минут
минут
минут
минут
минут
минут
(Т) Дереккөздермен жұмыс. Түрлі жағдаяттағы тілдік нормаларды сақтап сөйлеу.
Тапсырма топтық жұмыс түрінде орындалады. Ал сен « Өз қалаңа қандай ғимарат салар едің?» сұрағы бойынша өз ойларын айтып, əңгімелейді. Топта талқылаулар жасайды. Жасаған ой тұжырымдарынан постер жасайды.
Топтық жұмыс тапсырмасы бойынша өздері қалаған ғимараттың суретін салады. Ол үшін сынып бұрышындағы материалдардың көмегімен сурет салады.
Мұғалім оқушыларға топтық жұмысты орындау жəне оны қорғаудың мақсаты мен қойылатын талаптарын белгілейді жəне қағазға түсіріп, сынып қабырғасына іліп қояды.
Үлгі:
тапсырманы орындау барысында тақырыптан ауытқымау;
сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау.
(Ө; Ұ) Жұмыстарын топта жариялау.
Топтық жұмысты орындау жəне оны қорғаудың мақсаты мен қойылатын талаптарына сүйеніп, жұмыстарын
«Автор орындығы» стратегиясы бойынша топта жариялайды.
(Ө; Ұ; Қ) Бір-бірінің жұмысын бағалау. Екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы рефлексия жасау.
«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір -бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-əрекеттеріне кері байланыс жасайды.
Ой сергек!
(Ө; Ұ) Ойын шартымен танысу. Бес түсті затты ретімен тез айтып шығу.
«Кемпірқосақ» ойыны. Бір минут ішінде түстері əртүрлі бес түсті затты ретімен тез айтып шығуға тапсырма береді. Мысалы: көйлек ( қызыл), алмұрт (сары), жейде (көк), жапырақ (жасыл), топырақ (қоңыр).
Кімде-кім түске сəйкес заттың атын таппай қалса, ойыннан шығады.
3.4.2.7 (МК; Ө; Ж; Қ ) Мақалды оқу. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызып көрсету.
33-жаттығу. Көңіл қойып оқып,
екі
жолдан тұратын мақалды табады. Сол мақалды көшіріп жазады. Сөйлем мүшелерінің астын тиісті сызықтармен сызады. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызып көрсетеді. Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді. Орындалған жұмысты өзара бағалайды.
3.1.3.1 (МК; Ө; Қ) Тапсырманы түсініп орындау. Тілдік нормаларды дұрыс қолдану.
34-жаттығу. Суреттегі зат атауларының алғашқы
əріптерінен сөз құрап оқиды (
пирамида). Шыққан сөз туралы не білетіндерін əңгімелеп айтады.
Флипчарттар Маркерлер Сынып бұрышы Қарындаштар
Оқулық
№3 дəптермен жұмыс
Оқулық
1.
Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сəт.
Осы сабақтан келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей сыныптағы жəне жеке оқушылар жайлы не білдім?