Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі



бет6/9
Дата27.12.2016
өлшемі1,4 Mb.
#5982
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Басқа бір алғы шарты ауыз қуысы бүйірлерінің жабылуын қиындататын тіл жіңішкереді /11-сурет/.

Бүйірлік сигматизмде Ц, 3 дыбыстарды С дыбысы сияқты акустикалық қасиетке ие болады.

Бірінші, күшті сыбырлап айтылған тіл сөзіндегідей Т және Л дыбыстарының тіркесіне ұқсайды, ал екіншісі қате айтылған С дыбысынан тек дауыстың қосымша шуымен ерекшеленеді. Қуыстың қай бүйірде пайда болғаны қарапайым екі жолмен анықталады, біріншісі - С дыбысын созып айтқанда ұртты жеңіл шерту арқылы. Егер дыбыс тиылып қалса, қуыстың шерткен жақта болғаны, тиылмаса қуыс екінші жақта болғаны. Екіншісі-резина түтіктің екі ұшында да олива /тесігі бар ұштық/ қойылады. Логопед оның бір ұшын өз құлағына ұстайды да, екіншісін С дыбысын созып айтқан баланың жоғарғы және төменгі тістердің шекарасымен жүргізеді. Сонда қуыстың орны түтіктегі шудың күшеюі арқылы жеңіл анықталады. Кейде бүйірлік артикуляция С, 3, Ц дыбыстарының ғана емес Ш, Ж, Щ, Ч дыбыстардың топтасып, тіпті Т, П, Р дыбыстарын да қамтиды.



Мұрындық сигматизм түрлеріне жалпы тән қасиет С, Ц, 3 дыбыстары айтылуына тән шудан өзгешеленеді, одан кейінгі дауыстылар мұрындық реңкке ие болады. Мұрындық реңк жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы қабырғасы арасында елеулі қуыс болуы, соның салдарынан шығатын дем мұрын арқылы өтуі нәтижесінде пайда болады.

Жұмсақ таңдайдың бұндай қалпы сөйлеу қимыл процесінің белгілі бәсеңдігі жағдайында көршілес дауыстылардың артикуляциясына да тарайды /12-сурет/.



12-сурет С фонемасының мұрындық сигматизм кезіндегі артикуляциялық кескіні /профилі/



Шудың қасиеті оның пайда болған орнына қарай, яғни шыққан демінің жолындағы ең тар жерге қарай өзгереді. Мәселен С дыбысын айтқанда тіл түбі мен жұтқыншақтың артқы қабырғасы арасында тарылу пайда болса, онда X дыбысына ұқсас дыбыс естіледі. Егер жұмсақ таңдайдың алдыңғы үсті тіл түбіне жабысса, ал арты жұтқыншақ қабырғасына жақындаса қырылдауға ұқсас шу шығады. Ц дыбысына екі жағдайда да С дыбысынан артикуляциялық айырмасы сол органдардың сол орындарда алдын-ала жабысу мен ғана ерекшелінеді.


Шығатын дыбыстың аффрикативтік сипаттамасы осымен анықталады. 3 дыбысының айтылуы С дыбысынан айырмашылығы тек қана дауыс тонының бірігуі мен шудың біраз әлсіреуінде.

С, Ц, 3 дыбыстардың айтылуы қателігін С дыбысынан бастау керек. Жұмыс тәсілдерін таңдау сигматизмнің түрлеріне байланысты.

Еріндік-тістік сигматизм кезінде балаға ең алдымен С дыбысын айтқанда төменгі ерін жоғарғы күрек тіске түйіспеуі, немесе жақындамауы керек екенін көрсету қажет. Егер балаға айна арқылы көзбен бақылау жеткіліксіз болса, онда ерінді жалаңаштаған тіс тізбегіне тигізіп, айырып көрсетіп, қарапайым артикуляциялық гимнастиканы пайдаланған дұрыс. Қажет болғанда төменгі ерінді шпательмен немесе саусақпен төмен тартатын механикалық көмек қолдануға болады.



Баланың механикалық көмексіз-ақ төменгі ерінді тиісті қалыпта ұстауға жаттығуын күтіп отырмай, осы дыбысты буындар мен сөздерді айтқызуға жаттықтыру пайдалы. Жаттығулар прогнатия жағдайында да дұрыс сөйлеуге дағдыландырады.

Тісаралық сигматизмде, тіс-жақ жүйесінің ақаулығымен қиындамаған




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет