Мақсаты: оқушыларға коваленттік байланыстың негізгі қасиеттерін кванттық механика заңдары тұрғысынан түсіндіру
Міндеттері:
Білу, түсіну: ковалентті байланыстың қасиеттері - қанығуы, полюстенуі, бағытталуы сияқты қасиеттерінің молекулаға әсерін түсіндіре білулері керек.
Жинақтау: коваленттік байланыстың кванттық механика тұрғысынан қарастыратын екі теорияны - валенттік байланыс пен молекулалық орбитальдар - түсіндіре білулері қажет.
Тәрбиелік: ғылыми теорияларды химиялық тілде түсіндіре білулеріне көңіл аудару, талдау, қорытынды жасау сияқты білім-білік дағдыларын одан әрі дамыта отырып, білімге деген сүйіспеншілікті арттыру.