Сабақ Достық -табылмас қазына. Мақалды аяқта «Жақсымен жолдас болсаң ісің бітер, »



бет4/5
Дата27.12.2016
өлшемі4,16 Mb.
#6227
1   2   3   4   5

5.Өз досына бос уақытты тиімді өткізу үшін кеңес бер.

6. Саған досың өкпелі. Неге екенін білмейсің. 2 күн болды сені



көрсе қашқақтайды. Сен не істейсің?


5-сабақ

Менің достарым.

  1. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жаз.

Жолд...стық, м...незі, с...зге, қад...р, ж...мсақ.

  1. Жаңа сөздермен танысып, сөз тіркестерін құрастыр.

жолдастық - дружба

мінезі жұмсақ - мягкий характер

қадір-қасиет - уважение

оқу озаты - отличник учебы

мінезі шапшаң - шустрый

3.Сөздерді дұрыс аудар.

1) қадір-қасиет а) дружный

2) жолдастық ә) уважение

3)тату б) никогда

4) ешқашан в) дружба

4.Мәтінді оқып, сызба бойынша әңгімеле.

Менің екі жақсы досым бар. Біз үшеуіміз балабақшадан доспыз. Үшеуіміз де қазір бір сыныпта оқимыз, бірге сабаққа дайындаламыз, бос уақытымызды бірге өткіземіз. Үшеуіміз де Алматы қаласында №34 мектепте 6- сыныпта оқимыз. Достарымның аты- Айдын және Айдос. Біз үшеуіміз де оқу озатымыз. Айдынның көзі қара, бойы ұзын, мінезі жұмсақ, ал Айдостың көзі көк, шашы қара, мінезі шапшаң. Үшеуіміз ешқашан қатты сөзге келмейміз. Біз өте татумыз.


Екі досым

Алматы

Менің достарым

Айдос

№34 гимназия

Айдын


6-сынып


5.Мәтін бойынша Айдың мен Айдостың сырт келбетіне сипаттама бер.

Қалай ойлайсың Айдың мен Айдос шың достар ма? Өз пікіріңді білдіріп, дәлелде.



6.Жағдаятты талда.

Қаңтардың қара суығы. Мұхит екі шелекті қолына алып, өзеннен

су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, кіре берісте Мұхиттың аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді... Мұхиттың тобығы шығып ауруханада көп жатты. Сен Мұхиттың досы болсаң, не істер едің?
6-сабақ

Екі дос.

1.Бірінші бағанадағы сөздердің орыс тіліндегі баламасын тауып, бағдар сызықпен көрсет.

Түйдей құрдас – ценить

Жұбын жазбау – не расставаться

Кішіпейіл – предлагать

Қадір тұту - ровестники

Мойындау – не обижаться

Ұсыну – скромный

2.Жаңа сөздермен танысып, сөз тіркестері мен сөйлемдерді құрастыр.

Түйдей құрдас, жұбын жазбау, қабақ шытыспау, кішіпейіл, қадір тұту, мойындау, ұсыну

Сөз

Сөз тіркесі

Сөйлем










3.Мәтінді оқып,мәтінге ат қойып, мазмұның түсініп, қарамен жазылған сөздердің синонимдерін тауып жаз.

Назым мен Бейсенгүл - түйедей құрдас, тату дос. Қашан көрсеңде, жұбын жазбайды. Ойынды да бірге ойнайды, сыныпта да бір партада отырады. Екуі қабақ шытысып көрген емес. Сабақты жақсы оқиды. Оларды мұғалімдер де, балалар да сыйлайды. Тентек Мәліктің өзі де:-Назым мен Бейсенгүл жақсы жолдасымыз,-деп мойындайды. Оқушылар жиынында бұл екеуін оқушылар кеңесінің мүшелігіне басқалардан бұрын да осы Мәлік.



4.Сенің сыныбыңда Назым мен Бейсенгүл сияқты достар бар ма? Олардың достығы туралы әңгімелеп бер.

5.Сен досыңды дұрыс түсінбедің, одан қайтадан сұра.

Үлгі:

- Мен Айсұлу+мен сөйлестім.



- Кіммен?

Ол Астана қаласында туыстары+мен 7- қабатты үйде тұрады. Асқар отбасы+мен концертке бара жатыр. Қайрат+пен сөйлес.



6. Жағдаятты талдап, өз пікіріңді білдір.

Ақылбек пен Асылбек бесінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Ақылбек сабақтан келген соң түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Асылбек те ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Асылбек: - Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы,- деп өз өтінішін Ақылбекке айтты...



Ақылбек егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсың?

7-сабақ

Досымның отбасы.

1.Бірінші бағанадағы сөздердің орыс тіліндегі баламасын тауып, бағдар сызықпен көрсет.

Араласу – воспитанный

Сабырлы – костер

Ұқыпты - аккуратный

Шыдамды –кроткий

Ақкөңіл - искренний

Сенімді – верный

Әдепті – общаться

Момын – терпеливый

Алау – спокойный

2.Жаңа сөздерді қолданып, мағынасын түсініп, сыныптастарының мінездеріне сәйкес сөз тіркестерін құрастырып жаз.

Араласу, сабырлы, ұқыпты, шыдамды, ақкөңіл, сенімді, әдепті, момын, алау



3.Мәтінді етістіктермен толықтырып жаз.

Бүгін демалыс. Айбар сабақ ... еді. Ерасыл... . Екеуі сабаққа бірге ... . Сабақтарын қайталап болған соң, олар шахмат ... . Ерасыл шахмат ойнауды ... . Оған Айбар шахмат ойнауды ... . Айбар мен Ерасыл – дос.



Керекті сөздер: білмейтін, ойнайды, келді, үйретті, дайындалды, оқып отыр.

4. Шығармашылық тапсырма:“Жүректен шыққан” 4 жол өлең құра.
----------- тірегім,
----------- тіледім.
----------- қасымда
----------- сүремін.

5. Суретке қарап, досынның отбасы туралы әңгімеле.

6.Өз досынның отбасына құттықтау хат жаз.

8-сабақ.

Достық туралы мақал-мәтелдер.

1.Көп нүктенің орнына тән дыбыстарды қойып жазып, мақалды аудар.

Жолдасы к...пт...- олжас... к... .



2.Достық туралы білетін мақалдарды есіне түсіріп жаз.

3. Жақшаның ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін аудар.

Марат пен Дина (ровесники) және (друзья).Олар ешқашан (не расстаются), (вместе) ойнайды. Сыныпта (за одной) партада отырадй. Оларды мұғалімдер, балалар (уважают). Олар сыныпта (отличники). Диалог (бір-бірімен сөйлесу)



4.Мақал — сөздің мәйегі»

Жұптық жұмыс ойын «Өз жұбыңды тап». Орыс тіліндегі берілген мақалдың қазақ тілінде аудармасын тауып, жұбыңды тап.




  1. Жаман жолдастан таяғым артық.




  1. С добрым человеком сдружишься – цели своей достигнешь.

С дурным сдружишься – в дураках останешься.

  1. Күлме досыңа – келер басына.

2.Одежда хороша новая, а друг старый.

3.Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.



  1. Над бедой друга не смейся, то же может случиться и с тобой.

4.Заттың жаңасы жақсы.

Достың ескісі жақсы.



  1. Крепкая палка лучше плохого друга

5.Жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа.

Жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа.



  1. Дружи с тем, у кого приятелей много, откровенничай с тем, у кого друзей мало.



5.Мақал – сөздің көркі» «Достық» тақырыбына мақал - мәтелдер жарысын ұйымдастырып өткіз.

Мысалы: Адам досымен....


Жолдасы көптің -....
Татулық -....
Досы жоқ адам -....

6.Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр.

Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?
9-сабақ.

Достастыру.

1.Жаңа сөздермен танысып, бірнеше қайтала

ренжу – обидеться

ұялу – стесняться

кінәлы –виновный



күлімсірей - улыбаясь

2.Жаңа сөздерді пайдаланып, тақырыпқа байланысты сызба бойынша сөз тіркестерін құрастырып жаз.

Есімдік+зат есім

Зат есім+етістік

Сын есім +затесім

Үстеу+етістік



3.Мәтіннен жалғауларды теріп жаз.

Достастыру.



Күн демалыс. Айдос, Асха, Мақсат – үшеуі саяхатқа шықты. Жол бойы Асхат пен Мақсат ренжісіп, бір-біріне сөйлемей, теріс қарап отырды. Қастарына Айдос келді. Екеуінің неге ренжісіп отырған себебін сұрады. Мән-жайды біліп алған Айдос: - Сен неге достықты саттың, - деді Мақсатқа. Мақсат ұялып үнсіз қалды. – Менің ренжігеніме өзі кінәлы, - деді Асхат. Мақсат Асхаттан кешірім сұрады. Айдос екеуіне «достықты сақтаңдар» деді. Достар бір-біріне күлімсірей қарады.



Каталог: uploads -> doc -> 0cd3
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cd3 -> Сабақтың тақырыбы Е. Өтетілеуұлы «Балмұздақ» Мақсаты Күтілетін нәтиже
0cd3 -> Тақырыбы: «Қазақ поэзиясының хантәңірі» Залға арнайы шақырылған қонақтар келіп жатқанда М. Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер ойнап тұрады. Жүргізуші
0cd3 -> Жұмыс бағдарламасы Дарынды балалар-еліміздің интеллектуалдық элитасын қалыптастыратын ұлттық құндылық
0cd3 -> Әлімбек Қонысбековтың «Наурыз» күйі туралы қазақша ашық сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет