Тақырыбы: «Ертегілер әлемінде»
Мақсаты: Ертегі сабақ арқылы балалардың алған білімдерін тереңдетіп, тиянақтау.
БМ: Логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін ойын қорытып айта білуін, яғни жүйелі сөйлеу қабілеттерін дамыту.
ДМ: Сөздік қорын молайтып, тілін дамыту, әңгімені тындап, өз бетінше бейнелей алу қабілеттерін дамыту.
ТМ: Ұжымдық бірлесіп жұмыс жасай білуге, тапқырлыққа жылдамдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, көрнекі жасалған тапсырмалар.
Мотивациялық кезең:
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болады, себебі бүгін біз ертегі сабақ бойынша тапсырмалар орындаймыз. Сабақ бастамас бұрын бүгінгі көңіл-күйіміз жақсы болу үшін, бір-бірімізге сәттілік тілеп, жақсы тілектер айтайық.
Балалар қимыл-қозғалыс жасай отырып, бірге айтады.
Жылулық шеңбер:
Әлемде тыныштық болсын,
Деніміз сау болсын.
Күніміз жарық болсын,
Анамыз қасымызда болсын.
Туымыз биік болсын,
Арайлап таң атсын
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, қонақтар!
Ұйымдастырушылық, оқытушылық, ізденушілік:
Балалар, біз көркем әдебиет сабағынан қандай ертегілер оқып едік?
Енді біз бауырсақ ертегісін еске түсірейік. Тек бұл жолы сендердің бауырсаққа көмектерін қажет. Бүгін біз бауырсаққа көмектесіп, оны түлкіден аман алып қалайық. Ол үшін бізге қоян, қасқыр, аю, түлкі бауырсаққа тапсырма береді, тапсырманы орындасандар ғана бауырсақ сол аңдардан құтылатын болады.
Балалар бауырсаққа көмектескілерін келе ме? Ал ендеше бәріміз бауырсаққа берген тапсырманы орындауға тырысайық.
Ертегінің мазмұнын айтқызу. (қоянға кездескенге дейін). Бауырсақ домалап шығатын кезінде, бауырсақтың киімін киіп бір бала шығады.әңгімені таласа тындайды.
Ол әндетіп келе жатқан қояннын киімін киген оқушыға жолығады. Қоян бауырсақты жеп қоятынын айтады, ал бауырсақ «Жемеші» деп жалынады. Сонда қоян: Мына тапсырманы орындасаң жіберемін-дейді.
Қоянның тапсырмасы:
Пішіндерді ата. Біркелкі пішіндерді сана.
(Қоянның тапсырмасын орындап, бауырсақ әрі қарай жүре береді.)
Балалар бауырсақ қоянның берген тапсырмасын қателеспей орындады, сендерде тапсырны жаңылмай орындадындар, бауырсақ аман қалды.
Балалар , ертегі бойынша келесі бауырсаққа кездесетін не еді?
Қасқыр.
Қасқырдың тапсырмасы. 5+1=6
Бұл тапсырма оқушылр дәптерге сурет бойынша есеп құрстырып жазады.
Аюдың тапсырмасы:
Мысық қай суретте доптан алыс, машинаға жақын тұрғанын көрсет.
Түлкінің тапсырмасы:
Топтық тапсырма. Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр.
Балалар сендердің көмектерінің арқысында түлкі бауырсақты жей алмады. Себебі, түлкінің тапсырмасын бауырсақ пен бірге дұрыс орындап шықтық.
Сергіту сәті.
Қорытынды: Біз не білдік? Балалар егерде сендер ұйымшыл, қайырымды болсандар әрқашан жеңіске, жетістікке жетесіндер. Сендер бүгін ертегіні өз қалауларың бойынша аяқтап отырсыңдар. Бәрің бауырсақтың қу түлкіге жем болмай аман қалуын тіледіңдер, әрі өздерің көмектестіңдер, сөйтіп бауырсақты түлкіден құтқарып қалдындар.
ШҚО Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы
КМҚК «Шуақты Шұғыла» балабақшасы
Тәрбиеші Жусанбаева Дидар Жумагазыевна
Сабақтар тізімі:
«Ертегілер әлемінде» ашық оқу іс-әрекеті
«Қазақ оюы» ашық сабақ оқу іс-әрекеті
«Табиғатты аяла» ашық сабақ оқу іс-әрекеті
Мекен –жайы:
ШҚО Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы
Көшесі: Пушкина 76\3
Байланыс телефондар: +7(72348 2-10-53) Сот:+77773649187
Достарыңызбен бөлісу: |