Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі



бет7/9
Дата27.12.2016
өлшемі1,4 Mb.
#5982
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

13-сурет. С фонемасының қолмен көрсету
болса, кейде тісті кысып түйістіріп С дыбысын созып айту да жеткілікті, егер ысқырықсыз, шамалы шу шықса, төменде ұсынылатын қосымша тәсілдерді қолдану керек.

Үйреншікті тіс арасына тілдің шыға беруін тоқтату үшін буынмен, сөзбен жаттығуларды тістерді қысып тұрып жасау керек. Бұл әсіресе С дыбыс буын мен сөз басында келсе де ерекше маңызды. Алайда мүмкін болған сәтте-ақ мұндай «тістеніп» сөйлегенді тоқтатып, қалыпты айтуға көшу қажет. Жаттығу кезінде айна арқылы артикуляцияны көзбен бақылау қамтамасыз етіледі.



Егер тісаралық сигматизм тіс-жақ жүйесінін дұрыс құрылмауы, немесе сүт тістерінің түсу нәтижесіндегі алдыңғы тіс қалпына байланысты болса, кемшілікті түзетудің маңызды алғы шарты тіс қалпын түзету болмақ, бірінші жағдайда ол стоматология құралымен жасалады, екіншіде табиғи тұрақты тіс шығуымен түзеледі. Алайда ашық тіс қалпында тіл артикуляциясын түзету яғни тіл ұшын төменгі күрек тістің қызыл иегі астына шығару да тиімді.

14-сурет № 2 зонд



Тіс төңірегі сигматизмінде С дыбысын әуелі бөлек кейін буын, сөз құрамында созып айту, артикуляцияны дұрыс көрсетуі арқылы түзетеді. Артикуляция­ны схемалық суретпен бейнелеп көрсету пайдалы. Бала С дыбысын дұрыс айтқанда қол сырты арқылы жіңішке, күшті, салқын ауа ағымын /төменгі қиғаш бағытталған/ сезінуі де көмек береді. Тіс қалпының күрделі аномалиясы немесе тіл икемінің жеткіліксіздігі жағдайында Зондтың көмегі мен төменгі және жоғарғы күрек тістер арасында ең аз саңылау сақтай отырып, тіл ұшын төменгі күрек тіс тұсында ұстайды.

Осы мақсатта № 4 зондта пайдаланады. Зонд, ол тіл ұшы көтеріліп күрек тістер арасындағы саңылауды жаппауы үшін төменгі ұшы тістерге көлденең қойылады.

Тіл икемділігі жетпегенде артикуляциялық жаттығулар елеулі көмек береді.



15-сурет № 2 зондын тісаралық сигматизмді пайдалану

Атап айтқанда тілді тіс арасына тигізу, оны ашық ауыздан астаушалап шығару, тіл үстін деңес сигматизмді түзетуге пайдалану иіп ашық ауадан астаушалап шығару,

тіл үстін дөңес иіп ұшын төменгі қызыл иекке тіреу. Бұл жаттығулар күрек тістер жақын орналасқан жағдайда тілдің дұрыс қалпын орнықтыруға, дұрыс дыбыс шығаруға көмектеседі.



Ызың сигматизмде алдымен С дыбысының дұрыс, теріс айтылу ерекшеліктеріне назар аудару керек. Алайда бұл әдіс мақсатқа сирек жеткізеді. Себебі бекіп қалған ақаулық ызың-ысқырық дыбыстарын анық ажыратқан жағдайда да С дыбысының дұрыс артикуляциясын меңгеруін қамтамасыз етпейді. Сондықтан ауызды ашып отырып балаларға артикуляцияның дұрысын айнаның алдында және кемшілік артикуляцияның айырмашылығын, өз саусағымен өрнектеу арқылы сезінуге көмектесуі керек.

Тілдің дұрыс қалпын тапқан соң, балаға дем шығарып, ауа ағынын сезінуге мүмкіндік беріледі.



Егер аталған тәсілдер нәтиже бермесе, С дыбысын тіс-аралық артикуляциясын уақытша орнықтыру керек. Мұндай қарама-қайшылық арқылы тілдің алдыңғырақ және кейінірек қалпын айыру жеңіл. Одан әрі буын, сөз материалдары арқылы С дыбысының тіс аралық артикуляциясын, қалыптастырып, оны Ш дыбыстарынан ажыратып болған соң дыбысты тіспен қысып айтатын қалыпқа, тіс аралық сигматизді түзететін тәсілге көшуге болады.

Бүйірлік сигматизмді түзету үшін тілмен ауыз қуысын жабу, оның ортасына жырашық жасау керек.






16-сурет № 4 зонд

Егер артикуляцияны айнамен дұрыс көрсету /ауызды кішкене ашқан қалыпта/ мен оны теріс қалыпқа салыстыру тиісті нәтиже бермесе, бірқатар арнаулы тәсілдің ең тиімдісін таңдап алу қажет. С дыбысы қалыптастыруда Т дыбысы негіз болады, оған бүйірлік артикуляцияның әсері жоқ. Баланы С дыбысын біраз аспирациямен /шұғыл дем шығару/ айтуға үйретеді. Сонда қопарылыстан кейін ағылшынның С дыбысына ұқсас дыбыс естілуге тиіс. /Мысалы: tһіn сөздегідей/.

Демді қолға тиетін ауа ағымымен бақылауға болады. Соңынан тісті қысып тұрып, құрамында Т мен С анық естілетін Ц дыбысы айтылуға тиіс. Оны тек балаға білдірмеу керек, әсіресе, ол үшін Ц дыбысының үлгісін болдырмауға тиіс. Өйткені жағдайда үйреншікті алғашқы қате артикуляция қайталануы мүмкін.

Егер бала тіл үшін төменгі қызыл иекке еркін ұстай алмаса, № 2 зондты немесе шпательді пайдалану керек. Жаттығу барысында біріккен дыбыстың фрикативтік бөлігі біртіндеп ұзарып, содан соң бөлініп шығады, сонда ғана шпательді пайдалану керек. Жаттығу барысында біріккен дыбыстың фрикативтік бөлігі біртіндеп ұзарып, содан соң бөлініп шығады, сонда ғана балаға дұрыс айтылатын С дыбысы осы екенін тусіндіруге болады. Одан әрі игерілген артикуляцияны буын, сөз, сөз тіркесі материалдарымен бекітеді.

Мейлінше қиын жағдайларда төрт сатыдан тұратын тәсіл қолданылады. Әуелі балаға жақын орналасқан еріндер арқылы ауа үрлеу ұсынылады да, одан шығатын ауа ауызда тақалған қағаз қиындысы, мақта ұлпасы, жіп немесе қол арқылы бақыланады. Одан соң жаттығу тілді тіс арасына кеңінен сұғу оны ауыздың бүйірлеріне жапсыру жағдайында айна алдында қайталанады. Тіл қуысында жырашық болуға тиіс. Ауа ағымын бақылау үшін қосымша пробирка немесе ауызы тар шыны ыдыс пайдаланылады. Пробирканы тік ұстап тесігін тіл алдының орта тұсына таяу керек.

Егер үрлегенде тіл бойында жырашық пайда болса пробирканы тілге тақағанда күшті шу естіледі, бұл тілдің дұрыс қалпын танытады. Тілде көрсетілген үлгідей жырашық пайда болмаса, ауа ауыздың бүйірінен шықса, № 1 зонды пайдалану дұрыс. Зонды тіл ортасына ұзынынан салып, тілге аздап қысу арқылы жырашық жасалады. Қажетті артикуляция қалыптасып болғанда, механикалық әсер тоқтатылады /18-сурет/.


17-сурет № 4 зондының тіс төңіректік сигматизмді түзетуге пайдалану

Тіл ортасымен үрлеуге жеткен соң келесі саты С дыбысын тіс аралық айтуға көшеді. Бұл мақсатта жоғарғы ерінді шпательмен немесе саусақпен көтеру жеткілікті, сонда тіл мен жоғарғы күрек тіс аралық қуыс пайда болады. Тұрақты тіс аралық артикуляцияға жеткен соң, одан
С дыбысы шығатынын балаға тусіндіруге, дағдыны буынмен, сөзбен бекітуге болады, ең соңыңда тіс аралық артикуляциядан тіс арты артикуляциясына /қалыпқа/ көшуге болады тіс аралық сигматизмдей.


Бүйірлік артикуляцияны түзетудің тағы бір тәсілі
баланы Ф дыбысын созып айтуға үйрету, содан соң
оны тілді неғұрлым ілгері ұмтылдыра, ұшын төмеңгі
күрек тіске тірей қайталау. Сонда Ф дыбысына тән
шуға ысқырынған шу қосылады. Осы екеуінің
бірігуі еркіндік-тістік сигматизмге тән дыбысты еске түсіреді. Ақырында X дыбысына сүйену де мақсатқа жеткізеді /ол бүйірлік ариткуляцияға ұшыраған болса /балаға-ихи тіркесіп айту ұсынылады, сонан соң тісті қысып қайталанады. Сонда көбінесе С дыбысына жақын дыбыс жиі естіледі. Оны балаға ерте ескертпеу керек себебі бүйірлік артикуляцияға ұшырауы мүмкін.




Жаттығуда ысқырынған дыбыс қалыптасқан соң - С және С' дыбыстарының айырмасына назар аудару керек.

Өте қиын жағдайда тілдің бүйірлері жоғарғы азуларға жабысуын тілдің ұшы төмеңгі күрек тістерге тірелуін камтамасыз ететін айна алдындағы артикуляциялық гимнастика ұсынылады. Осы мақсатта тілді «күрек», «жырашық» түрінде сыртқа шығару, тілге таңдай сорғызу және сол қалыпта төменгі жақты жоғары, төмен қозғау тіл бүйірлерін азуларға жапсыру, сол кезде тіл ұшын төменгі күрек тіске тіреу сияқты жаттығулар пайдалы.

Соңғы жаттығу әуелі ауызды ашып, кейін жақтарды біртіндеп жақындатып жасалады. Сол қалыпты сақтай отырып, дем алынып, дем арылады, сонда - X, - С аралығындағы дыбыс шығады, соның негізіндегі жаттығулар - С дыбысын беруге тиіс.

Мұрындық сигматизмнің барлық түрлерін түзету үшін баланың мұрын қуысын жұмсақ таңдайды көтеру арқылы жағдайында ауа ағымын ауызға таратуды үйренуіне, тіл артикуляциясын бұрын меңгеруіне негізделген. Ең тиімділері бүйірлік сигматизмге қолданылатын жоғарыда аталған төрт саты. Осы тәсілдер кейбір модификациялы өзгерістермен органикалық негізде пайда болатын /жұмсақ таңдай, оның пердесі, таңдай жарықшағы сияқты ақаулықтар/ мұрындық сигматизмнің жиі кездесетін ашық ринолалия түрінде де пайдаланылады.

Алайда бұл еңбекте ашық ринолалиямен байланысты айту қателіктері қарастырылмайды. Ол-тіл кемшілігінің дербес формасы. Қосып айтарымыз кейбір жағдайларда мұрындық сигматизм бүйірлік сигматизмде қолданыла-тын қарапайым тәсілдермен де /мысалы: т, -ф, -х дыбыстарына негіздеу/ түзетіледі.

Қарастырылған барлық С, 3, Ц дауыссыздардың айтылуын түзеткенде С дыбысының дұрыс артикуляциясын меңгеру, осы топтағы барлық дауыссыздар үшін маңызды. С дыбысы, С дыбысы артикуляциясын бекіту кезінде-ақ меңгеріледі. Кейін бұл дыбысты ся, се, сю, ась, ось буындарына теру қиын емес.



Үнді 3 және 3' дыбысы С және С ' дыбыстарын айтқанда дауысты қосу арқылы жеңіл қалыптастырылады.

Ц аффрикатына келетін болсақ, ол С дыбысының алдына Т қойылса /те, атс, тс-а, тс-а/ оңай алынады, ескертетін жай мұнда тіл ұшы төмеңгі тіске тіреліп айтылады. Бұл Ц дыбысы қопармалы фрикативті компоненттерін алуға болады.

Ц дыбысының айтылуын бекіткенде оны жабық буындардан /ац, оц, эц/ сол буындарға аяқталған сөздерден бастау керек. Себебі ашық буындарда /ца, цо, це/ және сөз басында/ мысалы: цирк /алғашқы кезде қопарма компонент қалыптасады /ца, цо орнына со, са/.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет