Сабақ бойынша Тақырыпты негіздеу



бет2/2
Дата24.09.2022
өлшемі21,17 Kb.
#150580
түріСабақ
1   2
Байланысты:
kouching-sabay-turaly-refleksivt-esep

Коучингті не сәтті өтті?
Коучингте жоспарланғңан тапсырмалардың бәрі орындалды.
Ұйымдастыру кезеңіндегі "Қар бұрқасыны", "Дипактың оқиғасы" олардың жұмыстарына, алдағы ойлаған мақсаттарының жүзеге асуына ықпал етеді деп ойлаймын. Олар әдіс -тәсілдің тиімділігін тәжірибеде пайдаланып көргенде ғана байқалатынын түсінді. Дипактың әрбір жүріп өткен қадамын мұғалімдер саналы түрде санамалап айта білді және қызықты.
Бірлесе отырып, шағын топтағы пікірталас арқылы өздерінің кәсіби құндылықтары мен міндеттерін талдағаны да сәтті шықты.
Мұғалімдер белсене қатысты. Бұл сабақта бастауыш сынып мұғалімдерімен қатар бастауыш сыныптар бойынша директор орынбасары да оқып үйренуде. Ташмухамедова ташай С жауаптары туралы ескертулер жазатын рөлді бөліп алғандықтан мұғалімдер бастыққа есеп тапсырып жатқандай болды. Бұл да өз кезеңімен қфзықты, мәрі тартысты өтті.


Коучингті не сәтсіз өтті?
Сәтсіздік болмаған сияқты. Қатысушылар арасында бәсеке де туындады.


Бағдараманың идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау
Мен өткізген коучинг сабағының нәтижесінде қатысушылар нені үйренді:
1. Сабақ басындағы сергіту, зейінді шоғырландыруға арналған жаттығулардың маңызын түсінді.
2. Топта жұмыс істеу не үшін қажет? Топтарды қалай ұйымдастыруға болады?, Топтағы бірлескен жұмыс туралы түсінік қалыптастырды.
3. Топтардағы бірлескен жұмыс әлеуметтік, танымдық, эмоционалдық мақсатта жүзеге асырылатынын білді.
4. Тиімді топтық қарым- қатынас, проблемаларды шешу стратегияларын оқып бір- біріне түсіндіру арқылы танысты.


Болашаққа жоспарым:
1. Талапқа сай жоспарланған сабақтар негізінде мектеп мұғалімдерін бағдарлама мақсаттарына жетуде табысты болу үшін уақытты тиімді пайдаланып, топ жұмысына барлық мұғалімдерді ынталандыру;
2. Оқытудың қадағалау нысанын үнемі ескере отырып,сабақты жоспарлау, оқыту, оқу, бағалауды нақты, талапқа сай орындау;
3. Оқу материалдары мен көмекші құралдарды оқыту үдерісіне көмектесетіндей етіп әзірлеп, бұған дейінгі алған білімдерімен жаңа білімді байланыстыра отырып, мейлінше түсінікті етіп жеткізу;
4. Тренердің жеке қасиеттерін ескере отырып, мұғалімдермен тиімді қарым- қатынас арқылы табысты оқытуға қол жеткізу;

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет