Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі


Мектеп жасына дейінгі ЖСТД балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы



бет2/9
Дата27.12.2016
өлшемі1,4 Mb.
#5982
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мектеп жасына дейінгі ЖСТД балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.

Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы баланың интеллектуалды, сенсорлы, ерік аяларының қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Сөйлеу тілі бұзылыстарымен психикалық дамудың басқа жақтарының арасындағы байланыс екіншілік ақаулардың пайда болуына себепші болады.

Сондай-ақ, ойлау операцияларының (салыстыру, топтастыру, талдау, жинақтау) меңгеруге қажетті алғы шарттарын меңгергенімен балаларда сөздік-логикалық ойлауы дамымаған болады да, ойлау операцияларын қиналып меңгереді. Т. Д. Барменкованың экспериментальды зерттеулері бойынша (1997 ж.), ЖСТД мектеп жасына дейінгі балалар логикалық операциялардың қалыптасу деңгейі бойынша қалыпты дамып келе жатқан өз құрдастарынан айтарлықтай артта қалады.

Логикалық операциялардың қалыптасу деңгейі бойынша автор балаларды 4 топқа бөледі.



Бірінші топ балаларының вербальді және вербальсіз логикалық операцияларының қалыптасу деңгейі жоғары, сөйлеу тілі қалыпты дамыған балалардың көрсеткіштеріне сәйкес келеді, танымдық белсенділігі, тапсырмаға қызығушылығы жоғары, бағытты әрекеті тұрақты және жоспарлы.

Екінші топ балаларының логикалық операцияларының қалыптасу деңгейі жас ерекшелігіне сай емес, төмен. Сөйлеу белсенділігі төмен, балалар сөздік нұсқауды қабылдағанда қиналады, қысқа уақытта есте сақтаудың көлемі шектелген, сөздер қатарын есте сақтай алмайды.



Үшінші топ балаларының бағытты әрекеті бұзылған, ол вербальді және вербальсіз тапсырмаларды орындағанда байқалады. Оларға зейінді шоғырландыруының жеткіліксіздігі, танымдық белсенділік деңгейінің төмендігі, қоршаған орта туралы түсініктерінің аздығы, себеп-салдар байланыстарын түсінудегі қиындықтар тән. Алайда, логопед тарапынан тиісті көмек көрсетілген болса, балалардың абстрактілі түсініктерді меңгеруге қажетті әлеуеттік мүмкіндіктері жақсарады.

Төртінші топ балаларына логикалық операциялардың жетілмеуі тән. Балалардың логикалық әрекеті өте тұрақсыз, жоспарлауы жоқ, танымдық әрекеті төмен, тапсырмаларды дұрыс орындауын қадағалай алмайды. Бірқатар авторлар ЖСТД балалардың зейін көлемінің және оның тұрақтылығының жеткіліксіздігін, оның таратуының мүмкіндігі шектеулігін атайды. ЖСТД балалардың мағыналық, логикалық есте сақтауы сақталғанымен, вербальді есте сақтауы төмен, есте сақтаудың өнімділігі төмен. Олар күрделі нұсқауларды, тапсырмалардың элементтерімен кезектілігін ұмытып қалады.

Сөйлеу тілі бірінші деңгейіндегі балалардың есте сақтау белсенділігінің төмендігі танымдық әрекеттің даму мүмкіндіктерінің шектеулігімен бірге жүреді. ЖСТД балалар күрделі жағдайларда затты көріп тану кезінде заттың бейнесін белгілі бір қиындықпен қабылдайды, оны тану үшін балалар көп уақытты қажет етеді, жауап беру кезінде сенімсіздік байқалды және затты танып білу кезінде қателер жібереді. «Үлгімен сәйкестендіру» тапсырмасын орындаған кезде олар бағдарлаудың қарапайым формаларын қолданады. Мысалы, ЖСТД балалар модельді перцепциялық әрекет бойынша тапсырма орындағанда көріп салыстыру тәсілін аз қолданды. Балалардың көріп қабылдауын зерттеу нәтижесінде ЖСТД балаларда оның жеткіліксіз қалыптасқаны байқалады. Мнестикалық зерттеу нәтжесінде ЖСТД балалардың сөздік нұсқауды есте сақтауы сөйлеу тілі қалыпты балалармен салыстырғанда нашар екені анықталды.

Зейінін зерттеу нәтижесі ЖСТД балалар тез шаршағыш, экспериментатор тарапынан мадақтау, көмекті қажет ететінін көрсетті. Сонымен, ЖСТД балаларда сөйлеу тілі қалыпты дамыған құрдастарымен салыстырғанда, көріп қабылдауы кеңістікте бағдарлауы, зейіні, есте сақтауы төмен екені байқалады. ЖСТД балалар енжар, қатынас жасағанда сөзді бірінші бастамайды.

Ю. Ф. Гаркуша және В. В. Коржевина (2001 ж) зерттеулерінде көрсеткендей:

- ЖСТД мектепке дейінгі жастағы балаларда қарым – қатынас жасаудың, мотивациялық-тұтынушылық аяның жетілмегендігі байқалады;

- Аталған қиындықтар сөйлеу тілі және когнитивті бұзылыстар кешенімен байланысты;

- 4-5 жастағы балалардың ересектермен қатынас жасауының негізгі түрі ситуативтік-іскерлік болып табылады, яғни жас ерекшелігіне сай емес.

ЖСТД балаларға жалпы соматикалық әлсіздігімен қатар қимыл аясының дамуындағы кейбір кешеуілдеулер тән; қимылдарының тепе-теңдігі әлсіз, қимылды орындау жылдамдығы мен дәлдігі төмен. Сөзбен нұсқау бергендегі қимылдарды орындауда балалар өте қиналады.

Г. Р. Шашкина, Л. П. Зернова, И. А. Зиминаның (2003) зерттеулері бойынша, ЖСТД балаларда моторикасының барлық түрлерінде – жалпы, мимикалық, ұсақ және артикуляциялық қимылдардың тепе-теңдігінің жеткіліксіздігі байқалады. ЖСТД III деңгейіндегі балаларды моторлы аясын тексеру нәтижесі бойынша үш топқа бөлуге болады:

- Моторлы аясының даму деңгейі төмен - 23,5%;

- Орта деңгейдегі – 28,55%;

- Жоғары – 48%.

Моторлы аясының даму деңгейі төмен балаларда қимылдың бір түрінің екіншісіне ауысуда қиындықтар кездеседі, қимылдардың статикалық және динамикалық тепе-теңдігі жеткіліксіз, қимылды есте сақтауы жеткіліксіз және ерік зейінінің деңгейінің төмендігі байқалады.

Моториканың даму деңгейі орташа балаларда кейбір сынақтарды орындаған кезде қосымша қимылдар жасауы байқалады, тапсырма орындау үшін олар ұзақ уақытты қажет етеді. Сөздік нұсқау бойынша тапсырмаға қарағанда, тапсырманы көрсету бойынша орындауы жоғары. Моторикасының дамуы жоғары деңгейдегі балалар жас мөлшеріне жақындатылған: ұсақ және артикуляциялық моторикасы жақсы дамыған. Мұны, мектепалды даярлық топ балаларымен түзету жұмысы ұзақ уақыт жүргізілгендікпен түсіндіруге болады.

ЖСТД балаларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау барысында алынған мағлұматтар логопедтің осы балалармен оқу процесін ең тиімді жүйе бойынша жоспарлауға және әр балаға арналған түзетудің жеке әдістерімен тәсілдерін іріктеуге мүмкіндік береді.

ЖСТД балаларды тексеру.

ЖСТД балаларды тексеру сөйлеу тілін тексерудің жалпы белгілі қағидаларын ескере отырып жүргізіледі (кешенді, жан-жақтылық, жүйелілік, динамикалық т.б.).



Тексеру үш кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең –бағдарлау. Логопед бұл кезеңде баланың құжаттарымен танысады, ата-анасымен әңгіме барысында анамнез жинақтайды.

Екінші кезеңде логопед баланың сөйлеу тілінің барлық компоненттерін тексеріп сөйлеу тілінің қорытындысын анықтайды.

Үшінші кезеңде – баланы оқу процесінде бақылау арқылы ақаулықтың байқалуын, өзгерістерін анықтайды. Тексерудің мазмұны және оны ұйымдастыру баланың сөйлеу деңгейіне байланысты болады.

ЖСТД-ң І-ші деңгейіндегі балаларды тексеру барысында сөз түсінігі, белсенді сөз қоры, сөйлеуге еліктеуі, екі сөзді біріктіріп айту мүмкіншілігі, артикуляциялық аппараттың қалпы, анықталады. Сонымен қатар төмендегідей іс-әрекетін бақылау қажет: ойыншықпен іс-әрекетін; түрі, түсі, көлемі бірдей заттарды көріп сәйкестендіру; бөлшектерден бүтін құрау (кесілген суреттерден).



