...ыз, ...арға, ...алам, ...арбыз, ...аз.
3-тапсырма. Сөйлеп үйрен.
Кітап. Қоян.
Сен кітап оқы. Ақ қоян.
Дима, сен кітап оқы. Мынау үш қоян.
.
3. Бекіту кезеңі: - Оқушылар,бүгін қандай дыбыспен таныстық?
«Қ» - қандай дыбыс?
«Қ» әрпіне байланысты сөздерді айтыңдаршы?
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалайық.
4. Қорытынды кезеңі: оқушылар, «Қ» әрпіне мысал келтіріңдерші.
«Қ»әрпі қандай дыбыс?
- Біз тағы қандай әріптер өттік?
Сабақ жоспары.
Күні:
Сынып: 1
Мұғалімі: Баймаганбетова.Р.Б.
Тақырыбы: «Ң» дыбысы.
Мақсаты: 1. Оқушыларға, жаңа «Ң» дыбысының айтылуын қайталау, ңәрпіне байланысты сөздерді оқыту, сурет аттарын айтқызу,сергіту сәтін үйрету;
2. Суретпен сөйлету арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, сөздерді қайталату арқылы тілдерін дамыту;
3. табиғатты аялап,қорғай білуге, үлкенге құрмет көрсетуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу;
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, баяндау, қайталау, сөздік, суретпен жұмыс, аударма, сұрақ-жауап т.б.
Көрнекіліктер: «Ң» әрпінің таңбасы, суреттер, ереже, түстердің суреттері,
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіздер ме,оқушылар!
Оқушыларды түгендеу;
Кітап,дәптерлерің бар ма?
Тіл дамыту сұрақтарын қою:
Қазір қандай сабақ?
Қазақ тілі неше рет болады?
Бүгін аптаның қай күні?
Қандай ай?
Өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтары:
Қ әрпі қандай дыбыс?
«Қ» әрпіне байланысты сөздерді айтыңдаршы?
Тағы қандай әріптерді өттік?
2. Жаңа сабақ: - Оқушылар, бүгін біз жаңа «Ң»дыбысымен таныс боламыз 51 бетті ашыңдар.
Мұғалім сөзі: Оқушылар, «Ң» дыбысы дауыссыз,ұяңдыбыс.мысалы: Аң, жең, таң, шаң.
Мақсатымыз: «Ң» дыбысын қайталап айту, сөздерді қайталау,сөйлеп үйрену.
«Ң» дыбысымен таныспас бұрын жаңа сөзді қайталап оқып өтейік.
1-тапсырма. Жаңа дыбыспен таныс, тыңда.
Ң шаң, шаңғы, Еңлік.
аң саңырауқұлақ,
2- тапсырма. Өлеңді тыңда, қайтала.
Қоңырау.
«Дың-дың» - қоңыраумын.
«Дың-дың» - соғыламын.
«Дың-дың» - қағыламын.
Мектептен табыламын.
3- тапсырма. Түсіп қалған әріпті тауып оқы, сөз тіркесін жаз.
Ң
А... ша...ғы
Ша... са...ырауқұлақ
4-тапсырма Санап үйрен.
5-тапсырма Сергітуді жаттап ал.
Қане, балалар, тұрамыз,
Үлкен шеңбер құрамыз.
Орнымыздан тұрамыз.
Құс болып қанат қағамыз,
Қайта отырып, орнымызды табамыз.
3. Бекіту кезеңі: - Оқушылар,бүгін қандай дыбыспен таныстық?
«Ң» - қандай дыбыс?
«Ң» әрпіне байланысты сөздерді айтыңдаршы?
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалайық.
4. Қорытынды кезеңі: оқушылар, «Ң» әрпіне мысал келтіріңдерші.
«Ң»әрпі қандай дыбыс?
- Біз тағы қандай әріптер өттік?
Сабақ жоспары.
Күні:
Сынып: 1
Мұғалімі: Баймаганбетова.Р.Б.
Тақырыбы: «Һ» дыбысы.
Мақсаты: 1. Оқушыларға, жаңа «Һ» дыбысының айтылуын қайталау, ңәрпіне байланысты сөздерді оқыту, сурет аттарын айтқызу,сергіту сәтін үйрету;
2. Суретпен сөйлету арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, сөздерді қайталату арқылы тілдерін дамыту;
3. табиғатты аялап,қорғай білуге, үлкенге құрмет көрсетуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу;
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, баяндау, қайталау, сөздік, суретпен жұмыс, аударма, сұрақ-жауап т.б.
Көрнекіліктер: «Һ» әрпінің таңбасы, суреттер, ереже, түстердің суреттері,
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіздер ме,оқушылар!
Оқушыларды түгендеу;
Кітап,дәптерлерің бар ма?
Тіл дамыту сұрақтарын қою:
Қазір қандай сабақ?
Қазақ тілі неше рет болады?
Бүгін аптаның қай күні?
Қандай ай?
Өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтары:
Һ әрпі қандай дыбыс?
«Һ» әрпіне байланысты сөздерді айтыңдаршы?
Тағы қандай әріптерді өттік?
2. Жаңа сабақ: - Оқушылар, бүгін біз жаңа «Һ»дыбысымен таныс боламыз 53 бетті ашыңдар.
Мұғалім сөзі: Оқушылар, «Һ» дыбысы дауыссыз,ұяңдыбыс.мысалы: Гауһар, жиһаз, айдаһар.
Мақсатымыз: «Һ» дыбысын қайталап айту, сөздерді қайталау,сөйлеп үйрену.
«Һ» дыбысымен таныспас бұрын жаңа сөзді қайталап оқып өтейік.
1-тапсырма. Жаңа дыбыспен таныс, қайтала.
Һ Қаһарман, айдаһар, жиһаз, Гауһар.
2- тапсырма. Диалогті тыңда қайтала.
- Мынау кім?
- Бұл –ГауҺар.
- ГауҺар нешінші сыныпта оқиды?
- Гауһар бірінші сыныпта оқиды.
Бұл - Гауһар .
3- тапсырма. Түсіп қалған әріпті тауып оқы, сөз тіркесін жаз.
Һ
Айда...ар Қа...арман
Жи...аз Гау...ар
Сергіту сәті.
4-тапсырма Диалогті оқыту
5-тапсырма Алфавитті және қазақ тіліне тән дыбыстарды тап.
ЪЫІ Ь Э Ю Я
ШЩЧЦҺХФҮҰУТСРП
К Қ Л М Н Ң ОӨ
ЙИЗЖЕЕД Ғ
А Ә Б В
3. Бекіту кезеңі: - Оқушылар,бүгін қандай дыбыспен таныстық?
«Һ» - қандай дыбыс?
«Һ» әрпіне байланысты сөздерді айтыңдаршы?
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалайық.
4. Қорытынды кезеңі: оқушылар, «Һ» әрпіне мысал келтіріңдерші.
«Һ»әрпі қандай дыбыс?
- Біз тағы қандай әріптер өттік?
Сабақ жоспары.
Күні:
Сынып: 1
Мұғалімі: Баймаганбетова.Р.Б.
Тақырыбы: Хайуанаттар бағында.
Мақсаты: 1. Оқушыларға,хайуанаттар бағында тақырыбын түсіндіру, хайуанаттарға байланысты сөздерді оқыту, суреттердің аттарын айтқызу,сергіту сәтін үйрету;
2. Суретпен сөйлету арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, сөздерді қайталату арқылы тілдерін дамыту;
3. табиғатты аялап,қорғай білуге, үлкенге құрмет көрсетуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу;
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, баяндау, қайталау, сөздік, суретпен жұмыс, аударма, сұрақ-жауап т.б.
Көрнекіліктер: хайуанаттардың суреттері, ереже.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіздер ме,оқушылар!
Оқушыларды түгендеу;
Кітап,дәптерлерің бар ма?
Тіл дамыту сұрақтарын қою:
Қазір қандай сабақ?
Қазақ тілі неше рет болады?
Бүгін аптаның қай күні?
Қандай ай?
Өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтары:
Аңдар туралы не білесідер?
Аңдардың атауларын айтыңдаршы?
2. Жаңа сабақ: - Оқушылар, бүгін біз хай уанаттар бағымен танысамыз 149 бетті ашыңдар.
Мұғалім сөзі: Оқушылар, «Һ» дыбысы дауыссыз,ұяңдыбыс.мысалы: Гауһар, жиһаз, айдаһар.
Мақсатымыз: Хауанаттыр бағын айту, сөздерді қайталау,сөйлеп үйрену.
Хайуанаттар бағымен таныспас бұрын жаңа сөзді қайталап оқып өтейік.
Жаңа сөздермен таныс
Хайуанаттар бағы- зоопарк,
орман-лес,
қорқақ-трус.
1- тапсырма. Диалогті жодасыңмен оқы.
Арман сен қандай аңдарды білесің?
Аю, піл арыстан, жолбарыс, қасқыр, түлкі,қоян, кірпі.
Арман аю қайда болады?
Піл қандай?
Піл үлкен, күшті.
Қоян қандай?
Қоян кішкентай, қорқақ.
2- тапсырма. Жұмбақты мәнерлеп оқы,шеш.
Жұмбақ
Тәтті көрсе, бал салар,
Айнымайды баладан.
Үп-үлкен боп жасқанар,
Кіп-кішкентай арадан.
Сергіту сәті.
3-тапсырма Мәтінді түсініп оқы.
Біздің қалада үлкен хайуанаттар бағы бар. Хайуанаттар бағында біз автобуспен барамыз. Хайуанаттар бағында аңдар, құстар көп. Біз каникулда хайуанаттар бағына барамыз.
3. Бекіту кезеңі: - Оқушылар, біз бүгін хайуанаттар бағы туралы не үйреніп білдік ?
Хайуанаттар бағында қандай аңдар болады?
Сен хайуанаттар бағында болдың ба?
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалайық. Үй жұмысы 152 бет, 5 тапсырма.
4. Қорытынды кезеңі: оқушылар, Үй жануарлары мен хайуанаттардың айырмашылығын айтып бер. Хайуанаттар туралы тағы не білесіңдер.
Сабақ жоспары.
Күні:
Сынып: 1
Мұғалімі: Баймаганбетова.Р.Б.
Тақырыбы: Достық.
Мақсаты: 1. Оқушыларға достық тақырыбын түсіндіру,достарға байланысты сөздерді оқыту, суреттердің аттарын айтқызу,сергіту сәтін үйрету;
2. Суретпен сөйлету арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, сөздерді қайталату арқылы тілдерін дамыту;
3. табиғатты аялап,қорғай білуге, үлкенге құрмет көрсетуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу;
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, баяндау, қайталау, сөздік, суретпен жұмыс, аударма, сұрақ-жауап т.б.
Көрнекіліктер: Досты0 жайлы балалардың суреттері, ереже.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіздер ме,оқушылар!
Оқушыларды түгендеу;
Кітап,дәптерлерің бар ма?
Тіл дамыту сұрақтарын қою:
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
Бүгін аптаның қай күні?
Қандай ай?
Өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтары:
Хайуанаттар бағы туралы не білесідер?
Аңдардың атауларын айтыңдаршы?
2. Жаңа сабақ: - Оқушылар, бүгін біз достық жайлы әңгіме қозғаймыз154 бетті ашыңдар.
Мұғалім сөзі: Оқушылар достық дегеніміз ол адамның бір-бірімен айрылмастай адал болуы. Жүз теңген болғанша, жүз досың болсын деген мақал бар ғой, осы мақалды талдап көрейік.
Мақсатымыз: Достық туралы әңгіме қозғау , сөздерді қайталау,сөйлеп үйрену.
Достық туралы әңгімені қозғамас бұрын жаңа сөзді қайталап оқып өтейік.
Жаңа сөздермен таныс
Дос-друг
Достық-дружба
Ақылды-умный (-ая,-ое)
Әдемі – красивый (-ая,-ое)
тапсырма. Монолологты тыңда.
-Мынау – мен.
- Мен атым –Нұрлан.
-Менің досым бар.
- Аты-
2- тапсырма.
Сергіту сәті.
3-тапсырма Мәтінді түсініп оқы.
Мынау мен.
Менің атым Нұрлан.
Менің досым бар.
Аты Назерке. Ол бірінші сыныпта оқйды. Назерке ақылды қыз.
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалайық. Үй жұмысы 152 бет, 5 тапсырма.
4. Қорытынды кезеңі: оқушылар, Үй жануарлары мен хайуанаттардың айырмашылығын айтып бер. Хайуанаттар туралы тағы не білесіңдер.
Сынып: 1
Мұғалімі: Баймаганбетова Р.Б.
Тақырыбы: Ауылда.
Мақсаты: 1. Оқушыларға өткен материалды сұрақ-жауап әдісі арқылы қайталату, жаңа материалдарды түсіндіру,сұрақтарға жауап алу, сөйлем құрату,сөздікдерді қайталау, суретпен жұмыс орындату, орысшадан-қазақшаға аударту,сөзжұмбақты шештіру;
2. Оқушылардың сөйлеу тілін, көру, есту, ойлану қабілеттерін жан-жақты дамыту;
3. Табиғатты аялап қорғауға,қаланы таза ұстауға,достыққа, адамгершілікке, сыйластыққа,үлкенді сыйлай білуге,оқып білім алуға үйретіп тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдер: жаздыру,оқыту, әңгімелеу, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату,аударма, сұрақ-жауап, өзара сөйлестіру әдістері;
Көрнекі құралдар: әр түрлі қала суреттері ,Ауылдың суреті, сөзжұмбақ, карточкалар,сөздіктер т.б.
Сабақтың барысы:
I ұйымдастыру кезеңі: - Оқушылармен амандасу;
- Кезекші арқылы оқушыларды түгендеу;
- Сабаққа даярлықтарын байқау;
- Оқу құралдарын тексеру;
- Сұрақ – жауап әдісін жүргізу;
- Тіл дамыту сұрақтарын қою;
- Өткен материалдардан қайталау сұрақтарын қою;
II Үй тапсырмасын - Оқушылар үйге қандай тапсырма берілді?
тексеру: Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазу.
- Кім дайын? Кім дұрыс сөйлемді аударып жазып келді?
Оқушылардан үй тапсырмасын сұрайық.Үй тапсырмасын сұрап,дәптерлерін тексеріп шығып,
күнделіктеріне бағаларын қоямын.
III Жаңа сабақ: - Оқушылар барлығың бері қараңдар, дәптерлеріңді, ашып
тақтадағы күнді, айды бүгінгі жаңа тақырып атын жазыңдар.Тақырып «Ауылда» Мақсатымыз: Бір бір-бірімізге сұрақ қойып, сызба арқылы сөйлемді аяқтап сөйлеу,сурет бойынша сөйлеу, сұрақтарға жауап береміз,орысшадан қазақшаға сөздерді аударамыз.
Мұғалім сөзі: - Оқушылар,Ауыл сөзі туралы біраз әңгімелесейік. Ауыл деген не? Қалай түсінесіңдер? Қостанай облысындағы қандай ауылдарды білесіңдер . Мысалы: .........Ауыл деген қандай болады?
Кітаппен жұмыс: 1- тапсырма. Сурет бойынша диологті жолдасыңмен оқы.
Мынау не?
Бұл –ауыл.
Сен қайда тұрасың?
Мен ауылда тұрамын№
Ауыл қайда?
Ауыл қаланың қасында.
Ауыл қандай?
Ауыл кішкентай.
Ауылда не бар?
Ауылда мектеп, дүкен, мал фермасы бар..
Достарыңызбен бөлісу: |