1-кейс
«Еңбексүйгіш Сұлтан»
Мақсаты:
- бала Сұлтанның жағымды қасиеттерін ашу;
- оқушыларды еңбексүйгіштік пен адалдыққа тәрбиелеу;
- оқушылардың адами құндылық қасиеттерін дамыту.
Өткізу түрі: интерактивті әңгіме
Қажет құрал-жабдықтар мен әдебиеттер:
Зинькович Н.А. «Назарбаевтай болғым келеді! Президенттің балалық шағы туралы әңгімелер», Алматы: Алматы-кітап баспасы, 2018ж, 78-80 беттер
Нұр-Сұлтан қаласы туралы бейнеролик
https://youtu.be/TCHZsV3o9uw
Саман үйдің суреті
А4 парақтары, бояу қарындаш.
Сабақ барысы
І кезең (20 минут)
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Мұғалім «Сұлтан салған саман үй» әңгімесін оқып береді. (мәтіні Қосымшада)
Мәтіннің идеясы мен сюжетін талдау үшін әңгімеден үзінді ұсынады:
«Уақыт өте келе Сұлтанның досы тұратын жұпыны үй мүлде тозды. Жаңадан үй салу керек болды. Нұрсұлтан ол кезде жетінші сыныпта оқитын. Жасы он төртте еді. Сәдуақас досы қарындасымен сазбалшыққа сабан араластырып, кірпіш құйып, құрылысқа дайындала бастады. Олардың бұл ісін көрген Сұлтан мен оның ата-анасы:
Бізге неге айтпадыңдар?-деп реніш білдірді. Балалар өздерінің ұялғандырын айтты.
Оның несі ұят? – деп кейіді Әбіш. – Біз сендерге көмектесеміз деп уәде бергенбіз.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, барлығы бірігіп, жап-жаңа үй тұрғызды. Бұл үй Шамалғандағы Оқтябрь көшесінде әлі күнге дейін тұр. Үйдің 100 деген реттік саны есте оңай сақталады.
Ол үйді «Сұлтан салған саман үй» деп атайды.»
Сұрақтар
Сұлтанның ата-анасы қандай адамдар? Көршілерімен қарым-қатынасы қандай болды?
Осы әңгімеде Сұлтанның қандай қасиеті көрінеді?
Сұлтанның осы әрекетіне не себеп болды деп ойлайсыңдар?
Сұлтанның досына деген жанашырлық қасиетін қалай сипаттайсыңдар?
Көршілермен қарым-қатынас қандай болу керек деп ойлайсыңдар?
Сендердің өз достарыңмен қарым-қатынастарың қандай?
Сұлтан салған саман үйдің іргетасының мықтылығы неде деп ойлайсың?
Өз үйіңнің іргетасының мықты болуына қандай үлес қосып жатырсың?
ІІ кезең (15 минут)
Нұр-Сұлтан қаласы туралы бейнеролик
https://youtu.be/TCHZsV3o9uwтамашаланады.
Одан соң саман үйдің суретіне назар аударады. Оқушылар мұғалімнің «Нұр-Сұлтан қаласындағы сәулетті үйлер туралы не ойлайсыңдар?» деген сұрағына жауап береді. Елбасының саман үйден басталып Нұр-Сұлтандай сәулетті қалаға жеткізген еңбегі туралы әңгіме жалғасады.
Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыстар:
1 топ. Үйдің суретін салу
2 топ. Адамгершілік пен еңбексүйгіштікке байланысты мақал-мәтелдер, тақпақ айту.
ІІІ кезең Қорытынды (5 мин)
Мұғалімнің сұрағы: «Сұлтан салған саман үй» әңгімесі қалай әсер етті?
Қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |