Сабақ Екі айнымалысы бар теңдеулер және олардың геометриялық мағанасы Күні,айы



бет30/85
Дата19.02.2020
өлшемі14,86 Mb.
#58369
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85
Байланысты:
9 АЛГЕБРА ҚМЖ жаңасы




Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:




Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сан тізбегі туралы түсінік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.2.3.1 сандар тізбектері туралы түсінік болу

Сабақ мақсаттары



Кейбір оқушылар: Сандар тізбегінің анықтамасын, мүшелерін, тізбекті беру тәсілдерін, тізбектің түрлерін біледі, тізбекті құрастыра алады. Тізбек мүшелері бойынша жалпы мүшесін таба алады.Рекуренттік тәсілмен берілген тізбектің мүшелерін таба алады.

Оқушылардың басым бөлігі:Сандар тізбегінің анықтамасын, мүшелерін, тізбекті беру тәсілдерін, тізбектің түрлерін біледі, тізбекті құрастыра алады.Тізбек мүшелері бойынша жалпы мүшесін таба алады.

Барлық оқушылар: Сандар тізбегінің анықтамасын, мүшелерін, тізбекті беру тәсілдерін, тізбектің түрлерін біледі, тізбекті құрастыра алады.

Бағалау критерийі

- баяндау тәсілімен берілген тізбекті құрастыра алады;

-тізбектің мүшелері бойынша жалпы мүшесін таба алады;

-рекуренттік тәсілмен берілген тізбекті құрастыра алады.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-Тібектің анықтамасын тұжырымдай алады, оның берілу тәсілдері мен түрлерін ажыратып айта алады.



Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

  • Сандар тізбегі

  • Өспелі, кемімелі, шекті, шексіз тізбектер;

  • Аналитикалық тәсіл, рекуренттік тәсіл;

  • Тізбектің мүшелері

Құндылықтарға баулу

Топтық жұмыс арқылы ұжымшылдыққа, қарым-қатынас жасау қабілетіне баулу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

1-мин

1 минут


Ұйымдастыру:

Жағымды психологиялық ахуал тудыру үшін шаттық шеңберге тұрғызып, қол ұстасып,барлығына бірдей «Сәттілік» деп айтқызамын.




Топқа бөлу

Үлестірмелер арқылы оқушыларды үш топқа бөлемін.

Топ басшы таңдап, бағалау парақтарын беремін.

Қима қағаздар



Сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстыру:

Тақырыбы: Сандар тізбегі және оның берілу тәсілдері

Мақсаты: Сандар тізбегі, тізбектің мүшелері, тізбекті беру тәсілдері және оның түрлері туралы ұғымдарды игеру.



Сабақтың ортасы

8 минут


7 минут

6 минут


(әр топқа 2 мин)
7 минут


7 минут



Жаңа білімде меңгеру. Мағынаны тану. Топтық жұмыс.

Әр топқа жаңа материалды меңгеруге үлестірмелер таратып беремін. Оқушылар жұптасып тақырыпты өздері танысады.



Ой қозғау: енді осы тақырыпты ашу үшін INSERT әдісін қолданамын. Яғни үш сұрақты үш топқа бөліп беремін. Әр топ өз cұрақтарын талдайды, постер жасап оны қорғайды.

  1. Сандар тізбегі деген не? Оның мүшелері?

  2. Тізбектің түрлері?

  3. Тізбектің берілу тәсілдері?


Постер қоғау.

Кері байланыс ауызша. Стикер арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
Тақырыпты жинақтап, қосымша ақпарат беремін. Фибоначчи қатары жайлы видео.
Деңгейлік тапсырмалар. (интерактивті тақта арқылы дұрыс жауабын тексеру.)

                                        №1(А)


   Төмендегі рекурренттік тәсілмен  берілген тізбектердің алғашқы бес мүшесін жазыңдар:

1)     a1 ═ 1;              a n+1 ═ an+3;



2)     a1 ═ 2;              an+1 ═ 3 an 
                                  №2(Ә)
    Төмендегі  тізбектерді  жалғастыр  және  жалпы мүшесінің формуласын жазыңдар:

1)              2;  4;  6;   8; …

2)              1;    1/4;   1/9;    1/16; ...

3(Б)

1)  Мүшелері 3-ке еселік болатын 30-ға дейінгі сандар тізбегін жазыңдар.

2)  4-ке бөлгенде қалдығы 1-ге тең болатын натурал сандар тізбегін жазындар.

            

         Тест тапсырмалары



  1. Егер тізбек аn = 2п3 -3п формуласымен берілсе,

оның екінші мүшесін табыңыз.

А) 10; В) 12; С)15; Д) 16; Е)20.

2.Тізбектің үшінші мүшесін тап: аn= n3+1

А) 1; В) 14; С) 2; Д) 28; Е) 7.

3. аn = п2 - п тізбегінің тоғызыншы мүшесін табыңыз.

А) 49; В) 80; С) 27; Д) 77; Е) 72.

4. аn = 3п +2 болса бесінші мүшесі нешеге тең?

А) 15; В) 16; С) 17; Д) 18; Е) 20.

Тест тапсырмаларының жауаптары:

  1. А

  2. Д

  3. Е

  4. С

Өзін – өзі бағалау

Дайын жауап арқылы тексеру жүргізеді

4 сұраққа - «5»

3 сұраққа – «4»

2 сұраққа – «3»
Сөзжұмбақ

Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде,
П әрпінен басталатын алгебра курсындағы ең негізгі тізбектердің атауын оқисыз.
1. Өспелі және кемімелі тізбектер.
2 Аналитикалық тәсіл деген не?
3. Координаталық жазықтық арқылы анықталатын тәсіл.
4. Келесі мүшесі алдыңғы мүше арқылы анықталатын тәсіл.
5. 1; 1/2; 1/3; 1/4; 1/5; ... қандай тізбек?
6. 2; 4; 6; 8; ... қандай тізбек?
7. Тізбек неден тұрады?
8. п –ші мүшесі формуламен берілсе, қандай тәсіл?
9. Сандардың орналасу заңдылығы сөзбен берілетін тәсіл.

    


Үлестірмелер

А5 форматты қағаз

стикерлер


Интерактивті тақта


Деңгейлік тапсырмалар тарату.



Сабақтың

соңы
3минут


Сабақты қорытындылау. Балалар біз алдымызға қойған мақсатқа жеттік пе?

Топ жетекшілерінен бағалау парақтарының қорытындысын сұрау. Қорытынды баға қою.

Сұрақтары бар қорап

Кабинетте сұрақ қойылып, оқушылар өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақ барысында талқыланады.



Рефлексия


1. Не білдім?
2. Қандай көмегі болды?
3. Маған ұнады немесе ұнаған жоқ.
4. Болашақта қолдана аламын.
«Білімді болу. Бұл бүгінгі күннің басты талабы, басты ұраны. Болашақты бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана» .

(Жолдаудан.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет