Сабақ тақырыбы:
|
Сан есептерін шығару
|
Сілтеме:
|
10 сынып оқулығы
|
Жалпы мақсаттар:
|
Білу, түсіну: Оқушылардың химиялық байланыс туралы білім алуына жағдай туғызу;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеті мен дүниетанымдарын кеңейту;
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істей білуге тәрбиелеу;
|
Күтілетін нәтижесі
|
Тапсырмалар орындай алады
|
Түйінді идеялар
|
Қосылыстардың қасиеттері байланыстың типіне ғана емес, олар түзетін кристалдық торға да тәуелді
|
Сабақтың әдісі
|
Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар
|
Сабақтың көрнекілігі
|
Периодтық кесте.Плакаттар
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Сабаққа психологиялық дайындық
Үй тапсырмасын тексеру
|
Өткен тақырыпты қайталау
|
Топшама № 1
А) Ковалентті байланыс дегеніміз не?
Ә) Химиялық байланыс түрлері мен бейорганикалық қосылыстардың кластарына ажыратыңдар: HF, H2, Br2O7, SiO2, F2, HNO3
Топшама № 2
А) Ковалентті полюссіз байланыс дегеніміз не?
Ә) Химиялық байланыс түрлері мен бейорганикалық қосылыстардың кластарына ажыратыңдар: H2SO4, O2, CI2O7, SO2, B2O7, CI2
Ой қозғау: «Жедел жауап»
Сутегіндегі протон саны
Периодтық жүйедегі элементтер саны
Периодтық жүйені ұсынған
Бейорганикалық қосылыстардың класс саны
Электртерістілік деп
Оттегіндегі нейтрон саны
|
Жаңа сабақ
Мағынаны тану(түсіну):
|
Иондық байланыс деп – иондар арасындағы байланысты айтады. Металл мен бейметалл арасында түзіледі.
Ион – бұл электрон беру немесе алу нәтижесінде түзілетін зарядталған бөлшек.
Мысалы: Ас тұзы NаСІ қарастырайық:
Электрондарын беретін бөлшек оң ионға айналады (катион).
Электрондарын беретін бөлшек теріс ионға (анион) айналады.
1916 жылы неміс ғалымы Коссель ұсынды. Өзінің сыртқы валенттік электрондарына сай электрон бұлтын берген атомдар оң зарядты катиондарға, ал осы электрондарға сай бұлтты қосып алған атомдар терісзарядты анионындарға айналады.Түзілген иондар біріне-бірі Кулон заңы бойынша тартылысып.иондық байланыс түзіледі
Na0 + F 0 → Na + F-
Na0 + Cl02 → Na+ + Cl -
K 0 + Cl20 → K +Cl-
Сыныппен жұмыс:
№ 1
Химиялық пирамиданың шыңына шығу жолы – қосылыстардағы ионды химиялық байланыс. Осы заттардағы байланыстың түзілу сызбасын сызыңдар.
№ 2
Барлығы ионды байланыспен түзілген заттардан тұратын тік, көлденең немесе қиғаш жолақты табыңдар. Осы заттардағы ионды байланыстың түзілу жолын сызыңдар.
|
Жеке жұмыс
(сабақты бекіту):
|
Өздік жұмыс
Химиялық байланыс түрлері мен бейорганикалық қосылыстардың кластарына ажыратыңдар:
NO, HF,O2, CO2, CI2, FeCI3, NaCI, KBr, CaO, C3N, AlCI3, NH3, CaF3, H2, CH4
Электртерістілік - бұл …….
Ковалентті полюсті байланыс – бұл …..
Ковалентті полюссіз байланыс – бұл …..
Электртерістілігі ең жоғары элемент - …….
Ковалентті байланысы бар заттардың кристалдық торы қандай болады?
Мына заттардан ковалентті полюсті байланысты заттарды теріп жазыңдар:
HCl, O2, H2S, SO2, OF2, Br2, H2, PCl3, CH4
|
Кейінгі тапсырмалар
|
Венн диаграммасы: Иондық және ковалентті байланыс
Белсенді оқушыларға тағы да жеке тапсырмалар беруге болады
|
Бағалау
|
- сабаққа қатысқан оқушылар мен жалпы сыныптың жұмысына баға беру;
- оқушылар білімін бағалау мен баға қою.
|
Үйге тапсырма
|
-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты, мазмұны мен орындалу жолының түсінікті болуын қамтамасыз ету;
1. Үйге: §3.4, №7,9
2. Күнделікке жазуларын қадағалау
|
|
|
№14 сабақ
|
Химия
|
10 сыныбы
|
Сабақ тақырыбы:
|
| Достарыңызбен бөлісу: |