Сабақ барысы Жаттығу: "Сәлем!" Мақсаты: топтың барлық қатысушыларын жұмысқа тарту, таныстыру



бет11/53
Дата08.02.2022
өлшемі2,05 Mb.
#117600
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53
Байланысты:
1 сынып бейімділік бағдардамасы

М.А. Панфилова «Мектеп ережесі»

Келесі күні біздің бірінші сынып оқушылары мектепке асықты. Олар өткен күнді еске түсіре отырып , мектеп баспалдағымен батыл жоғары көтерілді. Қоңырау соғылғанда, Кірпі барлық оқушылардың сабаққа дайын екендігін байқады. Барлық балалар өз үстелдерінің қасында тұрып, ұстаздарына езу тарта көңілді тұр еді.


- Сәлеметсіздер ме, мархабат, отырыңыздар! –деді Кірпі. –Бүгінгі сабағымызда біз мектеп ережелері туралы әңгімелесетін боламыз. Ережелер дегеніміз не, кім бізге айтады?
- Маған анам айтқан болатын, - деді Тиын баласы, - дұрыс тамақтанудың өзіндік ережесі бар. Мысалы біз тамақ ішіп жатқанда сөйлемеуіміз керек, әйтпесе ішіңе жел кіріп кетеді.
- Ал маған әкем айтқан, - деп әңгімені Бөлтірік жалғастырды, - бүкіл әлемде көп ережелер өмір сүреді. Дұрыс тамақтану ережесі, ойын ережелері, ормандағы, жолдағы, қонақтағы және тағы басқа жерлердегі тәртіп ережелері.
- "Ереже" –олай болса бәрін дұрыс істеу керек" –деп қорытындылады Қонжық.
- Өте жақсы! –деп мұғалім бәрін мақтады. – Ал осы ережелер бізге не үшін керек, ережелерсіз өмір сүруге бола ма?
- Мүмкін, болатын шығар, бірақ онда өз қателіктеріңнен үйренетін боларсың, - деп күлімдеді Бөлтірік. –Кешегі біз Тиын екеуіміз сияқты.
- Иә, жағымсыздықтар көп болады, -деп досымен келісті Тиын. –Ал мен жағымсыздықтарды онша ұнатпаймын.
- Жағымсыздықтарды ешкім де ұнатпайды, - деп құптады мұғалім. –Сол үшін де, яғни қалай жақсы өмір сүру керек, кімдермен дос болу керектігін білу үшін, ережелер пайда болған ғой.
- Сізде қалай әдемі өлең ұйқастары пайда болады? –деп таң қалды Көжек.
- Ал біз қазір бірге мектеп ережелері туралы өлеңдер құрастырамыз. Келісесіздер ме, балалар?
- Әрине, келісеміз! –деп бірауыздан жауап берді оқушылар.
- Мен ережелерді атаймын, ал сіздер одан өлеңдер құрастырасыздар. 
Бірінші ереже: Мектепте бәрі үлкендермен де, бір-бірімен де күле амандасады.
- Дайын! –деп қуанды Мыршай. –Мектепте «Сәлеметсіз бе?!» деп амандасады, Күлімдей қарап, жылы жүздерімен қарасады!
- Өте жақсы, Мыршай! 
Екінші ереже қиынырақ:
Қоңырауға дейін барлық сабаққа қажет құралдарды дайындап қою керек. Қоңырау соғылғанда, әр оқушы өз үстелінің қасында тұрып мұғалімді тосады.
- Мен құрастырып көрейінші? –деп өтінді Көжек.
- Қоңырауға дейін сыныпқа кір,
Құралдарыңды дайындап қой,
Қоңырау соғылғанда тізбекке тұр,
Мұғаліміңді тос берер саған білім мен ой!
- Жарайсың, Көжек! 
Үшінші ереже: Жаңалықты білу үшін және көп нәрсеге үйрену үшін, оқушылар мұғалімді ұқыпты тыңдап, айтқандарын бұлжытпай орындайды. Жолдасыңнан көмекті сирек немесе сыбырлап сұра, ал мұғалімнен бірдеңе сұрағың келсе тек қол көтеріп сұрайды.
- Бұл қиын екен! Білмеймін, менің құрастырғаным жарай ма екен?- деп күжілдеді Қонжық. 
Досыңды текке алаңдатпа,
Тыныштығын оның сақта.
Сабақ үстінде тыныштық,
Қолыңды көтер, айтарың болса бірақта.
- Өте жақсы, Қонжық! 
Төртінші ереже: Оқушы жауап беріп жатқанда, сыбырлап көмектесуге болмайды. Ол өзі дұрыс жауабын есіне түсірсін, өзі ойланып жауап беруге үйренсін.
- Бұл оп-оңай! –деп айғай салды Бөлтірік.
Сабақта жауап күтеміз,
Бірі білсе, бірі білмес. 
Жауап берер тек тегіс
Мұғалім атаған біреуіміз. 
- Тамаша! Сіздер нағыз ақындарша поэмалар ұйқастырасыздар ғой! Тағы көрейік пе?
Бесінші ереже, ол сіздерге бұрыннан таныс: қоңырау уақытында, жақсылап дем алу үшін және бір-біріңе кедергі жасамас үшін тыныш ойындар ойнаймыз. Сыныптағы үстелдер мен тақтаны келесі сабаққа дайындап қоюды да ұмытпаймыз.
- Енді менің кезегім! –деді Тиын.
Қоңырау міне соғылды,
Демалуға дайындал.
Одан кейін сабақ тағы бар,
Тыныш жүріп жақсы демал.
- Иә, өте тамаша! Сіздерге оқу оқып білім алу өте оңай әрі қызықты болады деп ойлаймын. Мынадай қиын тапсырмаларды тез орындап шықтыңдар ғой,- деп қуанды Кірпі. –Бұл бес ережені біз ешқашан ұмытпауымыз керек, бірақ бұдан да басқа ережелер бар, олармен кейінірек әлі де таныса жатармыз. Ал қазір бірінші үй тапсырмасы. Иә, мектепте оқу материалын жақсы түсіну үшін, мұғалімнің немесе ата-ананың көмегінсіз өз бетімен жұмыс істеу үшін үйге де тапсырма береді. Сонымен, тапсырма мынадай: үстел басында дұрыс отыру, жолдағы, қоғамдық көліктегі, қонақтағы және тағы басқа да орындардағы тәртіп ережелері туралы өлең шығарып келу. Сіздерге сәттілік тілеймін, балалар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет