Күні: 18.10.2021 жыл Сыныбы: 5- «Б» Сынып сағатының тақырыбы: «Адамгершілік – адамдықтың белгісі» Мақсаты: оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Нақыл сөздер: Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдескеннен соң, топ сағаты басталып кетеді.
Бүгінгі топ сағатымыздың тақырыбы – «Адамгершілік – асыл қасиет». Бұл сабақ арқылы біз өз бойымызға рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етуді үйренуіміз керек.
Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық, жақсы-жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың – «рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады.
Адамның ішінде болмайды аласы,
Оларды бұзатын нәпсінің таласы.
Шәкәрім.
Күн адамның рухы болса, күн сәулесі – ақыл дейік. Себебі ақыл – рухтың құрамдас бөлігі.
Рухани бай адам – ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік ұғымында да осы аталған қасиеттермен бірге аяушылық, сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік, т.б. көптеген сапалар кездеседі.
Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары.
Адамның адамгершiлiгi — оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi — адамдық ар — намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, «Өзiң үшiн еңбек қылсаң, — дейдi Абай, — өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың». «Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты. Адамгершiлiгi мол адам — басқаларға қашан да үлгi-өнеге.
Бүгінгі сабақта осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді дұрыс санадым. Ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін тақтадағы Күннің суретіне қараңдаршы.
Жарық-күн – көлегейленіп тұр, күнді бір мейірбан, жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық. Әр бұлттың астында біздің бүгінгі тақырыбымызға байланысты сұрақтар, тапсырмалар жасырулы тұр. Соларды шешіп, күннің бетін ашып көрелік.
Мына жазылған нақыл сөзге көңіл аударыңдар:
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Абай.
“Жақсы әдет өсiмге берген ақша, адам өмiр бойы соның жемiсiн пайдаланады, жаман әдет- борыш, адам өмiр бойы сол борыштың өсiмiнен азап шегедi” К. Д. Ушинский
“Адамгершiлiк — бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”. В.Соловьев
Ситуациялық сұрақтар:
Сынып ішіндегі баламен сенің досың ойнағысы, қарым-қатынас жасағысы келмейді. Тіпті оны мазақтаңдар деп үгіттейді. Ал, сен не істер едің?
Ағаш дұрыс өсу үшін оған қай кезде көмектесу қажет?
Сенің үлкен әпкең немесе үлкен ағаң анасына құрбысының үйіне сабаққа даярланамын деп кетіп, ал шындығында олар дискотекаға кетті. Егер анаң сенен осы жайды сұраса, сен не істер едің?
Бесінші бұлтты сейілтеміз. Ол тапсырма – сұрақтарға жауап.
Ар-намыс дегеніміз не?
Жомарттық дегеніміз не?
Кішіпейілділік дегеніміз не?
Осы жарқыраған күндей, мейірімді, жан шуақты, көңілдерің ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін, адамгершілігі мол азамат болыңдар. Бүгінгі топ сағатта аз болса да, жақсылықтың нұрын, адамгершіліктің дәнін алдыңдар деп ойлаймын.
Қымбатты, оқушылар, осы топ сағатында барлықтарымыз жақсы бір сезім әсерінде болдық деген сенімдемін.
Осы топ сағатынан сіздің бойларыңызға бір әсем шуақ — адамгершілік шуағы молая түсті. Жүректеріңе жан шуағы орнады. Қазірден бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болуға талпыныңдар. Осындай әсем сезімде отырып бір-бірімізге жылы сөздер арнайық! (Бір-біріне бір-екі ауыз жақсы тілек айтады).
Қорытынды: Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым.
Ықыластарыңа рахмет. Осымен топ сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!