Сабақ ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі: Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі: Сабақтың тақырыбы: Мезгіл үстеу



бет1/4
Дата11.07.2017
өлшемі0,75 Mb.
#21049
түріСабақ
  1   2   3   4
105-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Мезгіл үстеу.

Сабақтың мақсаты: а) Мезгіл үстеу, оған қойылатын сұрақтармен таныстыру. Үстеулердің

мағыналық түрлерітуралы алғашқы білімдерін қалыптастыру. Мезгіл

үстеулерін қатыстырып сөйлем құрастыра білуге және сөйлем ішінен

мезгіл үстеулерін таба алуға үйрету.

ә) Оқушылардың сөздік қорларын молайту.

б) Ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:кестелер жинағы,топшама

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.


II.Өткенді қайталау.

  1. Ереже сұрау, мысалдар келтірту.

  2. Топшамамен жұмыс.


III. Жаңа сабақ.

- Үстеу дегеніміз не?

- Ол қандай сұрақтарға жауап береді.

- Үстеу мағына жағынан қай сөз табына қатысты айтылады?

- Үстеу мен сын есімді қалай ажыратуға болады?
Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

1.Сөйлемдерді оқыту.

2.Қарамен жазылған үстеулерге сұрақ қойғызып, мағынасын анықтау.


Кеше, ертең, кеш, ерте, жаңа, қазір, таңертең – қашан?
! Қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін білдіретін сөздерді мезгіл үстеулері дейміз. Мезгіл үстеуі қашан? деген сұраққа жауап беріп, етістікпен байланысады.

Мысалы: бүгін апарды, ертең келеді, күні бойы күтті.
2-жаттығу.

Жұмбақты көшіріп жазу.


Күндіз бармын, түнде жоқ,

Ішім жанып тұрған от.



Кештетіп барып сөнемін,

Таңертең қайтып келемін. ( күн )
*Үстеулердің астын сызу. Олар үстеудің қай түріне жататынын сұрақ қойып анықтау.

- Үстеу қай сөзбен байланысып тұр?

3-жаттығу.

1.Мәтінді оқыту.

2.Мезгіл үстеулерін өздері байланысқан етістіктерімен бірге көшіріп жазғызу.
4-жаттығу.


  • Мына сөздердің мағынасын білдіретін сөздерді табыңдар.


Ертеңгі уақыт – таңертең. Ертеңнен арғы күн – бүрсігүні. Осы жылы – биыл. Өткен жыл – былтыр. Қараңғы кез – түнде.


  • Сөздердің бірігуі арқылы жасалған үстеулерді ата.

  • Таңертең, бүрсігүні, биыл.

  • Олар қалай жазылады?

  • Биыл үстеуі бұл жыл деген сөздердің бірігуі арқылы жасалғанын есіңде сақта.




  • Сол үстеулерді қатыстырып, сөйлем құрастырып жазыңдар.



IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

1.Қызықты тапсырмалар.

2.Топшамамен жұмыс.
V. Бағалау, мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.


VI. Үйге тапсырма.

5-жаттығу. (150-бет)

Берілген үстеулерге қарсы мәнді үстеу жаз.

106-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Мезгіл үстеу.

Сабақтың мақсаты: а) Мезгіл үстеу, оған қойылатын сұрақтармен таныстыру. Үстеулердің

мағыналық түрлері туралы алғашқы білімдерін қалыптастыру. Мезгіл

үстеулерін қатыстырып сөйлем құрастыра білуге және сөйлем ішінен

мезгіл үстеулерін таба алуға үйрету.

ә) Оқушылардың сөздік қорларын молайту.

б) Ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.


II.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. 5-жаттығу.

Берілген үстеулерге қарсы мәнді үстеу жазу.


  1. Ереже сұрау, мысалдар келтірту.

  2. Шығармашылық диктант.


III. Жаңа сабақ.

- Үстеу дегеніміз не?

- Ол қандай сұрақтарға жауап береді.

- Үстеу мағына жағынан қай сөз табына қатысты айтылады?

- Үстеу мен сын есімді қалай ажыратуға болады?

- Мезгіл үстеу дегеніміз не?

- Қандай сұраққа жауап береді?
Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

1.Сөйлемдерді көшіріп жазу.

2.Мезгіл үстеулердің астын сызып, сұрақ қою.


Бүгін, кешке, бір күні, жақында, түнде, таңертең – қашан?

2-жаттығу.

Сурет бойынша мезгіл үстеулерін қатыстырып, «Ауыл адамдарының еңбегі» деген мәтін құрастырып жазу.
3-жаттығу.

1.Өлеңді оқып, жатқа жазу.

2.Үстеулерге сұрақ қойып, астын сызу.
5-жаттығу.

1.Жұмбақты көшіріп жазып, шешуін табу.

2.Үстеулердің астын сызу.
Әлемнің бар екі күзетшісі:

Бірі – күндіз тынығады,

Бірі – түнде тынығады.

(Күн мен ай)



  • Мағынасына қарай қандай үстеу екенін айтыңдаршы.



IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы бекіту.


1.Қызықты тапсырмалар.

«Сөз ойла, тез ойла»

«Саңырауқұлақ» сөзінен бірнеше сөз ойлап жаз.
2.Топшамамен жұмыс.
V. Бағалау, мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.


VI. Үйге тапсырма.

4-жаттығу. (151-бет)

Берілген үстеулерді қатыстырып, сөйлем құрастырып жазу.

107-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Мекен үстеу.

Сабақтың мақсаты: а) Мекен үстеулері туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Оларға

сұрақ қоя білуге үйрету. Сөйлем ішінде мекен үстеулерін өздерінің

байланысты сөзімен бірге таба алуға үйрету.

ә) Үстеудің түрлері туралы алған білімдерін ары қарай тереңдету.

б) Туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.


II.Үй тапсырмасын тексеру.

4-жаттығу.

Берілген үстеулерді қатыстырып, сөйлем құрастырып жазу.
III. Жаңа сабақ.

- Мезгіл үстеу дегеніміз не?

- Қандай сұраққа жауап береді?
Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

1.Үстеулерді оқыту. Қайда? сұрағына жауап беретін үстеулерді тауып, етістіктермен тіркестіріп жазу.
Төменде тұр. Тыста жүр. Алыста кетіп барады. Ілгері жүріп кетті. Алда келе жатыр.


  • Үстеулердің мағынасын анықтаңдар.


! Іс-әрекеттің болған орнын, бағытын білдіріп, кайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап беретін үстеулерді мекен үстеу дейміз.

Мысалы: төмен түсті, тысқа шықты, әрі-бері жүгірді.
2-жаттығу.

1.Мәтінді түсініп оқыту.

2.Мекен үстеулерін тауып, сұрақ қою арқылы қандай сөз табымен тіркесіп тұрғанын айтқызу.

3.Мекен үстеулерін тіркесіп тұрған сөзімен бірге көшіріп жазу.


Ауылдан тысқары, осында болады, ары-бері жүгіріп, мұнда тұратын.
! Тәуелдік жалғауы жалғанған ортасы, жағасы, шеті деген сияқты сөздер мекен үстеуі болмайтынын есіңде сақта!
4-жаттығу.

1.Сөйлемдерді көшіріп жазғызу.

2.Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдату.

3.Үстеулерді тауып, оның қандай сөйлем мүшесі болып тұрғанын анықтату.


5-жаттығу.

1.Әңгімені көшіріп жазғызу.

2.Үстеулерді тауып, сұрақ қойғызу.

IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы бекіту.


Қосымша тапсырма.

1.Түлкі, жолбарыс сөздерінен сөз құрату.
Түлкі- үкі, күл, үтік, үк, күт, іл.

Жолбарыс – жол, барыс, бор, бас, жар, сары, жасыл, лас т.б.
2. «Түлкі» сөзін септеу.

3. «Жолбарыс» сөзіне дыбыстық талдау жасау.



V. Бағалау, мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.


VI. Үйге тапсырма.

3-жаттығу. (152-бет)



108-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Мекен үстеу.

Сабақтың мақсаты: а) Мекен үстеулері туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Оларға

сұрақ қоя білуге үйрету. Сөйлем ішінде мекен үстеулерін өздерінің

байланысты сөзімен бірге таба алуға үйрету.

ә) Үстеудің түрлері туралы алған білімдерін ары қарай тереңдету.

б) Туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.


II.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Жаттығуларын тексеру. 3-жаттығу.

  2. Ереже сұрау.



III. Жаңа сабақ.

- Мекен үстеу дегеніміз не?

- Қандай сұраққа жауап береді?
Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

1.Сөйлемдерді көшіріп жазу. Мекен үстеулердің астын сызғызу.

2.Сұрақ қою арқылы мекен үстеулерді қай сөзбен тіркесіп тұрғанын айтқызу.


2-жаттығу.

1.Үстеулерді оқыту.

2.Олар қандай сұраққа жауап беретініне байланысты топтпрға бөліп жазғызу.
Қашан? Бұрын, күні-түні, күні бойы, үнемі, былтыр.

Қайда? Алыста, тыста, артта, кейін.

Қалай? Жылдам, ақырын, әрең.
3-жаттығу.

1.Жұмбақты оқытып, шешуін тапқызу.


Жасыл желек көгалда,

Бірде артқа,

Бірде алға,

Желаяқ көп бала,

Таласып жүр бір шарға.

(футболшылар)


2.Сұрақ қою арқылы мекен үстеулерді тапқызу.

3.Осы үстеулерді қатыстырып, сөйлем құрап жазғызу.


5-жаттығу.

1.Кейін, сонда үстеулеріне өйлем ойлап жазу.


Үлгі: Жұман мен Есен бір топ балалардан бөлінді де, кейін (қайда?) жүрді.

Кітапты кейін (қашан?) қайтарып беруге уәде етті.


2.Сұрақ қою арқылы үстеулердің мағынасын анқтату.
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы бекіту.


Шығармашылық диктант.

Сөздерді мағыналарына қарай анықтап, өзара үйлесімді сөздермен тіркестіріп, қос сөз жасап, оларды жазып көрсету.


Аяқ, қару, туған, ыдыс, жеті, емін, астан, ұшан, жаман, көрпе, қол, сегіз, аяқ, жәутік, теңіз, еркін, кестен, туыс, жастық, жарақ.
V. Бағалау, мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.


VI. Үйге тапсырма.

4-жаттығу. (153-бет)



109-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Сын-қимыл үстеуі.

Сабақтың мақсаты: а) Сын-қимыл үстеулері және оларға қойылатын сұрақпен таныстыру.

Үстеулерді мағынасына қарай топтай білуге үйрету. Үстеуге сөз табы

ретінде анықтама бере білу.

ә) Сөздік қорларын, үстеуге қатысты білімдерін дамыту.

б) Сауатты, таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.


II.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Жаттығуларын тексеру.

4-жаттығу.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жазу.

Ол сөздерге сұрақ қойып, мағынасын анықтату.


  1. Ереже сұрау.


III. Жаңа сабақ.

- Үстеу дегеніміз не?

- Үстеудің қандай түрлері бар?

- Мезгіл үстеу дегеніміз не? Сұрағын ата?

- Мекен үстеу дегеніміз не?

- Қандай сұраққа жауап береді?


Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

1.Қарамен жазылған үстеулерге сұрақ қойып, мағынасын анықтату.
- Қос сөзден жасалған үстеуді атаңдар.

- Үстеулер қай сөзбен байланысып тұр?


! Іс-әрекеттің амалын, тәсілін, бейнесін білдіретін үстеуді сын-қимыл үстеуі дейміз. Ол қалай? деген сұраққа жауап береді.

Мысалы: ақырын жүрді, әрең көрінді, балаша күлді.
2-жаттығу.

1.Сөйлемдерді көшіріп жазу.

2.Қалай? деген сұраққа жауап беретін үстеулердің астын сызу.

3.Қарама-қарсы мағынадағы үстеулерді тапқызу.


Қалай?етпетінен, шалқаынан тсіп, жай, шапшаң, ақырын, тез.
4-жаттығу.

1.Екі бағандағы сөздерден қос сөз жасап жаз.


Оқта-текте, сөзбе-сөз, жол-жөнекей, бүгін-ертең, ары-бері.
- Бұл сөздер қай сөз табы болып тұр?

- Дефис арқылы жазылатын үстеулерге мысал келтіріңдер.


5-жаттығу.

- Бала қалай жатыр?

- Жатыс түрлерін атаңдар.

- Қай сөздер сын-қимыл үстеуі болып тұр?


IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
1.Қызықты тапсырмалар.

2.Топшамамен жұмыс.
Сұрақ-жауап арқылы бекіту.
V. Бағалау, мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.


VI. Үйге тапсырма.

3-жаттығу. (154-бет)



110-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Сын-қимыл үстеуі.

Сабақтың мақсаты: а) Сын-қимыл үстеулері және оларға қойылатын сұрақпен таныстыру.

Үстеулерді мағынасына қарай топтай білуге үйрету. Үстеуге сөз табы

ретінде анықтама бере білу.

ә) Сөздік қорларын, үстеуге қатысты білімдерін дамыту.

б) Сауатты, таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.


II.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Жаттығуларын тексеру.

3-жаттығу.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жазу.

Үстеулерге сұрақ қойып, үстеудің қай түрі екенін айту.

Үстеу мен етістіктің байланысынсызба арқылы көрсету.




  1. Ереже сұрау.


III. Жаңа сабақ.

- Сын-қимыл үстеуі дегеніміз не?

- Қандай сұраққа жауап береді?
Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

1.Сөйлемдерді оқыту.

2.Қарамен жазылған сын-қимыл үстеулеріне сұрақ қойып, олардың қандай сөзбен байланысып тұрғанын анықтату.



Баяу, әрең, тез-тез, ақырын, қисайып, қатты-қатты, жай, жалма-жан, кілт, зорға – қалай?
- Үстеулер қалай жасалған?
2-жаттығу.

1.Сөйлемдерді көшіріп жазу.

2.Үстеулердің астын сызу.

3.Үстеулерге сұрақ қойып, мағынасын анықтату.


Қалай? Дереу, әзер, құлшына, баяу, асығыс, әрең.
3-жаттығу.

1.Үстеулерді оқыту.

2.Үстеулерді мағынасына қарай топтап жазуғызу.

Мезгіл үстеу Мекен үстеу Сын-қимыл үстеу

Бұрын алда әрі-бері

таңертең төменде бостан-бос

жазғытұрым сыртта ақырын

ерте қолма-қол

қазір балаша

баяғыда емін-еркін

күні-түні жаңаша

әрең

бұлбұлша


зорға

жоғары-төмен

жүрелей

осылай




  • Қос сөз боп тұрған үстеулерді атаңдар.

4-жаттығу.

1.Сөйлемдерді оқыту.
Таза жазды. Баяу жазды.

Қатты күлді. Әрең күлді.

Көңілді жүрді. Тез жүрді.

Сыпайы сөйледі. Ақырын сөйледі.


  • Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.

  • Олар қай сөз табымен байланысып тұр?

  • Етістіктердің орнына зат есім қойып айтып көріңдер.

  • Қай бағандағы етістіктерді зат есіммен ауыстыруға болмайды?


! Сын есім етістікпен байланысып айтылғанда, сын-қимыл үстеуі сияқты қалай? деген сұраққа жауап береді. Ондай сын есімдер зат есіммен де, етістікпен де байланысады.

Мысалы: таза жазды, таза су.

Ал үстеу етістікке қатысты айтылады.



Мысалы: ақырын сөйледі.
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
1.Қызықты тапсырмалар.

2.Топшамамен жұмыс.
Сұрақ-жауап арқылы бекіту.
V. Бағалау, мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.


VI. Үйге тапсырма.

5-жаттығу. (156-бет)



111-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Шылау

Сабақтың мақсаты: а) Шылаулардың толық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен

сөйлемді байланыстырып немесе қосымша мағына үстеп тұратын көмекші

сөздер екенін түсіндіру.

ә) Жаттығуларды ауызша, жазбаша орындату арқылы шылауларды шылау

тұлғалас қосымшалардан ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

б) Сабақ барысында еңбекқорлыққа, салт-дәстүрді сыйлауға тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.


II.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Жаттығуларын тексеру.

5-жаттығу.


  1. Ереже сұрау.


III. Жаңа сабақ.

Кестемен жұмыс.

Кестеде берілген сөздер оқылып, төмендегідей тапсырмалар орындалады.




Мысалдар

Мағынасы жоқ сөздер

1.Марат та, Асқар да, Гүлсім де циркке барды.

2.Атырау облысынан адамзат тарихы үшін бағалы екінші алтын адам табылды.

3.Асан мен Үсен жұртта қалып қойды.


та, да, де.

үшін
мен


1.Сөйлемдегі сөздерді сөз таптарына талдату.

2.Сөйлем мүшелеріне талдату.

3.Сұраққа жауап бермейтін, жеке мағынасы жоқ сөздерді тауып, кестенің екінші бағанына жазу.

4.Бұл сөздер өздері тіркескен сөздерге қосымша мағына үстеп немесе сөз бен сөзді байланыстырып тұрғаны айтылады.

Мысалы: да, де сөздері күшейткіш мән үстеп тұрса, үшін сөзі мақсат мәнін үстеп тұр, ал мен сөзі сөз бен сөзді байланыстырып тұр.
Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

1.Сөйлемдерді көшіріп жазу.

2.Қарамен жазылған сөздерді жеке оқыту. Олардың өз алджына толық мағынасы болмайтынына көңіл аударту.


2-жаттығу.

1.Өлеңді түсініп оқытып, өзіндік мағынасы жоқ сөздерді тапқызу.

2.Өлеңдегі өзіндік мағынасы жоқ сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырып жазу.


! Тілімізде өз алдына толық мағынасы жоқ сөздер шылау деп аталады. Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен мөйлемді байланыстырады. Шылаулар: мен (бен, пен), және, да (де), та (те), ма (ме), ба (бе), па (пе), дейін (шейін), қана (ғана), қой (ғой), үшін, туралы, -ақ, -ау.
3-жаттығу.

Өлеңді түсініп оқыту. Шылауларды тапқызу.




  • Өлең не туралы?

  • Өлең арқылы «Босағаң берік болсын!» деген тілекті не үшін айтатынын анықтаңдар.

4-жаттығу.

Төмендегі шылауларды қатыстырып, сөйлем құрастырып жазғызу.
Үшін, бен, -ақ, па, туралы, да.
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

«Ойланайық, балақай» дидактикалық ойыны.
Шарты: Тақтаға сөйлемдер жазылады. Көп нүктенің орынан тиісті шылауды қойып, сөйлемдерді

көшіріп жазу, сызба бойынша шылауларды қатыстырып, сөйлем құрастырып жазу.


1.Назым ... , Назгүл ... мектепте оқиды. Мектеп алдына бір топ мұғалімдер ... оқушылар ағаш отырғызып жатыр. Сыныпта Ілияс ... жүзе алады. Сен «Алпамыс» жырын оқыдың ... ?

2. 1. және .

2. та, да, де .

3. қана .

4. ғой.

V. Бағалау, мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.


VI. Үйге тапсырма.

5-жаттығу. (158-бет)



114-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Да (де), та (те) шылаулары

Сабақтың мақсаты: а) Да (де), та (те) шылаулары жатыс септік жалғауларына ұқсас келетіндігі,

бұл шылаулардың бөлек жазылатындығы және өзі тіркескен сөзге

күшейткіш үстеме мағына үстеп тұратындығын түсіндіру.

ә) Жаттығуларды ауызша, жазбаша орындату арқылы да, де, та, те

шылауларын шылау тұлғалас қосымшалардан ажырата білу дағдыларын

қалыптастыру.

б) Сабақ барысында еңбекқорлыққа, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.


II.Үй тапсырмасын тексеру.

1. Жаттығуларын тексеру.

5-жаттығу.

Сөйлемдер оқылады, ішінен шылауларды табу.


2. Ереже сұрау.

Оқушылардың алдыңғы сабақта мен (бен, пен), және шылаулары туралы алған білімдері пысықталады.


III. Жаңа сабақ.

Кестемен жұмыс.

Тақтаға екі бағанға сөйлемдер жазылып, оқушыларға оқытылады.




1.Орманда өсімдіктердің алуан түрі өседі.

2.Нұргүлде М.Әуезовтың шығармалар жинағы бар.

3.Қоста жылқышылар отыр.

4.Аңшының көзі ақсаңдай басып бара жатқан елікте болды.



1.Көктем шыға орман да шуға толды.

2.Биыл Асылбекова Нұргүл де педагогикалық практикадан өтеді.

3.Асылдың көзіне қос та, жылқылар да түспеді.

4.Хайуанаттар бағында елік те бар.


Бірінші бағандағы сөйлемдер оқылып, қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасы ажыратылады.

Қарамен жазылған сөздерге жалғанған қосымшалар жатыс септігінің жалғауы екені айтылады.

Екінші бағандағы сөйлемдер оқылып, ешқандай мағынасы жоқ, сұрақтарға жауап бере алмайтын сөздер, яғни шылаулар табылады.

Бұл шылаулардың күшейткіш мағына үстеп тұрғаны түсіндіріледі.
Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.



  • Нақыл сөздерді көшіріп жазу.

Берілген нақыл сөздер оқылып, мағынасы ашылады. Шылаулар табылады және олардың өздері тіркескен сөзге күшейткіш мағына үстеп тұрғаны айтылады.


2-жаттығу.

Сөйлемдерді көшіріп жазып, шылаулардың астын сызады.



  • Қай сөйлемде бірыңғай сөздермен қайталанып тіркескен шылаулар бар? (1,3,4-ші сөйлемде: домбыра да, қобыз да, өрік те, мейіз де оқуға да, ойнауға да).

  • Екінші сөйлемде шылау қандай сөз таптарының арасында келіп тұр? (Бірыңғай қолданылған екі сын есімнің арасында келіп тұр. Мысалы, әсем де нәзік).

  • Шылаулардың арасына қойылған тыныс белгісіне назар аударыңдар. Қай сөйлемдерде шылаулардың арасына үтір қойылған?

Ереже түсіндіріледі.



  • Бірыңғай сөздермен қайталанып тіркескен да (де), та (те) шылауларының арасына үтір қойылады.

  • Бірыңғай қолданылған екі сын есімнің арасында келсе, онда ешқандай тыныс белгі қойылмайды.

3-жаттығу.

Тиісті тыныс белгісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады.
4-жаттығу.

Өлеңді мәнерлеп оқыту. Шылауларды табу.

Сұраулы мағына үстеп тұрған шылауды атау (пе).

Да (де), та (те) шылауларын қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырып жазу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет