Әкесі 6 гектар егіс жер алған. Сол-ақ екен қауырт жұмыс басталады да кетті. –
Тұр балам, көктемнің әрбір күні жылға азық- дейді әкесі.
Содан үй іші болып жердің басына келеді. Әкесі, шешесі, өзі, екі інісі. Олар сәбіз, картоп, жуа, жүгері, қауын, қарбыз егеді. Асан жазғы каникулын егін басында өткізді.
Биыл өнім жаман болмас - , деді әкесі, жайқалған көкөністерге көз салып қойып, - еңбек етсең, Жер –ана да иіп сала береді-, дейді. Егін мол өнім берді. Әсіресе қауын-қарбыздар теңкейіп көздің жауын алады.Сауда бақшалықта –ақ қызды. Оқудан келісімен Асан атызға асығады, әке-шешесінекөмек беруі керек. Өзімен бірге оқитын Айкүміс екеуі бірге отырып қауын жеді.
Қауының не деген тәтті!- деді Айкүміс. Асан быраз марқайып қалды. Егін
басында сауда қызып, қауын-қарбызды көлікпен келіп, тиеп, әкетіп жатты. Әкесі бүгін өте көңілді.
Ертең менімен бірге жүріңдер- деді үш ұлына. Базарға апарып не керек болса соны алып береді. Балалар мәз болады.
Жаз бойғы еңбектеріңнің жемісі ғой- деп күлді әкесі.