3 сабақ.
Мақсаты: бірінші сынып оқушыларын мектеп өмірі ережелерімен таныстыру. Ынтымақтастық дағдыларын, бір-біріне деген сенімді қатынастарын, ұжымының ұйымшылдығын дамыту.
Сабақ барысы
"Рөлдік гимнастика".
Мақсаты: топтың одан әрі жұмыс істеу үшін қыздырып алу
Балалар ым мен ишараттар көмегімен түрлі жануарларды: қасқыр, қоян, түлкі, аю және т. б.кезек-кезек бейнелейді
Жаттығу: "Орман тұрғындары"
Мақсаты: орманды мекендеушілер туралы білімді жалпылау.
Жаттығулар барысы. Балаларға орманда қандай жануарлар өмір сүретіндігін еске түсіруі керек.
Психолог бірінші сынып оқушыларына мынадай ертегілер оқиды.
М. А. Панфилова "Орман мектебін" құру ертегісі
Ертеде бір кірпі болған екен. Ол кішкентай, дөңгелек, сұр түсті, үшкір мұрынды және қара түйме-көзді болған. Кірпінің арқасында нағыз өткір істіктер бар болатын. Бірақ ол өте мейірімді болатын. Кірпі мектепте өмір сүрді.
Иә, дана мұғалімдер көп балаларды оқытатын кәдімгі мектепте өмір сүрді.
Мұнда қалай келгенін, Кірпінің өзі де білмесе керек, оқушылардың бірі оны "тірі табиғат бұрышына" кішкентайынан әкелді ме, ал мүмкін, ол мектепте дүниеге келген шығар. Ес білгелі кірпінің есінде қалғаны, мектеп қоңырауының сыңғыры, оқушылардың мейірімді қолы, дәмді астары және сабақтар...
Кірпіге сабаққа барған өте қатты ұнады. Балалармен бірге Кірпі оқуды, жазуды, санауды және басқа да пәндердіоқып үйренді. Әрине, бұл адамдарға байқалмай өтіп жатты. Оларға Кірпі өмірге қуанып жүгіріп жүргендей көрінетін. Ал Кірпі армандап жүр еді...
Кірпі болса өскенде мұғалім болып, өзі мектептегі адамдардан үйренгендерінің бәрін ормандағы достарына үйретуді армандап жүрген болатын. Міне, Кірпі де ер жетіп, өз арманын жүзеге асыратын уақыт та келіп жетті. Орман жануарлары оған арнап, көжектер, мыршайлар, бөлтіріктер, тышқандар мен басқа да аң балалары оқитын нағыз мектеп салып берді. Кірпі мұғалім бірінші сынып оқушыларын мектепке қабылдауға дайындалып жатқан болатын. Жарық сынып бөлмесінде орындықтар мен үстелдер, қабырғада бормен жазуға болатын үлкен тақта тұрған. Кірпі оқу мен жазуға үйрететін суретті оқулық кітапшаларын әкелді.
Сауысқан Орман мектебіне алтын түсті сыңғырлаған қоңырау әкеліп берді.
- Сен неге мектепке қайдағы бір ойыншықты әкелдің?-деп сұрады күзетші көртышқан.
- Мектепте ойын ойнамайды, оқиды ғой!
Сауысқан оған маңғаздана былай жауап берді:
- Маған кірпі өтінген болатын. Мен қоңырауға жауап беремін.
- Бізге қоңырау не үшін керек? Мектеп өрт сөндіру машинасы емес қой!- деп таң қалды көртышқан.
- Е-е-е, сен мектеп жайында түк те білмейді екенсің ғой. Қоңырау соғылса, сабақ басталды деген сөз. Ал сабақ үстінде қоңырау соғылса, сабақ аяқталды деген сөз емес пе?!- деп шықылықтады сауысқан.
- Тоқтай тұр, сауысқан, тағы да түсіндіріп жіберші. Егер балалар мектепке келгенде қоңырау соғылса бәрі де сабаққа жүгіре жөнеле ме?
- Иә, бірақ жүгіре жөнелмейді, өз үстелдеріне барып, сабақтың басталғанын күтеді,- деп жауап берді оған сауысқан.
- Міне дұрыс! –деп іліп әкетті Кірпі. –Нағыз оқушылар осылай істейді.
- Біздің балалар-аңдар бұл ережелерді білмеуі де мүмкін ғой?- деп дегбірсізденді көртышқан.
- Мектепке келген соң бәрін де үйренеді,- деп шықылықтады сауысқан.
- Иә,- деп растады Кірпі, - оқушы қандай болу керек екенін, қалай жазу, қалай санау және де тағы басқа көп нәрселерді үйренеді.
Кірпі, Көртышқан және Сауысқан үшеуі үндемей қалды. Орман мектебінің іші тыныш әрі таза еді. Бірінші сынып оқушыларын тосқандай мектеп ауласындағы ағаштар да қызыл-сары жапырақтарын жамылып, сәнденіп тұр еді. Олар да өзара сыбырласа сөйлесіп тұрғандай еді.
- Келіңдер, келіңдер! –деп бүкіл орманға үйеңкі жар салады.
- Мектепке, мектепке! –деп сыбырлайды ақ қайың.
Достарыңызбен бөлісу: |