Сабақ атауы 1 Д. И. Менделеев жасаған химикалық элементтердің периодтық жүйесінің құрылысы Сілтеме



бет24/36
Дата11.12.2021
өлшемі267,42 Kb.
#99546
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
Байланысты:
0003993c-cf33a296

ІҮ аялдама «Гүлдер»

Кесте толтыру

Иондық қосылыстар

Полюссіз

Ковалентті

Полюсті

ковалентті

1

1

1

2

2

2

3

3

3


Жоғарыда берілген кестенің сәйкес бағанына мына заттарды толтырыңыз

NaI , ZnF2 , N2 ,H2SO4, PH3, O2, HNO3 ,H2S , I2 , KNO3, Br2 ,

10- сынып оқулығы, бағалау парағы,

интерактивті тақтадан

слайдтар



Оқулықпен жұмыс.

Жұпта және топта талқылау.

Түртіп алу әдісі бойынша саралап оқиды.


« Қолдану»

5-10 минут



(оқулық бойынша)жеңіл есептер мәтінді қалай түсініп, білгенін бақылау

Оқулық, жұмыс дәптері

Бүгінгі сабақта білгенін пайдалана отырып, тапсырманы орындайды

«Жинақтау»


  1. Электртерістік дегеніміз не?

А)атомның электрон беру қабілеті

Б)қосылыстағы атомнығ электронды өзіне тарту қабілеті.

С)атомның қосылыстағы белгілі валенттік көрсететін қасиеті.


  1. Элементтердің электртерістілігі период бойынша қалай өзгереді?

А)солдан оңға қарай өседі

Б)алдымен өседі,сосын кемейді

С)артады


  1. Элементтердің электртерістілігі топ бойынша қалай өзгереді?

А)артады

Б)алдымен өседі,сосын кемейді

С)кемейді
4.Иондық байланысы бар қосылыстардың қатарын көрсетіңіз

а)NaF CaF2 Na2SO4

б) N2 Na2S HF

с) K2SO4 O2


5.Полюссіз ковалентті байланысы бар қосылысты көрсетіңіз

а) Na2SO4 б) HF с) O2


6.Полюсті ковалентті байланысты қандай элемент атомдары түзеді?

А)электртерістігіайқын айырмашылық бар элемент атомдары

Б)электртерістігі бірдей

С)электртерістігінде айырмашылық аз.


7.Ковалентті полюссіз байланысы барқосылыстар қатарын көрсетіңіз

а)F2 O2 N2 C8 б) N2 Na2S HF С) NaF CaF2 Na2SO4


8)Ортақ электрон жұбы арқылы түзілген байланыс қалай аталады?

А)иондық б)коваленттік с)металдық


9.Оттек молекуласы түзілгенде неше ортақ электрон жұбы түзіледі?

А)1 б)2 с) 3




  1. Иондық байланыс қалай жасалады?

А)атом электронын электртерістілігі жоғары Атомға беруі

Б)ортақ электрон жұбының түзілуі

С)электрондардың жалпылануы
Жауаптары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Б

А

С

А

С

С

А

Б

2

А




Жұмыс дәптері

Кремний мен кремний диоксидін салыстырады

«Бағалау»

2 минут

Рефлексия


Рефлексия
Сабақта қандай материал туралы білдіңдер?

Сендерге ең пайдалысы не болды?

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?


Стикерлер



Бүгінгі сабаққа баға беру
Кері байланыс

Сабақтың жабдықтары

Мультимедиа,  интерактивтік тақта, флипчарт, маркер, қарындаш,электронды оқулық,үлестірмелі парақша

Ү аялдама «Үй жағалауы»

Үйге тапсырма







9-10 сабақтарда тест жұмысы мен бақылау жұмысын алуға болады.

11 сабақ






Химия

10 сыныбы



Сабақ тақырыбы:

§3.1.Коваленттік байланыс

§3.2. Коваленттік байланыс түзілуінің донорлы-акцепторлы механизмі



Сілтеме:

10 сынып оқулығы ( жаратылыстану- математикалық бағыт) ,

Жалпы мақсаттар:

  1. Білу, түсіну: Коваленттік байланыс, электрондық бұлттың бүркесуі, тығыз электрондық аймақ, энергия ұтымы ұғымдарын қалыптастырып, құбылыстарды оқып үйренудің негізін қамтамасыз ету.

Қолдану: Коваленттік байланыстың маңызды сипаттамасы байланыс ұзындығы мен байланыс энергиясының мәнін түсіндіру, жаттығулар орындау

Жинақтау: І-ІІІ период элементтерінің атомдарындағы электрондардың орналасуы туралы білімін бекіту. Атом құрылысының белгілі заңдылықтары негізінде химиялық ковалентті байланыстардың түзілу мәнін таныстыру, ковалентті байланысқан жай заттардың электрондық формуласын құру білігін қалыптастыру.



Күтілетін нәтижесі

Донорлы-акцепторлы байланыстың түзілуінің ерекшелігін түсінеді

Түйінді идеялар

Коваленттік байланыс донордың қос электрондық бұлты мен акцептордың бос орбиталі есебінен түзілуі мүмкін, ол кешенді қосылыстарға тән

Сабақтың әдісі

Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі

Сабақтың көрнекілігі

Периодтық кесте, интерактивті тақта, слайдтар, постерлер

Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқушылармен сәлемдесу , түгелдеу.

  • Оқушыларды топқа бөлу тәтті кәмпиттер арқылы

  • Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады

Өткен тақырыпты қайталау

Сыныптағы бірнеше оқушыға жазбаша сұрақтар беріледі (карточка түрлері).



  1. Электртерістілік дегеніміз не?

  2. Натрий мен фтор атомының құрылыс сызбанұсқасын сызып көрсет. Олардың химиялық автивтілгін қалай түсіндірсең?

  3. Металл, бейметалл, инертті элементар атомдарының құрылыс ерекшелігі неде?

  4. Аяқталған және аяқталмаған электрондық қабат нені білдіреді?

  5. Период және негізгі топша бойынша элементтердің қасиеттері қалай өзгереді? Осы өзгерістердің себебі неде?




Тақырыпты ашу(білу):

Химиялық байланыстар көрсетілген модельдерді оқушылардың алдына көрсету сол арқылы тақырыпты ашу


Жаңа сабақ

Мағынаны тану(түсіну):

Жаңа материалды оқыту. Ковалентті байланыстың екі түрлі үлгісін ұсынамыз



Байланыс түзуші бөлшектер

Әр түрлі химиялық байланыстың түзілуі

Байланыс қалай түзіледі

Химиялық байланыс түрлері

Әр түрлі химиялық байланыстағы заттар

Бейметалл атомда рының бір түрі
Бейметалдардың әр түрлі атомдары
Металдармен бейме- талдар атомда ры

Н·+·Н→Н:Н

:СІ·+·СІ:→:СІ:СІ:


Н·+СІ:→Н:СІ:

Nа·+·СІ:→Nа+(:СІ:)-




Электрондардың жұптасуы арқылы
Электрондардың жұптасуы арқылы
Металл атомдарынан бейметалл атомына электронның ауысуы және түзілген иондары -ның лектростатикалық тартылуы арқылы

Ковалентті полюссіз
Ковалентті полюсті
Ионды

Н2, СІ2, О2, Вr2, F2, N2

НСІ, НВr, НY, Н2S, т.б.

NaCI, NаF, К2S, Li2О, NаВr т.б.



Кестені толтыру барысында оқушы төмендегі жағдайға ерекше көңіл аударуы керек: химиялық әрекеттесу кезінде электрон атомдары дара электрондық жұптасу есебінен электрондық сыртқы қабатын аяқтап, тұрақты электрондық құрылысқа көшеді. Яғни атомдар 8 н/е 2 электроннан тұратын тұрақты конфигурация түзуге тырысады. Жалпы электрон жұптарының саны атомдардың сыртқы энергитекалық деңгейшедегі дара электрон сонымен анықталады. Галогенсутектері (НСІ, НВr) молекуласындағы ковалентті полюсті байланыстың түзілуі электрондық тығыздықтың ығысуымен түсіндіріледі.

Одан әрі электрондық формула құрудың алгоритімімен таныстыру.



  • Сәйкес келетін атомдардың химиялық таңбасын тізіп жазу.

  • Элементтің периодтық жүйедегі орнын (қай топқа) табу.

  • Берілген элементтің орналасқан тобына сәйкес валенттік электрондардың санын белгілеу.

  • Нүктелер арқылы элемент атомдарындағы дара электрондардың жалпы санын белгілеп, электрондық қабатын аяқталуына неше электрон жетпейтінін анықтау.

  • Әр атомның химиялық таңбасының айналасына нүктелеріне қалған электрондарды белгілеу.

Н2, СІ2, О2, N2 элементтерінің электрондық формуласын жазып болған соң, осы формуладағы нүктелермен көрсетілген элетрон жұптарын сызықшамен ауыстырса құрылымдық формула алынатынын түсіндіру. Тақтаға және дәптерге төмендегіше жазылады:

Электрондық формула: Құрылымдық формула:

Н:Н :СІ:СІ: :О:О: :N:N: Н:СІ: Н-Н, СІ-СІ, О=О, N-N, Н-СІ

Ковалентті полюсті байланысты малекуланың құрылымдық формуласында электрон тығыздығының бір атомынан өткінші атомға ығысуын бағдаршамен көрсетеді. Электрон тығыздығын өзіне тартатын электрон элемент атомы ішінара теріс зарядталады. Ал өзінен ығыстыратын элемент атомы ішінара оң зарядталады. Мысалы: Н+→СІ-





Жеке жұмыс

(сабақты бекіту):


Оқушылар білімін тексеру үшін төмендегідей тапсырма беріледі:

1. О2 мен НF молекулаларының электрондық формуласын салыстырыңдар. Ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

2. Вr2, Н2S, NН3 малекуласының электрон тығыздығы ығысуы мен ішінара зарядталуын көрсетіп, электрон дық және құрылымдық формуласын жаз.

3. Н2О, СО2, N2, NН3, О2, Н2S, НF, F2, СІ2 заттары берілген. Көрсетілген заттардың қайсысы ковалентті полюсті, қайсысы ковалентті полюссіз байланысқан.





Кейінгі тапсырмалар

Белсенді оқушыларға тағы да жеке тапсырмалар беруге болады

Бағалау

Формативті бағалауды жинап, суммативті бағалау жүргізуге болады

Кері байланыс

Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы

Үйге тапсырма



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет