Адам денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Дұрыс тамақтану үшін үш негізгі қағидатты қамтиды:
1 Тағам пайдалы болуы тиіс.
2 Тамақты күнде уақытында ішкен дұрыс.
3 Тамақты мөлшермен қабылдау қажет.
Тамақтану арқылы адам ағзаға қажетті заттарды алады.Жүйелі тамақтанбау адам денсаулығына үлкен зиян тигізеді. Соның нәтижесінде адамдарда жүрек, бауыр, асқазан аурулары пайда болады.
Сурет бойынша жеке бас гигиенасына қатысты тәртіп ережелерін айтыңыз. Жеке бас гигиенасын сақтаудың негізгі ережелері: тісті, теріні, шашты күту, таза киініп жүру.
Хатты мұқият тыңдаңыз. Русланға қандай кеңес берер едіңіз? Жұпта талқылаңыз. Руслан неліктен ауырып қалды деп ойлайсыңдар? Сауығып кету үшін қандай көмек бере аласыңдар? Русланға сауығып кету үшін дұрыс тамақтану туралы айтамыз. Пайдалы тағам таңдауға үйретеміз.
Адам пайдалы тағамдармен тамақтану керек. Күнделікті тамақта ет, сарымай, нан, жарма, жеміс-жидек қолдану қажет.
Суреттерге мұқият қараңыз. Пайдалы тағамдарды белгілеңіз.
Оқушылар енді суретпен жұмыс:
Қандай ұлт өкілдерін көріп тұрсыңдар?
№3.тапсырма. 1.1.4.2. (ҰЖ) Қазақстандағы әр түрлі ұлт өкілдерінің бүгін қонақ екенін түсіндіреміз барлығы қол ұстаса шеңберге тұрып, бір біріне жағымды сөздер айтады. Бір оқушы екінші мәтінді дауыстап оқиды.Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Біз барлығымыз татумыз. Бір-бірімізе қонаққа барамыз. Қонақтарға дәмді және пайдалы ұлттық тағамдар ұсынамыз.
Сен білесіңбе?
Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдарының құрамында жаңғақтар бар екенін айтамын. Оқушылардан қандай жаңғақ түрлерін білтінін сұраймыз?
Мүмкін болған тұста оқушылар өз жұмысын және сыныптастарының жұмыстарын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады.
Бағалау
Оқушылар сабақ соңында: Жеке бас гегиенасы мен дұрыс тамақтану режимін түсіне білді.
Рефлексия:
Мен жаңа оқу бағдарламасында 5 пәннен ықшам сабақ жүргізе отырып,ықшам сабақты құруды үйрендім. Келесі сабақтарда да белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып сабағымды дамытып отырамын .Балалар өмірде жеке гигиенаға көңіл бөлу керектігін үйренді. Тамақтану режимін білді. Сабақта оқушыларды ынталандырып мадақтап отырдым.Өзіне деген сенімділік орнату үшін топта тапсырмаларды бірге талқылауға ықпал жасадым. «сұрақ-жауап» әдісін пайдалану арқылы. Оқушылардың ерекшелігін ескеремін.Уақытты тиімді пайдалана отырып сабақ мақсатыма жеттім.