Сабақ Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімдері:



Дата08.09.2017
өлшемі189,98 Kb.
#31735
түріСабақ
Абай атындағы орта мектеп КММ

«Айналайын» шағын орталығы



9 мамыр мерекесіне арналған тақырыптық сабақ

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімдері: «Тілдамыту»

Тақырыбы: «Мерекелік шеру»

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға мереке туралы қарапайым түсініктер беру. Мерекені сезінуге баулу.

Дамытушылық: Балалардың жеңіс күні туралы ой - өрісін дамыту, сана – сезімдерін, ойлау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: батырлардың суреттері, жалаушалар, шарлар, магнитті тақта.

Әдіс – тәсілдер: ән, тақпақ айтқызу, көрсету, түсіндіру, ойын, билету.

Сөздік жұмыс: жеңіс күні, шайқас.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация

лық-

қозғаушы

лық

Мерекелік шеру

  • Балалар бүгін бізде

9 мамыр жеңіс күніне арналған мереке. Сендердің үлкен аталарың осы күні жаумен шайқаста жеңіске жеткен. Сондықтан біз жеңіс күні мерекесін 9 мамыр күні атап өтеміз.

Таң қалу сәті: Залға мерекеге сай киінген қуыршақ келеді.

- Балалар бұл қуыршақтың есімі батыр апасы сияқты Мәншүк екен. Мәншүкпен амандасайық.



Балалар музыка әуенімен қолдарына жалаушалар мен шарлар ұстап шеруге шығады. (Бірнеше қимылдар жасап, шеңберге тұрады)

Балалар қуанып, қуыршақтың мерекені өздерімен бірге өткізуін қалайтындарын айтады.



Ұйымдастыру-іздестіру

1. Әнұран орындау.
2. Батыр апа аталарының суреттерін көрсету.

(олардың ерліктері туралы айту)


3.Тақпақтарын айту.


4. Шарларды ұшыру.

- Балалар Мәншүктің сендер-мен бірге ойын ойнағысы келеді екен.



5.Ойын: «Көпіршіктер»

Балалар шеңберде тұрып әнұранды орындайды.

Балалар суреттегі батырлар Әлия, Мәншүк, Бауыржан аталарының есімдерімен танысады.



Ажар:

Атам Отан қорғаған

Онда қорқақ болмаған

Алтын жұлдыз кеудеде Нағыз батыр ол маған



Дамир:

Жеңілмеген жауынан

Батыр ата – Бауыржан.

Тас-талқан қып дұшпанын.

Аты аңыз боп жайылған.

Шұғыла:

Жеңіс келді далама

Жеңіс келді ән болып,

Жеңіс келді қалама

Келді ауылға сән болып.

Мәди:

Әлия, Мәншүк - ержүрек

Елін сүйген елжіреп.

Паш етеді ерлігін,

Жеңіс туы желбіреп.
Балалар мерекеге арнап, қағаздан қиылған шарларды тақтаға орналастырады, түстерін ажыратады.

Балалар көпіршік ойынын қызығушылықпен ойнайды.



Рефлексивті– түзетушілік

6. «Біз көңілді қуыршақпыз» әнін айту.

Балалардың іс - әрекеттері мадақталып, қуыршақ балаларға өзімен алып келген сыйлықтарын таратады.



Қуыршақпен бірге ән айтып, алған силықтарына қуанып, қуыршақпен қоштасады.


Нені білу керек:Әлия, Мәншүк апалары мен Бауыржан аталарының батыр

екенін, 9 мамыр жеңіс күні екенін.



Қандай түсініктерді игерді: батыр аталары мен апаларының елін қорғап

9 мамыр күні жеңіске жеткені туралы, сондықтан 9 мамыр күні жеңіс

мерекесін тойлайтыны туралы түсініктері қалыптасты.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: әнұран орындап, тақпақтарын

айтып, ойын ойнап, сұрақтарға жауап берді, мерекені сезіне білді.


«Айналайын» шағын орталығы

Мерекелік от шашу


9 мамыр мерекесіне арналған тақырыптық сабақ

Орындаған: Д.Қ.Сабыржанова

Тақырыбы: «Мерекелік от шашу»

Мақсаты. Білімдік. Мереке жайында түсініктер беру, мереке күнін сезіндіру.

Дамытушылық: Мереке туралы өлең, тақпақ айтқызу. Жеңіс күні туралы түсініктерін тереңдете түсу.

Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсіл: Сұрақ – жауап алу арқылы әңгімелесу, ойын ойнату, көрсету, көмектесу, мадақтау.

Көрнекілігі: Қағаздан қиылған жұлдызшалар, түрлі- түсті қарындаштар, ақ қағаз, жалаушалар, т.б

Сабақтың барысы:

I.Балаларды орындарынан тұрғызып бір-бірімен амандастыру. Қимыл-қозғалыс арқылы амандасу. Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен бүгін сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Шеңберге тұрғызу.

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде.

Қуана қарсы аламыз.

Сәлем, сәлем, сәлем!



II. «Әнұран» орындарында тұрып әнұранды орындайды.

III. Тәрбиеші: Балалар бүгін 9 мамыр – Жеңіс күні, мереке. Осыдан 65 жыл бұрын ата – апаларымыз Отаны, туған жері үшін жаумен күресіп жеңіске жеткен екен. Енді осы мерекеге арнап, от шашу жасайық. Балалар біз от шашуды өз қолымызбен жасаймыз. Балалар от шашуды өздері қағаз бетіне орналастырып, шашуларын жасайды.

IV. Таң қалу сәті: Балалар бізге қонақ келе жатыр екен. Қонақты қарсы алайық, танысайық, атын сұрайық. Топқа Дімбілмес кіреді.

V. Тәрбиеші: Балалар Дімбілмес біз қандай мерекені тойлап жатқанымызды білмейді екен? Мерекеге арналған өлең шумақтарымызды айтып берейікші.

Аделия:Сонау жылы жер көкті,

Соғыс бұлты торлаған.

Сонда Мәншүк әпкеміз

Жаудан елді қорғаған.



Рамина:Қосамыз біз өлеңге,

Айтамыз біз ән қылып.

Мәншүк әпке ерлігі

Ұмытылмас мәңгілік.



Мұхамед:Қайтпаған дауылдан

Кек алған жауынан

Халқының қастерлі

Жайсаңы Бауыржан.



Аман: Қазақтың қамы үшін

Жүрегі ауырған

Елінің намысын

Қорғаған Бауыржан.



Айман:Жеңіс келді далама

Жеңіс келді ән болып,

Жеңіс келді қалама,

Келді ауылға сән көрік.



Анеля:Атам Отан қорғаған,

Онда қорқақ болмаған.

Алтын жұлдыз кеудеде,

Нағыз батыр ол маған.



Айдина:Жеңіс күні құтты болсын,

Құтты болсын аталар.

Ұмытпайды ешқашан да,

Жауынгерді балалар.



VI. Қимылды ойын: «Кім жылдам?»

VII. Қорытынды. «Достық» әні.

Сабақ музыка әуенімен бірлесіп ән айтумен аяқталады..



«Айналайын» шағын орталығы

Мерекелік от шашу


9 мамыр мерекесіне арналған тақырыптық сабақ

Орындаған: Д.Қ.Сабыржанова

Тақырыбы: «Мерекелік от шашу»

Мақсаты. Білімдік. Мереке жайында түсініктер беру, мереке күнін сезіндіру.

Дамытушылық: Мереке туралы өлең, тақпақ айтқызу. Жеңіс күні туралы түсініктерін тереңдете түсу.

Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсіл: Сұрақ – жауап алу арқылы әңгімелесу, ойын ойнату, көрсету, көмектесу, мадақтау.

Көрнекілігі: Қағаздан қиылған жұлдызшалар, түрлі- түсті қарындаштар, ақ қағаз, жалаушалар, т.б

Сабақтың барысы:

I.Балаларды орындарынан тұрғызып бір-бірімен амандастыру. Қимыл-қозғалыс арқылы амандасу. Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен бүгін сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Шеңберге тұрғызу.

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде.

Қуана қарсы аламыз.

Сәлем, сәлем, сәлем!



II. «Әнұран» орындарында тұрып әнұранды орындайды.

III. Тәрбиеші: Балалар бүгін 9 мамыр – Жеңіс күні, мереке. Осыдан 65 жыл бұрын ата – апаларымыз Отаны, туған жері үшін жаумен күресіп жеңіске жеткен екен. Енді осы мерекеге арнап, от шашу жасайық. Балалар біз от шашуды өз қолымызбен жасаймыз. Балалар от шашуды өздері қағаз бетіне орналастырып, шашуларын жасайды.

IV. Таң қалу сәті: Балалар бізге қонақ келе жатыр екен. Қонақты қарсы алайық, танысайық, атын сұрайық. Топқа Дімбілмес кіреді.

V. Тәрбиеші: Балалар Дімбілмес біз қандай мерекені тойлап жатқанымызды білмейді екен? Мерекеге арналған өлең шумақтарымызды айтып берейікші.

Аделия:Сонау жылы жер көкті,

Соғыс бұлты торлаған.

Сонда Мәншүк әпкеміз

Жаудан елді қорғаған.



Рамина:Қосамыз біз өлеңге,

Айтамыз біз ән қылып.

Мәншүк әпке ерлігі

Ұмытылмас мәңгілік.



Мұхамед:Қайтпаған дауылдан

Кек алған жауынан

Халқының қастерлі

Жайсаңы Бауыржан.



Аман: Қазақтың қамы үшін

Жүрегі ауырған

Елінің намысын

Қорғаған Бауыржан.



Айман:Жеңіс келді далама

Жеңіс келді ән болып,

Жеңіс келді қалама,

Келді ауылға сән көрік.



Анеля:Атам Отан қорғаған,

Онда қорқақ болмаған.

Алтын жұлдыз кеудеде,

Нағыз батыр ол маған.



Айдина:Жеңіс күні құтты болсын,

Құтты болсын аталар.

Ұмытпайды ешқашан да,

Жауынгерді балалар.



VI. Қимылды ойын: «Кім жылдам?»

VII. Қорытынды. «Достық» әні.

Сабақ музыка әуенімен бірлесіп ән айтумен аяқталады..



Тақырыбы: 9-мамыр Жеңіс күніі
Мақсаты: Білімділік:Балаларға Ұлы Отан соғысының мазмұнын әңгімелеп

осы соғыста ерлік көрсеткен батырлардың ерлігін жыл

сайын Жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық

тойлайтынын айту.



Дамытушылық:Балалардын көркемдік талғамы мен ой-қиялдарын

шарықтатып,шығармашылық белсенділігін

арттыру

Тәрбиелік: Балалардың Отанды сүйіп,оны қорғауға,ер жүректікке,

патриоттыққа тәрбиелеу.


Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру,мақал-мәтелдер,тақпақ,өлеңдер,ойын,мадақтау.

Көрнекіліктер:
Сабақтын барысы:

I.Балаларды саппен марш әуенімен залға кіргізу,орындарына барып түру.

Тәрбиеші:Армысындар менің қошақан балаларым!.

Балалар:Армысың қайырымды Аспан Ана!

Армысың мейірімді Жер Ана!

Армысың шұғылалы Алтын Күнім!

Армысың балабақша, достарым!

Армысыздар апайлар!

Тәрбиеші:Балалар көктем мезгілі шуақты,көңілді,біз де көктем мезгіліндей күлімдеп бір – бірімізге шуақ берейік!

Балалар:Кәне, біздер қол ұстасып,

Күлімдесіп қарайық.

Бір-бірімізге сәлем айтып

Шүбірелесіп тарайық.

Балалар таралып орындарына барып жайғасады.

Тәрбиеші: Алпыс бес жыл!Сонау сұрапыл жылдар басталған шақта

Дүниеге келген сәбилер-бұл күндері алпыстың асқарындағы аталар.

Әйтсе де, сол бір қайратты жылдар жыл сайын қайта жаңғырып, өткенді еске салады.Сол жаңғырықтар жеткіншек ұрпақты,бейбітшілікке,

Отан сүйгіштікке үндейді!

Қош бол,досым, жарқыным,

Уақыт тығыз, сөз қысқа!

Кетіп бара жатырмын,

Сұрапыл бір соғысқа.

Бұл 1941 жылғы 22 маусым күні еді.Соғыс осылай басталды.Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан-тәнімен Отанын қорғады.

Жауынгер солдаттарымыз қасықтай хандары қалғанша соғысып, барлығымызға бейбіт өмір- Жеңіс күнін сыйлады.



Жеңіс!Жеңіс!Алақай! Алақай!
Аружан: Жеңіс күні құтты болсын,

Құтты болсын аталар.

Ұмытпайды ешқашан да,

Жауынгерді балалар.



Хор:Өмір қандай тамаша.

Тәрбиеші:Осы соғыста ерлік көрсеткен жауынгер – батырларды білесіңдер ме балалар?

Балалар: Мәншүк,Әлия,Бауыржан,Талғат.

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар балалар.Сол батырларымыз туралы қандай

өлең шумақтарын білесіңдер?


Аружан: Нағыз батыр- осы аға!

Арай таңмен дос аға!

Ол күзеткен шекара-

Біздің алтын босаға!


Диана: Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі.

Әлия аты- көңілде

Әпкеміз деп жүреміз.


Алижан: Сонау жылы жер көкті,

Соғыс бұлты торлаған.

Сонда Мәншүк әпкеміз

Жаудан елді қорғаған.


Арман: Қайтпаған дауылдан

Кек алған жауынан

Халқының қастерлі

Жайсаңы Бауыржан


Шехриза: Қосамыз біз өлеңге,

Айтамыз біз ән қылып.

Мәншүк әпке ерлігі

Ұмытылмас мәңгілік.


Азим: : Қазақтың қамы үшін

Жүрегі ауырған

Елінің намысын

Қорғаған Бауыржан.



Тәрбиеші: Міне, балалар,жауынгер батырларымыздың ерліктері жайлы

өте әсерлі, тартымды өлеңдер жазылыпты.Олардың есімі біздің де мәңгі есімізде қалады. Енді балалар қолымыздағы гүлдерді мәңгі от алдына қойып сол соғыста қаза болған жауынгерлерді

1 минут үнсіздікпен еске алайық.

Рахымет, балалар.



Ән: Біз Отанды қорғаймыз әні.(балалар қимылмен ән айтады.)

Тәрбиеші: Енді балалар бізге қалықтап бейбітшілік құсы қонаққа келе жатыр екен.

-сендер бейбітшілік құсын білемісіңдер?



Балалар:-Көгершін деп жауап береді.

Тәрбиеші:Ендеше қарсы алайық.

Көгершін:-Сәлеметсіңдерме бүлдіршіндер!Мен бейбітшілік құсы Ақ көгершінмін.Сендерге хат әкелдім әрі балаларға базарлық әкелдім.Хатты

ашып оқып көреміз бе?



Балалар:Иә.

Көгершін:Қымбатты қошақан тобының балалары сендерді 9-мамыр мерекелеріңмен шын жүректен құттықтаймыз.Арман,Азим,Алижан сендерді 7-мамыр жігіттер күні мерекелеріңмен.Аспанымыз арқашан ашық болсын.Игі тілекпен: Аққайнар балабақшасы.

Сендерге тағы сыйлығмды таратайын.

Тәрбиеші:Балалар Ақ көгершінге не айтамыз.

Балалар:Ақ көгершін қанатың әрқашан талмасын.Рахмет сізге.

Тәрбиеші:Енді бәріміз елімізде тыныштық болсын деп Ақ көгершін әнін айтайық.

Ән: Ақ көгершін.

Тәрбиеші: Сәбилердің зәресін бұлт шалмасын,

Гүл – бәйшешек еш уақытта солмасын.

Ақ Көгершін аспанымда қалықтап,

Барлық халық бейбіт күнді қолдасын


Сәбилердің зәресін бұлт алмасын,

Айна көңіл- жүректі кір шалмасын.

Қыран құстар даласында еркелеп
Аспанымда қалықтаудан талмасын
-Тыныштық! Жаса тыныштық!

Осы сөз бізге тым ыстық.

Көркейе берсін еліміз,

Көбейе берсін ырыс-құт!


Бізге бейбітшілік таңын сыйлаған майдангер қарттарымыз аман

Болсын! – деп мәңгілік шырағымызды жағып сабағымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет