Тұжырым: Дыбыссыз фильмді көрген соң өз сөздерімен айтып әңгімелеу арқылы таным көкжиектері кеңейеді.
Ықтимал жауап: Құрмаш Қасен ағасынан бөлтіріктерді өлтірмеуін жылап сұрайды.
Ықтимал жауап: Құрмаш күшіктерден қорқып жылайды.
ҚБ білім алушыларды ынталандыру мақсатында Мадақтау сөздер:
Айдын сенің жауабың дұрыс, жарайсың! Мен сені болашақта кино әлемінен танымал режиссер ретінде көріп тұрмын!
Дархан, сен әлі де болса «Ауыл арасындағы бөлтірік» киносын көріп, Көксерек әңгімесін оқысаң дұрыс болар еді.
Топқа бөлу алгоритмі:
Бала, қасқыр, табиғат суреттерін үлестіру арқылы бөлу.
Топтың ережесін бекіту.
Топ мүшелерінің рөлін анықтау.
Құрмаш, Көксерек, Табиғат топтарына оқушыларды топтастыру.
Топтың танымдық, әлеуметтік, эмоционалдық мақсаттарын көздеу.
Тақырыпты жариялау алгоритмі:
Ретсіз жазылған сөздер мен сөз тіркестерін оқушыларға үлестіру.
Қасқыр үнін тыңдату.
Көз алдарына елестету.
Ауызша бейнелеу.
Қою қараңғылық, көбелек қуған балалар, елсіз адыр дала, түн, отқа кәуап пісіріп жатыр, от жағып, сегіз өрім қамшысына сүйеніп, сақ отырған жылқышы, тау жақтан ұлыған қасқырларды елестетіп көрейікші.
Ықтимал жауап: Қою қараңғылықта ұлыған қасқыр бұл-Көксерек!
Ықтимал жауап: Көксерек жайлы.
ҚБ білім алушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау сөздер:
Иә, Камила сенің жауабың ұтымды болды.
Сонымен балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы М.Әуезовтің әңгімесі - «Түз тағысы».
Балалар, бүгінгі сабақты қалай өткенімді қалар едіңіздер? Сіздердің үйренгендеріңіздің дәлелі қандай болады деп ойлайсыздар?
Достарыңызбен бөлісу: |