. 1 мен 3.
|
В. 1, 3 және 4.
|
3. Өрнекті стандартты көпмүше түріне келтір
6 а а а а 1,5 + 0,4 а3 5 - а6 а3
6а4+5а3. Б. - а9 + 9а4 + 20а3. B.- а9 + 9а4 + 2а3.
|
Практикасы: «БАҒА БЕРУ» (сен қалай ойласың? Не істер едің? )
|
Сұраққа жауап бере отырып түсіндір:
Сен қалай ойлайсың ? Алгебра пәні бізге керек бе?
Жауабы:
Менің ойымша -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
|