Білімділік міндеттері:
- нақты қорытындылауға, жүйелеуге әкелетін әдіс-тәсілдерді меңгеруге жағдай туғызу;
- оқушыларды өтілген материалдарды қайталап, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;
- түсініктер мен ереже, заңдарды философиялық тұрғыдан түсінуге, талдауға көмек жасау;
- оқушыларды оқу материалдарын өз түсініктерімен қабылдауын қамтамасыз ету;
Мұғалімнің түсіндіруі:
І. Ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіретін валенттік теория:
- спиндерді антипараллель атомдар жақындасқанда ядролар арасындағы кеңістікте электрон бұлтының тығыздығы артады, яғни электрон бұлттары өзара бүркеседі, бүркесу нәтижесінде тығыз электрон аймағы пайда болады, оң зарядты ядролар осы теріс зарядты аймаққа тартылып, тұрақты жүйе - молекула түзіледі, сонымен кванттық механикаға негізделген есептеулердің нәтижесінде коваленттік байланыстың табиғаты түсіндіріледі. Коваленттік байланыс - атомдардың спиндері антипараллель электрон бұлттарының бүркесуі нәтижесінде түзіледі.
Ковалентті байланыстың бағытталуы:
- ковалентті байланыс түзетін электрон бұлттарының белгілі бір бағыты болады, осыны ВБ теориясы қалай түсіндіреді?
- ВБ теориясы химиялық байланыс атомдардың жалқы электронды орбитальдарының(бұлттарының) бүркесуі нәтижесінде түзіледі деп қарастырады. Сондықтан байланыс түзуге жұмсалатын орбиталь пішіні қандай болса, сол пішінге сәйкес бүркеседі.
Н2Э молекулаларындағы валенттік бұрыш пен сутек атомдарындағы артық зарядтардың мәндері:
Молекула
|
Н2О
|
Н2S
|
H2Se
|
H2Te
|
Валенттік бұрыш
|
104,50
|
920
|
910
|
900
|
Артық заряд шамасы, d
|
+0,34
|
+0,13
|
+0,09
|
+0,03
|
Молекула пішіні
|
бұрышты
|
бұрышты
|
бұрышты
|
бұрышты
|
- ковалентті байланыстың бағытталуы орталық атомның валенттік орбитальдарының гибридтенуіне және олардың кеңістікте орналасуына тәуелді;
Ковалентті байланыстың полюстігі:
- байланыстырушы электрон бұлтының молекуладағы орналасу ретінің байланысқа әсері:полюсті және полюссіз коваленттік байланыстар;
- полюсті байланыстардың берік болуы;
Ковалентті байланыстың қанығуы:
- химиялық байланыстың ерекшелігі-қанығуы, атом өзінің валентті электрондарын (орбитальдарын) толық пайдалануға тырысуы; осыған сай заттың белгілі құрамының болуы(Н2, Н2О, НСІ, СН4 );
ІІ. Коваленттік байланысты түсіндіретін МО әдісі:
- молекулалардың магниттік қасиеттерін түсіндіреді(диамагнитті, парамагнитті);
- молекула - біртұтас жүйе, ондағы күллі электрондар сол молекулаға ортақ;
- молекуладағы электрон молекула құрамындағы барлық ядролар өрісінде болады;
- молекуладағы әр электронға МО сәйкес келеді;
- МО-ға электрондардың орналасуы орбитальдар энергияларының өсу реті бойынша Паули принципі мен Гунд ережесіне сәйкес өтеді;
|