Тексеруге қажетті құралдар: ойыншықтар, заттар, түрі, түсі әр түрлі пішіндер, балаға таныс тақырыптар (ойыншықтар, жануарлар т.б.) бойынша жеке, мазмұнды суртеттер. Көрнекі құралдарды іріктеуде баланың жас ерекшеліктерін және нақты мүмкіншіліктерін ескеру қажет.

ЖСТД I деңгейдегі балаларды тексеру барысында баланың затты атауына (дыбыстармен, былдыр сөзбен, еліктеуіш сөзбен аф-аф, му-му); олардың тұрақтылығына (затты атағанда тұрақты бір дыбыспен немесе былдыр сөзбен атай ма, әлде әртүрлі ме); санына (белсенді сөз қорында ондай дыбыс жиынтығы, былдыр сөздер қанша); буындарды, сөздерге еліктеу, оларды қайталау мүмкіндігіне, буындық құрамына көңіл бөлу керек.

ЖСТД-ң ІІ деңгейіндегі балаларды тексеру барысында сөз түсінігі, сөйлем көлемі және оның грамматикалық құрылымы, сөз өзгерту мүмкіндіктері, сөздің буындық құрамы, дыбыс айтуы, сөз қоры, артикуляциялық аппараттың қалпы анықталады. Қосымша сөзсіз іс-әрекеттері де тексеріледі. Сөз түсінігінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін сөзді, сөзбен берілген нұсқауларды, сөйлемді, мәтінді қолданады. Сөйлеу тілінің грамматикалық жағын тексеру барысында сөзжасам, сөзөзгерту, сөйлем құрау дағдылары анықталады. Бұл тапсырмаларды орындаудағы қиыншылықтарды, қателерді сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағының жетілмеуінің белгісі деп қарастыруға болады.

ЖСТД-ң ІІІ деңгейіндегі балалардың сөз бөлшектерінің (жалғау, жұрнақ) мағынасын түсінуі; қолданатын сөйлемнің түрлері мен мөлшері; ілеспелі сурет бойынша әңгіме құрау білігі; оқыған мәтінді түсінуі және мазмүнын айтуы; сөзөзгертуі; сөзжасам және мағынасы қарам-қарсы сөздерді табуы; күрделі сөздердің буындық құрамының сақталуы; сөздің дыбыстық құрамын талдауы; дыбыс айтуы, артикуляциялық аппараттың жағдайы тексеріледі. Бұл бағыттағы қолданатын тексеру әдістері оқулықтың ІІ бөлімінде толық қарастырылған. Міндетті түрде барлық деңгейде баланың жалпы даму деңгейі (санауы, кеңістікті бағдарлауы, логикалық ойлауы т.б.) тексеріледі.

Түзету-педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттары.

Жалпы сөйлеу тілінің дамымауын түзету жұмысының негіздері көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулерде қарастырылады Сөйлеу тілін қалыптастыра – дамыту келесі жағдайларға негізделеді:



  • ЖСТД белгілерін және оның жалпы психикалық дамуына әсерін ерте анықтауға;

  • сөйлеу құрылымының кемшіліктерін талдау негізінде ауытқу мүмкіндіктерінен уақытында сақтандыру, сөйлеу іс-әрекетінің сақталған және ауытқыған бағытын салыстыруға;

  • сөйлеу қатынас тапшылығының әлеуметтік салдарын ескеруге;

  • тілдің фонетикалық-фонематикалық және лексикалық-грамматикалық компоненттерінің өзара байланысты қалыптасуына;

  • ЖСТД пайда болуының әр түрлі себептеріне қарай логопедиялық жұмысты дифференциалды ықпал етуді ескеріп жүргізуге;

  • сөйлеу процесін, ойлауын және танымдық белсенділігін бірге қалыптастыруға;

  • сенсорлық, интеллектуалдық және ерік аяларына бірмезгілде ықпал етуге.

Түзету жұмысы баланың жасына, оларды оқыту және тәрбиелеу жағдайына, сөйлеу тілінің даму деңгейіне байланысты жүргізіледі.

ЖСТД-ң І деңгейіндегі түзету жұмысының негізгі міндеттері:

  • сөз түсінігін дамыту;

  • еліктеуіш сөйлеу іс-әрекетін дамыту;

  • зейіні мен жадын дамыту;

  • сөзөзгерту элементтерін меңгеру негізінде қарапайым сөйлемдерді қалыптастыру.

сөз түсінігін кеңейту жұмысы мынадай бағыттарда жүргізіледі:

  • ойыншықтардың, дене мүшелерінің, киімдердің аттарын есте сақтау;

  • қимылмен көрсетілген сөз тіркестерін түсіну;

  • күнделікті жағдайларды (ситуацияларды) сөзбен айту;

  • кім? не? деген сұрақтарды түсіну;

  • нұсқауларды түсіну және орындау;

  • заттың көлемі мен санын ажырату (аз – көп, үлкен – кіші т.б.);

  • зат есімнің жекеше көпше түрін ажырату (доп – доптар);

  • нұсқаудың кімге айтылғанын (бағытталғанын) түсіну, ажырату (отыр-отырыңдар);

  • ұқсас сөздерді жағдайға (ситуацияға) байланысты түсіну, ажырату (жазып отыр, сурет салып отыр);

  • кеңістікті білдіретін әне, міне, деген сөздерді түсіну;

  • қарама-қарсы мағыналы сөздерді түсіну (ал – алма, ки – шеш, т.б.);

  • кеңістікте бағдарлауға қатысты сөздерді ажырату (алдында, артында, жоғары, төмен).

Өзіндік сөйлеуін дамыту жұмысының бағыттары:

  • сөйлеуге қажеттілігін белсендіру;

  • жақын адамдарды атау;

  • өтініш, сұраныстарын білдіру (ал, бер, кел);

  • ойын кезінде көңілін білдіру (ой, тшш, т.б.)

  • жануарларды шақыру (кіс-кіс), еліктеу;

  • фразаларды қалыптастыру (шәй ішем, нан бер);

  • анау, мынау, ол деген сөздерді қолданып екі сөзден тұратын сөйлем құрау (ол - доп);

  • етістіктердің түрлерін қолдану (бер, маған бер, бола ма, ана ал, т.б.).

Бірінші деңгейдегі балаларды логопед біртіндеп қарапайым сөйлем (зат есім+етістіктің 3-жағы Мысалы, Ата келді. Әке отыр) құрауға үйрете бастайды. Бұл қарапайым диалогты меңгеру сатысы болып саналады.

Бұл кезеңде дыбыс айтуын түзетуге бағытталған жұмыс мақсатты түрде жүргізілмейді. Дегенмен, кейбір дыбыстардың артикуляциясын дамытуға арналған жаттығулар жасату, дыбыстың айтылуын анықтау, қайталау, сөздерді буындап қайталату, айтқызу; буындарды ырғақты қайталату; айтылуы ұқсас сөздерді ажырату (бас-қас, шәй-май, жазады-оқиды, т.б.) сияқты жұмыс түрлері дыбыс айтылуын, фонематикалық қабылдауын жетілдіруге ықпал етеді.



Екінші деңгейдегі балаларды оқыту-түзету жұмысы 4 жастан бастап әр түрлі мекемелерде жүргізіледі (мектепке дейінгі мекемелерде, сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектептің дайындық топтарында, психоневрологиялық стационарлар мен санаторийлерде т.б.).

Оқытудың негізгі міндеттері:

  • сөйлеу түрлерін түсінуге бағытталған қарқынды жұмыс жүргізу;

  • сөз қорын анықтау және молайту;

  • қарапайым грамматикалық категорияларды іс жүзінде меңгеру негізінде ауызша сөйлеудің қарапайым түрлерін дамыту;

  • дыбыс айтуы мен ажыратуын дамыту, сөздің ырғақтық-буындық құрамын анықтау, құрау.

  • сөз түсінігін әрі қарай дамыту мақсатында балаларды зат есімнің септік жалғауларының мағынасын ажыратуға (Мысалы: қарындашпен дәптерді көрсет, қаламмен кітапты көрсет, т.б.);

  • жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыруға (сурет салу үшін не керек?);

  • синтаксистік конструкциялар бойынша кейіпкерлердің қатынастарын, іс-әрекеттерін анықтауға (мысалы: «Күшік баладан қашып барады», «бала күшіктен қашып барады?» Кім (не) қашып барады? Кім (не) қуып барады?);

  • зат есімнің жұрнақтарын түсіну, қолдануға (Мысалы, үй – үйшік, бала - балақай, көрпе – көрпеше) арналған жұмыс жүргізіледі.

Ауызша сөйлеуін дамыту барысында әртүрлі жұмыс түрлері жүргізіледі:

  • сөйлем құрау ( зат есім+толықтауыш+етістік, Мысалы, бала орындықта отыр);

  • Не істеп отыр? деген сұраққа жауап беру (бала сурет салып отыр, Ата ұйықтап жатыр);

  • Іс-әрекетке сәйкес зат есімді іріктеу, табу (мияулайды – мысық, шиқылдайды – торғай, т.б.);

  • Есімдік пен етістіктің жақтарын ажырату (мен киінемін, киіндім, киініп отырмын);

  • жеңіл тақпақтарды жаттау;

  • Бірнеше сөзден тұратын сөйлем құрастыру (сұрақ бойынша, көрсету, модель, сурет бойынша);

  • Сұрақ- жауап бойынша таныс заттарды сипаттау, жағдай (ситуация) бойынша әңгімелесу.

Бұл кезеңде дыбыс айтуын қалыптастыруға бағытталған арнайы сабақтар өткізіледі.

Сабақтың құрылымы:

  • Артикуляциялық жаттығулар;

  • Дауысты дыбыстар мен жеңіл дауыссыз дыбыстардың айтылуын анықтау;

  • Жоқ дыбыстарды қою;

  • Сөздің буындық құрамын қалыптастыру;

  • Фонематикалық қабылдауын дамыту.

Дыбысты қоюда, фонематикалық қабылдауын дамытуда дәстүрлі тәсілдерді қолданады. Ал сөздің буындық құрамын қалыптастыру мынадай кезектілікпен жүргізіледі:

  • Қысқа ұзын сөздерді ажырату (лақ - қарлығаш);

  • Сөздің ырғақтық бейнесін шапалақтап немесе соғып көрсету;

  • Бірдей буындарды (па-па, па-па-па) бірден айтып шапалақтау;

  • Дұрыс айта алатын дыбыстардан тұратын әртүрлі буындарды (ма-па, на-ка- та, т.б.) айтып шапалақтау;

  • Әртүрлі дауысты және дауыссыз дыбыстардан тұратын буындар қатарын қайталау (ка-ну, та-ка);

  • Дауыссыз дыбыстар қатар келетін буындарды айту (қта, қра, арл, атр, анд, алд) , жаттыққан буындарды сөзде сөйлемде қолдануы (мынау кітап, ата жатыр).

Мектепке дейінгі мекемелердің мектепалды даярлық топтарында, мектептерде көбінесе үшінші деңгейдегі балалар кездеседі.

Ондай балалармен жүргізілетін түзете-оқытудың негізгі міндеттері:



  • сөйлеу тілінің лексикалық және грамматикалық жағын тәжірибе жүзінде меңгеру;

  • сөйлеу тілінің дыбыстық жағын толық меңгеру (артикуляциялық дағдыларын, дұрыс айтуын, буындық құрылымын, фонематикалық қабылдауын);

  • сауат ашуға дайындау, жазу элементтерін меңгеру;

  • байланыстырып сөйлеуін ары қарай дамыту (мәтіннің мазмұнын айту, әңгіме құрастыру т.б.).

Бұл міндеттерді іске асыру жұмыс бағыттары баланың танымдық процестерін (салыстыру, бақылау, қорытындылау, тұжырымдау, ойлау т.б.) дамыту жұмысымен тығыз байланысты болады.

Төртінші деңгейдегі балалар сұрақтарға жауап береді, сұрақ қоя алады, фразалық сөйлеуді меңгерген. Арнайы оқыту бұл балалармен екі бағытта жүргізіледі:

  • мағынаны түсінуге сүйену;

  • жаттығу тапсырмаларын қолдану.

Оқытудың негізгі міндеттері:

  • ұқсас дыбыстарды (ызың-ысқырық), естіп ажырату, кейін ауызша айтуда ажырату дағдысын дамыту;

  • көп буынды, күрделі сөздердің айтылуын бекіту, ауызша сөйлеуде қолдану (қарлығаш, тракторшы тракторын жөндеді);

  • дыбыстық талдау, жинақтау дағдыларын бекіту;

  • сауат ашуға дайындау, оқыту.

Төртінші деңгейдегі балаларды оқыту барысында сөйлеу тілінің лексикалық грамматикалық түрлерін меңгеріп сөйлеу тәжірибесінде қолдана білуіне ерекше көңіл бөлінеді, әртүрлі әңгіме құрастыру, мәтіннің мазмұнын айту дағдылары әрі қарай жетілдіріледі.

Балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда бірнеше талаптар көзделеді:



  • тақырыпты ашу;

  • әңгіменің белгілі бір көлемін сақтау;

  • мәнерлік тәсілдерді қолдану (эпитеттер, антонимдер, салыстырулар, метафоралар);

  • төл сөздерді қолдану;

  • әңгіменің құрылымы мазмұнының бірізділігі, аяқталуы.

Сонымен, сөйлеу тілін дамыту жұмысы жан-жақты, сөйлеу және сөзсіз функцияларын дамытуға, танымдық процестерін белсендіруге бағытталып жүргізілсе нәтижелі болады.

Мектеп жасындағы ЖСТД балаларды оқыту және тәрбиелеу.

Мектеп жасындағы ЖСТД балалар сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде оқиды. Оқытудың мазмұны мен әдістемелері оқушылардың сөйлеу тілінің даму заңдылықтарын ескере отырып құрастырылған.

Ондай балаларда сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің жүйелі бұзылуы байқалады. Сөз қоры шектелген, дыбыс айтуы бұзылған, фонематикалық қабылдауы жетілмеген, ауызша сөйлеу тілі жағдайға (ситуацияға) байланысты, байланыстарып сөйлеуі қалыптаспаған, тұрақты аграмматизм кездеседі. Сонымен қатар тілдің қатынас, жалпылама, реттеуші функциялары кешеуілдеп қалыптасады.

Арнайы оқытудың міндеттері:

- орта мектептегі тіл сабақтарын оқытуға дайындайтын фонетика, морфология, синтаксис, орфография, графика, пунктуация салаларының қарапайым теориялық түсініктерін меңгеру;

- балалардың сөйлеу тәжірибесін молайту, фонетикадан, грамматикадан алған білімдерін саналы түрде қолдана білуін дамыту;

- осы негізде әртүрлі сөйлеу операцияларын үлгілеу (модельдеу) тәсілдерін меңгеру.

Тіл дамытудың негізгі міндеті – оқушыларды тілді қатынас құралы ретінде пайдалануға үйрету болып табылады. Бұл жұмыс жүйелі түрде келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:


  • қоршаған орта туралы білімін молайту негізінде ауызша сөйлеудің түрлерін дамыту (монолог, диалог);

  • сөйлеу тілінің лексикалық жағын қалыптастыру және молайту;

  • тілдің негізгі заңдылақтарын тәжірибе жүзінде меңгеру;

  • ана тілінің басқа бөлімдерін (сауат ашу, грамматика) сауатты меңгеру үшін лексикалық-грамматикалық дайындығын қалыптастыру.

Тіл дамыту жұмыс жүйесі сөздік материалдарды концентрлік жолмен меңгеруді көздейді. Арнайы оқу процесінде міндетті түрде танымдық іс-әрекеттерін дамытуға бағытталған жұмыс түрлері қолданылады. ЖСТД балаларды оқыту-тәрбиелеу арнайы мектептің оқу бағдарламасына сай жүргізіледі. Аталған бағдарламада оқушылардың ауызша, жазбаша сөйлеу тіліне қойылатын талаптар, сөздік-семантикалық жұмыс көлемі, мазмұны, сөйлем үлгілері барлық сабақтар бойынша толық қарастырылған.
Өзін -өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. ЖСТД-на анықтама беріңіздер

  2. ЖСТД І деңгейіндегі балаларға сипаттама беріңіздер

  3. ЖСТД ІІ деңгейіндегі балалардың ерекшелігі неде?

  4. ЖСТД ІІІ деңгейіндегі балалардың сипаттамасы.

  5. ЖСТД балаларды тексеру ерекшеліктері

  6. ЖСТД І-ІІ деңгейдегі түзету жұмысының міндеттері мен мазмұның ашыңыз.

  7. ЖСТД ІІІ-ІV деңгейдегі түзету жұмысының міндеттері мен мазмұны.

  8. ЖСТД оқушылармен түзету жұмысының негізгі бағыттарын атаңыздар.

  9. ЖСТД деңгейлерінің салыстырмалы кестесін толтырыңыздар.



Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Қ. Қ. Өмірбекова, Қ.Серкебаев, Логопедия, - Алматы, 1996.

  2. Логопедия Волкованың ред. -М., 2007.

  3. Н. С. Жукова, Е. М. Мастюкова, Т. Б. Филичева, Логопедия, Преодоление общего недоразвития у дошкольников, Екатеринбург, 2006.

  4. Г. Б. Ибатова, Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағын тексеру, //Хабаршы, «Арнайы педагогика» сериясы, Алматы, ҚазҰПУ, №4 (19) 2009ж.

  5. Г. Б. Ибатова, Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөзжасам дағдыларының ерекшеліктері. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, 2008.

  6. Г. Р. Шашкина, Л. П. Зернова, И. А. Зимина, Логопедическая работа с дошкольниками -М., 2003.



ЖСТД балалармен логопедиялық сабақтың жоспар үлгісі
Тақырыбы:

Мақсаттары:

Көрнекі құралдар:

Сабақ барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа тақырыпты таныстыру

4. Дыбыс артикуляциясын анықтау. Дыбыс сипаттамасы.

5. Дыбысты буында, сөзде, сөйлемде дұрыс айтуын бекіту

6. Өтіп жатқан дыбыс кездесетін сөзді талдау

7. Сөз қорын молайту бойынша жұмыс

8. Сөйлеу тілінің грамматикалық қатарын жетілдіруге арналған жаттығулар

9. Үй тапсырмасы

10. Сабақ қорытындысы.


Ескерту: Жұмыстың кезеңіне байланысты сөз қорын, сөйлеу тілінің фонетикалық және грамматикалық жағын қалыптастыру және жетілдіру бойынша жұмыстың ара-қатынасы.


Фонематикалық талдау және жинақтауын дамыту

Фонематикалық талдау, жинақтауға дыбыстық талдаудың қарапайым және күрделі түрі жатады. В. К. Орфинскаяның мәліметтері бойынша дыбыстық талдаудың қарапайым түрі тек арнайы оқыту барысында дамиды. Талдау, жинақтау дағдылары белгілі кезектілікпен жүргізіледі.


Фонетикалық талдаудың күрделі түрін дамыту

Дыбыстық талдаудың күрделі түріне сөз құрамындағы фонемалардың кезектілігін, оның санын, басқа дыбысқа қатысты орнын анықтау жатады. 2-3 дауыстыдан тұратын қатары, дауысты, дауыссыздардан тұратын қатарға қарағанда жеңіл талданады. Сондықтан фонематикалық талдау, жинақтауды қалыптастыруды алдымен тек дауысты дыбыстар қатарынан (ау, уа) бастап, кейін (ум, на) содан соң бір-екі, одан да көп буынды сөздерге көшкен тиімді.

Фонематикалық талдаудың күрделі түрін қалыптастыру барысында, мынаны ескерген жөн. Кез келген ойлау іс-әрекеті даму барысында бірнеше кезеңнен өтеді: материализация негізінде іс-әрекетті игеру, сөйлеу негізінде, ойлау негізінде ( П. Я Гальперин бойынша)

I кезең - көмекші тәсіл мен іс-әрекетке сүйене отырып, фонематикалық талдау мен жинақтауын қалыптастыру. Алғашқы жұмыс барысында текше (фишка), сөздік графикалық схемалар сияқты көмекші тәсілдер қолданады.

II кезең - фонематикалық талдауды сөйлеу негізінде қалыптастыру. Сөз айтылады, бірінші, екінші, үшінші, т.б. дыбыстар анықталады, дыбыс саны анықталады. Қойылған сұрақтар арқылы сөздің дыбыстық құрамы талданады. Мысалы: «тал» сөзінде бірінші дыбыс қандай? Екінші, үшінші дыбыс қандай? Барлығы неше дыбыс? Неше дауысты дыбыс? т.б.

III кезең - ойлау негізінде фонематикалық талдауын қалыптастыру. Оқушы сөзді атамай, естімей яғни елестету негізінде сөз құрамындағы дыбыстың санын және кезектілігін анықтайды.


Буындық талдау мен жинақтауын дамыту

Буындық талдауды дамыту процесінде сөздегі дауысты дыбысты анықтауға және буынға бөлудің негізгі ережесін (сөзде қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады) меңгеруге көңіл бөлу керек.

Алдымен дауысты дыбыстың буындағы, сосын бір буынды сөздердегі орнын анықтайды ( басында, ортасында, соңында) белгілейді. Ол үшін әр түрлі тәсілдер пайдаланады, текшемен, дөңгелекпнен, түсті «қағаздармен белгілеу сияқты.

О________ , О__________ , О _________ ,


Жұмыс барысында төмендегідей тапсырмаларды қолдану тиімді:

● сөздегі дауысты дыбыстарды жазу.

. ( қора – о – а)

● буындық құрамына байланысты суреттерді іріктеу немесе цифрді көрсету.

● суретті пайдаланып сөздің түсіп қалған буынын табу:

ба – пан, бал -, - шина

● суреттегі заттардың атын атап, бірінші буынын бөліп сөз (сөйлем құрау). Мысалы: « сабын » « қалам » (сақс)

● ретсіз берілген буындардан сөз құрау ( қу, шаң, ыр; ла, ба, пан)

● сөйлемнен белгілі буынды сөздерді табу (2-3 буынды сөздер)

Дисграфия ( Аграфия)

Дисфонологиялық дисграфия

Метатілдік дисграфия


Паралаликалық дисграфия


Фонематикалық дисграфия

Талдау жинақтаудың бұзылуы салдарынан болған дисграфия

Диспраксикалық

( моторлы)

дисграфия


Көптеген дыбыстардың бұзылуы. Дыбыстардың алмасуы, бұзылуы мен қатар шатастыру кездеседі. Дыбыс айту қиыншылықтары сөздің буындық құрамының бұзылуына әкеледі( буынды, дыбысты тастап кету, орнын алмастыруға ) көп жағдайда бала өзі дұрыс айтатын дыбыстарды да алмастырып, шатастырады. Ондай балалардың көбінде зейіні нашар, бір нәрсеге көңілін тоқтата алмауы байқалды. Вербальды логикалық қабілеті төмен, ырғақтылықты

( ритм) қайталауы қиын, қолдың ұсақ бұлшық еттері әлсіздігі болады.



Ауызша тілі мөлшерде дамыған балалардың жазуында акустикалық – артикуляция ұқсас дыбыстарды

(с-з, с-ш т.б.) шатастырумен қос әріпті тастап кету, орфографиялық қателер жиі кездеседі. Жұмыс жасау қабілеті, зейінін шоғырландыру және бөлу қабілеті төмен. Дыбыстық талдауы нашар. Сөз қоры кедей, интеллектуалды дамуы төмен. Ұқсас оппозициялық буындарды ( ла-ра, са-за т.б.) қайталағанда көп қателеседі. Ырғақтылықты, сан ретін қайталауда қиындық байқалады. Контрасты буындарды

( пава) қайталағанда қиналмайды.


Жазуда әріпті, буынды тастап кету, орын алмастыру жиі кездеседі. Мәтінді сөйлемге бөлуі бұзылады. Танымдық процестері жетілмеген. Ерікті зейін қойып, бір нәрсеге көңіл бөлуі нашар. Талдауды тек айтып отырып қана орындай алады. Ол сөздегі дауысты дыбыстарды дұрыс анықтау мүмкіншілігін төмендетеді, соның салдарынан жазуда әріпті тастап кету қателері жиі кездеседі.

Негізгі белгісі - әріптің графикалық белгісін меңгере алмауы. Жазудағы қателер: жазуы ұқсас элементтері бар әріптер ( л-м,и-у, п-т, д-б, х-ж, и-ш) алмастыру; элементтерді жазбай тастап кету; оптикалық ұқсас әріптерді

( т-ш, в-д, и-п, з-е) сирек шатастырады саусақ праксисі бұзылған. Бір қимыл түрінен екінші түріне көшуі бәсең, жазуда әріптерді алмастыру қимыл стеротиптің бәсендеу салдарынан болады.




Мектепке дейінгі орта және ересек жастағы балаларды дисграфиядан сақтандыру.

Бұл жаста сақтандыру жұмысы дисграфияға бейімдейтін алғышарттарды жоюға бағытталады. Негізгі жұмыс бағыттары:



  • тіл дыбыстарды ажыратуға тәрбиелеу, дамыту;

  • ауызша сөйлеудегі дыбыстарды алмастыруын жою, түзету;

  • фонематикалық талдаудың қарапайым түрін қалыптастыру;

  • оптикалық-кеңістік түсінігін және көріп талдау, жинақтауын дамыту;

  • сөзөзгерту, сөзжасамның грамматикалық жүйесін қалыптастыру;

  • сөз қорын молайту.

Сонымен, дисграфия мәселесін шешу тек мектепте ғана емес, мектепке дейінгі уақыттан бастап, кеңінен жүргізілуі қажет.



Лексикалық деңгейдегі түзету жұмысының алгоритімі




Синтаксистік деңгейдегі түзету жұмысы
Бұл деңгейдегі түзету жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Оқушылардың сөйлеу тіліндегі кездесетін қате тіркестерін түзету, сақтандыру, саналы түрде сөйлем құрауын игеру.

  2. Синоним, амоним, антоним сөздермен синтаксистік құрылымдармен таныстыра отырып оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Логопедиялық жұмыс барысында сұрақ қою арқылы сөйлемдегі сөздердің байланысын, септік жалғаулар мен жұрнақтардың мағынасын түсініп дұрыс меңгеруіне көңіл бөлу қажет. Түзету жұмысының негізгі бағыттары:

  • сөз тіркестері мен сөйлем құрау;

  • көпшіл жалғаудар арқылы сөз өзгерту;

  • септік жалғаулар;

  • сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықтау;

  • жалғау және жұрнақтар мағынасын анықтау, дұрыс пайдалану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет