Сабақ дидактикалық принциптер мен оқу-тәрбиелік үрдістерге қойылатын талаптарға сәйкес келе ме?



бет4/8
Дата11.01.2022
өлшемі165,5 Kb.
#110880
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
00035f3b-4a28b547

Сабақты талдаудың үлгісі:

  1. Жалпы мағлұмат: айы-күні-жылы, сынып, мектеп, мұғалімнің аты-жөні. Сабақ тақырыбы.

  2. Оқыту құралдарына және оқу ортасына шолу. Кабинеттің жабдықталуы, жабдықтардың оқушылар мен мұғалімге қолайлығы, жабдықтардың құрамы. Оқыту құралдарының жағдайы. Программалық жабдықтар жазылған дискеттерді сақтаудың ұйымдастырылуы.

  3. Компьютермен жұмыс істеудің техникалық қауіпсіздік ережесінің және санитарлық-гигиеналық норманың сақталуы.

  4. Мұғалімнің сабаққа дайындалуға жұмсалған уақыт шығыны, кажетті құралдардың сабаққа қатыстылығы. Көрнекі құралдардың сабақ тақырыбы мен мақсатына сәйкестігі және қолдану уақыты. Қолданылған таратпа материалдардың, нұсқаулардың, сұрақтардың мазмұны.

  5. Сабақтың құрылымы: сабақтың негізгі кезеңдері, мақсаты және қажетті уақыт мөлшері. Өздік басқару мен мұғалімнің басқаруының сәйкестігі. Оқушылардың жекелеме, қосарланып, топтасып және бірлесіп жұмыс істеуі. Өтілген материалды қайталау және бекіту кезеңі, әдістері.

  6. Мұғалімнің сабаққа қойған мақсаты және оның орындалуы.

  7. Сабақ мазмұнының мектеп оқулығының материалымен сәйкестігі.

  8. Сабақ мазмұнын жалпы дидактикалық принциптер көзқарасында бағалау:

Ғылымилығы - сабақта информатика саласындағы ғылыми жетістіктердің пайдаланылуы (орындаушы ұғымы, синтаксистік диаграммалар, алгоритм дұрыстығының дәлелденуі және т.б.)

Көрнекілігі - графикалық ақпараттың қолданылуы, алгоритмдер кестесінің қолданылуы, мәтінді шегіністермен жазу және т.с.с.

Бірізділігі - берілген оқу материалының логикалық тізбектелген түрде берілуі, күрделі ұғымды меңгертудің қайталану жиілігі.

Практикамен байланысы-қолдаңбалы есептер, тапсырма мазмұнының компьютерлік қоғамдағы өмір талаптарына бағытталынуы.

  1. Мұғалімнің сабақтағы іс-әрекетінің әдістері. Есептеу техникаларын сабақтың басталуына дейін дайындау. Сабаққа қатысты құрал-жабдықтарды дайындау барысында оқушылардың іскерлігін ұйымдастыра білуі. Мұғалімнің материалды меңгеру еркіндігі. Қойылған сұрақтарға жауап беруі (сабақтың жүру барысында немесе соңында).

Оқытуды жекелендіру- әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар, жақсы оқитын оқушыларды нашар оқитын оқушыларға көмекке тарту және т.б. Мұғалімнің оқушылардың назарын аудартуы немесе тақтадағы, программадағы қатені талдауда жасалатын әрекеттері.

  1. Оқушының өтіліп отырған тақырыпқа деген қызығушылығын қалыптастыру және бекіту әдістері. Оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыру жолдары. Тапсырмалар қайдан алынды: оқулықтан, әдістемелік нұсқаудан, қосымша әдебиеттерден, т.б. құралдардан. Сабақты өткізу барысында мұғалімнің қолданған стандартты немесе стандартты емес оқыту әдістері.

  2. Оқушылардың сабақ үстіндегі жұмысы. Өтіліп отырған материалға оқушылардың қызығушылық, белсенділік деңгейлері. Меңгерудегі саналық-ЭЕМ-да орныдалатын амалдардың мағынасын меңгеруі. Қолайлылығы- қолданылған терминдердің стандарттылығы, оқушылардың дайындық деңгейін есепке алуы, өтілген тақырыпты меңгеру деңгейін анықтауы. Оқытудың тиімділігі - оқу уақытын пайдалануы, қажетті құралдардың жеткіліктілігі, программалық құралдардың сәйкестігі. Оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынас (авторитетті, либералды, бірлескен). Оқушылардың ұйымшылдығы мен тәртіптілігі - техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы. Оқушылардың өтілген тақырыпты анықтамалық материалдардың, оқулықтардың, компьютердің көмегімен, өз бетімен меңгеру мүмкіндіктері.

  3. Кері байланыс. Мұғалімнің оқушылар білімін бағалауының жүйелілігі. Білімді тексеру мен бағалауда компьютерде қолдану-бақылау программалары, нақтылы программаны орындау арқылы өздік бақылау, жолдастарымен өзара бақылау. Оқушылар білімінің шынайылығы. Мұғалімнің бағалау критерийлері. Бақылаудың бұл жүйесін автоматтандыру мүмкіндігі. Үй тапсырмасының көлемінің үйлесімділігі (өзініз орындап, уақытын мөлшерлеңіз).

Кері байланыс жылдам немесе баяу болуы мүмкін. Жылдам байланыс тиімді, бірақ өте жоғары жылдам реакция-мұғалімнің түсініктемесі- оқушының ойлау жүрісінің ашылуына кедергі жасауы ықтимал.

  1. Сабақтың тәрбиелік әсері. Мұғалімнің сыртқы сипаты мен педагогтық мәдениеті және тактикасы. Жеке тұлға ретіндегі тәрбиелік мәні және оның сабақтағы іс-әрекеті. Сіз байқаған тәрбиелік әдістері мен тәсілдері қандай?

  2. Қорытынды. Осы сабаққа қатысу және қорытындылау арқылы болашақ мұғалім ретінде нені үйрендіңіз?

Қатысқан сабақты тек осындай қатаң түрде жазылған ретпен талдау міндетті емес. Сабақты талдауды көрнекі ету үшін, кесте түрінде де көрсетуге болады. Бұл өте тиімді әрі ыңғайлы әдіс болып табылады.Информатика сабағына қатысқан мұғалімдерге мынандай «Қатысқан сабақты талдау» кестесін беруге болады.

Кесте бойынша мұғалімдер сабақтың негізгі кезеңдерін, жұмыс істеудің түрі мен әдісін, мұғалімнің жеке бас үлгісін, мұғалімнің қолданған әдістемесін бағалайды. Егер кестедегі кезеңдер мен әдістер дұрыс жүзеге асырылса, оның тұсына «+», ал теріс болса «-» бағасын қояды. Ал кемшіліктерді ескерту ретінде жазып қоюға болады.

Информатика пәні мұғалімі үшін сабаққа қатысқандардың талдауымен қоса өтілген сабаққа өздік талдау жасаудың да маңызы зор. Өздік талдау жасау үшін берілген сұрақтарға мұғалім қызметінің тиімділігін бағалау арқылы жауаптар беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет