Сабақ Геометрияның негізгі ұғымдары Күні,айы: Мұғалімнің аты-жөні



бет28/67
Дата08.11.2019
өлшемі23,85 Mb.
#51379
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67
Байланысты:
7 ГЕОМЕТРИЯ КМЖ


5.Қалыптастырушы бағалау жұмысы

Оқу мақсаты: 7.1.1.23

Теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолдану

Ойлау дағдыларының деңгейі: білу,түсіну және қолдану

Бағалау критерийі:

Есептерді шығару барысында теңбүйірлі үшбұрыштың анықтамасын,қасиеттері мен белгілерін біледі және оны дәлелдеуге есептерді шығаруда қолдана алды.


1-тапсырма

Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 8см, табаны 10см болғандағы периметрін табыңдар.



Дескриптор: Білім алушы

- теңбүйірлі үшбұрыштың анықтамасы арқылы бүйір қабырғасын анықтайды

- периметрін табады.

2-тапсырма

Теңбүйірлі үшбұрыштың төбесіндегі бұрышы 750 . Табанындағы бұрыштарын табыңдар.



Дескриптор: Білім алушы

  • теңбүйірлі үшбұрыштың қасиетттерін пайдаланып, үшбұрыштың табанындағы бұрыштарын анықтайды



3-тапсырма

Берілгені: MO = ON, BMO = CNO.
Дәлелдеу керек:  BOCтеңбүйірлі



Дескриптор: Білім алушы

  • вертикаль бұрыштар теңдігін қолданады

  • үшбұрыштардың теңдігінің белгілерін пайдаланады

  • теңбүйірлі үшбұрыштың қасиетттерін қолданып, дәлелдейді



Математика 2-бөлім Алматы: Мектеп.2017А.Е. Әбілқасымова және т.б, флипчарт, маркерлер

Математика 2-бөлім Алматы: Мектеп.2017А.Е. Әбілқасымова және т.б,

интербелсенді тақта

интербелсенді тақта

интербелсенді тақта,

Э.Н.Балаян

Геометрия

Задачи на готовых чертежах для подготовки к ГИА и ЕГЭ

7-9

үлестірмелі материалдар



Сабақтың соңы

2 мин


Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет



 Стикерді түстеріне сай жапсырады.



Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушылармен бірге бірлесе отырып топтық жұмыс жасайды. Сабақта «Ойлан.Бірік.Бөліс», «Пилот және штурман» әдістерін қолданып,ширату жаттығулары арқылы олардың жинақталуына, тақырыпты меңгеруіне септігін тигізіп, оқуға тарта аламыз.



Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Оқушылардың материалды меңгеруін тексеру қалыптастырушы бағалау тәсілдері: смайлик, бағдаршам,бас бармақ арқылы жоспарланды. Қиынырақ есептер беріп, олардың нәтижесімен қорытынды жасату.Жеке тапсырмалар беру арқылы қалыптастырушы бағалау.



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақтау

Оқушылардың партада дұрыс отыруы. Жарықтың дұрыс түсуі. Оқу құралдарының қауіпсіздік ережесімен жұмыстану.






Тақырыбы:

Сабақ 31

Параллель түзулер

Күні,айы:

Мұғалімнің аты-жөні:




Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.2.3

екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштарды танып білу;

7.1.2.4

түзулердің параллельдік белгілерін дәлелдеу;



7.1.2.5

түзулердің параллельдік белгілерін есептер шығаруда қолдану;

7.1.2.6

параллель түзулердің қасиеттерін дәлелдеу;



7.1.2.7

параллель түзулердің қасиеттерін есептер шығаруда қолдану;



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Параллель түзулердің анықтамасының тұжырымдамасын біледі, қасиеттерін біледі, параллель түзулер ұғымын кеңейте түседі, екі параллель түзуді үшінші параллель түзумен қиғанда пайда болатын бұрыштардың түрлерін біледі



Оқушылардың басым бөлігі:

Топта жұмыс істеу арқылы ізденеді, біледі, түсінеді және мәтінмен жұмыс істеу арқылы пәнге қызығушылығы артады




Кейбір оқушылар:

Параллель түзулердің сызбаларын дұрыс түсініп, сауатты сала білуге дағдыланады. 



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы(2-5 минут)

(МК)Оқушылардың сабаққа дайындығы.Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.

.. Үй тапсырмасын тексеру: (диалогтық оқыту технологиясы бойынша)



Математикалық диктант
Анықтамаларды жалғастырыңыздар
Сүйір бұрышты үшбұрыш деп аталады егер, …
Доғал бұрышты үшбұрыш деп аталады егер,......
Үшбұрыштың теңдігінің белгілері қандай ……
Тең қабырғалы үшбұрыш деп аталады егер оның барлық қабырғалары тең болса……
Қабырғалары әр түрлі деп аталады егер оның қабырғалары әр түрлі болса……

Өткен оқу материалын қайталау:
1. Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтары 4 см, 5см, 6см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.
3. Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 45см. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
4. Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 2см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.
«О й қ о з ғ а у»
«Үшбұрыштар еліне саяхат»
Сұрақтар, тапсырмалар
• Қандай фигураны үшбұрыш деп атайды? Элементтерін ата.
• Қабырғаларының ұзындықтарына қарай үшбұрыштар қандай түрлерге бөлінеді?
• Бұрыштарының шамасына қарай үшбұрыштар қалай аталады
• Суретте СН кесіндісі қалай аталады?




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК,Ұ)

. «ЖИГСО әдісі» пайдаланамыз

Тақырыбы:

1 топ


Қилысқан түзулер

2 топ Прараллель түзулер

Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіру мақсатында осы көрсетілген әдіс бойынша жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату

Параллель а және в түзулерін жүргізу үшін:

1/. Сызба бұрыштықтың бір жағын сызғышқа жылжытып, екінші жағының бойымен а түзуін жүргіземіз.

2/. Сызғыштың бойымен сызба бұрыштықты жылжытып қалаған бағытта екінші в түзуін жүргіземіз.



Бір жазықтықта жататын бір- бірімен қиылыспайтын түзулер параллель түзулер деп аталады.“Параллель” сөзі гректің parallelos- “қатар жүруші” деген сөзінен шыққан. ||-параллельдік белгі. a ||b

Оқылуы: a түзуі b түзуіне параллель



Параллель түзулерде жатқан кесінділер де, сәулелер де өзара параллель болады.

Параллель түзулердің негізгі қасиеті: Түзудің бойында жатпайтын бір нүкте арқылы сол түзуге бір ғана парралель түзу жүргізуге болады. /параллельдік аксиомасы/

Параллель екі түзудің біреуін қиып өтетін түзу екіншісін де қиятындығы туралы теореманың дәлелденіп көрсетіледі.

Тапсырмаларды орындата отырып бұрынғы,бүгінгі білімдерін пайдалана отырып,практикалық негізінде ізденіске ,өз ойын аита білуге қолайлы сәт тудыру.


Практикалық тапсырма
Группа 23

1Группа 13/


Оқулық


Аудидиск:

1.6.1; 1.6.4;


№1Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы( 41-45мин)

Топпен есептер шығару

І

1.Параллель түзулер сызып, оларды белгіле.

2. Жердің Меридиандары мен параллельдері қиылысқанда, қандай түзулер пайда болады?

ІІ

1. Сызғышты және үшбұрышты пайдаланып, ұзындығы 3,6 см-ге тең кесінді сызып, оған оның ортасы арқылы ұзындығы 4 см-ге тең перпендикуляр жүргізіңдер.

2. Бір-бірімен әрі параллель әрі перпендикуляр болатын үш түзу сызыңдар.

ІІІ

1. Түзу сызыңдар. Оны в деп белгілеңдер. Осы түзуде жататын В нүктесін белгілеңдер. Сызғыш пен үшбұрышты сызғышты пайдаланып, В нүктесі арқылы өтетін в түзуіне перпендикуляр болатын а түзуін салыңдар.




Жаңа білімді бекіту кезеңі (сұрақтар қойылады және оқушы білімі бағаланады)

  1. Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?

  2. Параллельдік аксиомасы дегеніміз не?

  3. Берілген түзуден тыс жатқан нүкте арқылы түзуге параллель неше түзу жүргізуге болады?

Теореманың кері жору әдәсі дегеніміз не




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?







Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1.

2.




Тақырыбы:

Сабақ 33-34

Параллель түзулер, олардың белгілері және қасиеттері

Күні,айы:

Мұғалімнің аты-жөні:




Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.2.3

екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштарды танып білу;

7.1.2.4

түзулердің параллельдік белгілерін дәлелдеу;



7.1.2.5

түзулердің параллельдік белгілерін есептер шығаруда қолдану;

7.1.2.6

параллель түзулердің қасиеттерін дәлелдеу;



7.1.2.7

параллель түзулердің қасиеттерін есептер шығаруда қолдану;



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Параллель түзулердің қасиеттері  тақырыбында үйренген білімді күнделікті өмірмен байланыстыра алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Параллель түзулердің қасиеттерін және оларға сәйкес теоремаларды дәлелдеуді үйренеді

.


Кейбір оқушылар:

 Параллель түзулердің қасиеттерін және оларға сәйкес теоремаларды дәлелдеуді және есептер шығару кезінде қолдануды үйренеді



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы(2-5 минут)

(МК)Оқушылардың сабаққа дайындығы.Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.

Үй тапсырмасының дұрыс орындалғанын анықтап, қате орындалған жұмыстарды оқушылармен бірлесе отырып талқылау.

 Қандай бұрыштар вертикаль бұрыштар деп аталады?

ü  Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады?

ü  Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?

ü  Берілген түзуде жатпайтын бір нүкте арқылы түзуге параллель неше түзу жүргізуге болады?

ü  Бір түзуге перпендикуляр екі түзу қиылысама?








Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК,Ұ)

Постермен жұмыс

Түзулердің параллельдік белгілері .

Інұсқа


1.Егер екі түзуді қиюшымен қиғанда ... тең болса , онда бұл түзулер параллель болады.

( Параллельдіктің І белгісі орындалатындай етіп , көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар. )

2.Егер қайсыбір түзу параллель екі түзудің біреуін қиса , онда ол екіншісін қиюы мүмкін бе ?

3.Параллель екі түзу мен қиюшыдан жасалған ішкі тұтас екі бұрыштың айырмасы 300 тең .Осы бұрыштар неге тең?

4.Параллель екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болатын бұрыштардың біреуі 750 –қа тең. Осы бұрыштар неге тең?
ІІ нұсқа

1.Егер екі түзуді қиюшымен қиғанда ... тең болса, онда бұл түзулер параллель болады.

( Параллельдіктің ІІ белгісі орындалатындай етіп, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар. )

2.Егер параллель екі түзуге үшінші түзу параллель болса, онда үш түзу өзара параллель болуы мүмкін бе ?

3.Параллель екі түзу мен қиюшыдан жасалған ішкі айқышш екі бұрыштың қосындысы 1500-қа тең. Осы бұрыштар неге тең ?

4. Параллель екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болатын бұрыштардың біреуі 650 –қа тең. Осы бұрыштар неге тең?


Топтық жұмыс

1- теорема (§8, 2-теоремаға кері теорема). Егер параллель екі түзуді үшінші түзу қиып өтсе, онда пайда болған айқыш бұрыштар тең болады.

2-теорема (§8, 3-теоремаға кері). Параллель екі түзу үшінші түзумен қиылысқанда а) ішкі тұтас бұрыштардың қосындысы 1800-қа тең; ә) сәйкес бұрыштар тең болады.

3-теорема. Сәйкес қабырғалары параллель екі бұрыш өзара тең немесе олардың қосындысы 1800-қа тең болады.

Салдар. Сәйкес қабырғалары бірдей немесе қарама-қарсы бағытталған екі бұрыш тең болады.
Жеке жұмыс

№108. Екі параллель түзу үшінші түзумен қиылысады. Ішкі бұрыштардың бірі мен оған вертикаль бұрыштың қосындысы 2400-қа тең. Берілген бұрышқа сәйкес бұрышты табыңдар. Жауабы. 1200

№3 а және в параллель түзулері с түзуімен қиылысады. Ішкі тұстас бұрыштарды табыңдар:

2) 1 – 2 = 300; 3) 1 : 2 = 1 : 2

Жауабы:

2) 1050; 750 3) 600; 1200

№4 АВ және СД түзулері КL түзуімен О және Е нүктелерінде қиылысады. Егер КОВ бұрышы КЕС бұрышының төрттен бір бөлігін құраса және

КЕС = 1440 болса, онда АВ және СД түзулерінің параллель болатынын дәлелдеңдер.

Жауабы: КОВ = АОЕ себебі вертикаль бұрыштар. АОЕ + КЕС = 1800,

АОЕ = 1800 – 1440 = 360, сондықтан параллель.

№5 а және в параллель түзулері с түзуімен қиылысады. Ішкі тұстас бұрыштарды және ішкі тұстас бұрыштың біреуіне вертикаль бұрышты табыңдар:

1) 2 = 1/2* 1; 2) 3 + 2 = 700; 3) 3 : 1 = 2 : 3

Жауабы:

1) 600; 1200 2) 350; 350 3) 720; 1080



Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. Егер а мен b және b мен с түзулері қиылысса, а мен с түзулері қиылысады деп айтуға бола ма?

2. с түзуін жүргізіп, оған тиісті емес А нүктесі белгілеңдер. Осы нүктелердің әрқайсысы арқылы с түзуіне параллель болатын түзу жүргізіңдер. Ол түзулер қалай орналасады?

3. а,b түзулері берілген. Егер а‖b болса, b‖а бола ма? Жауабын түсіндіріңдер.

4. а мен b түзулері бір нүктеде қиылысады. Олардың әрқайсысына параллель түзулер бола ма? Жауабын түсіндіріңдер.

ІІ деңгей тапсырмалары

1. а.b,c түзулері берілген. а‖b, ал b мен с қиылысады. А мен с түзулерінің де қиылысатынын дәлелдеңдер.

2. Сәуле жазыңқы бұрышты 1:4 қатынасқа бөлсе, пайда болған бұрыштардың шамалары қандай?

ІІІ деңгей тапсырмалары

1. а түзуі мен осы түзуге тиісті емес а нүктесі берілген. А нүктесі арқылы өтетін үш түзудің ең болмасы екеуі а түзуін қиятынын дәлелдеңдер.


Топтық жұмыс.

Парталас сыныптастарыңмен үшінші деңгей есебін шығарыңдар.




Оқулық
Аудидиск:

1.7.1; 1.7.3;
Қосымша тапсырма:1.7



Сабақтың соңы( 41-45мин)

«Сиқырлы ағаш» ойыны.

Ойынның мақсаты: Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.

Ойынның шарты: Тақтаға ағаштың суреті ілінеді. Жемістердің сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы бір жемісті алып, ол қандай жеміс екенін, сұраққа жауап береді. Сөйтіп оқушылар ағашты жеміске толтырады.
1.AB∥CD; EF-қиюшы,

(1) Егер ∠1=110   , ∠2 - ні тауып, себебін түсіндір.


  (2) ∠4 неше градус?

Суретте:қабырғаға орналасқан су трубасы көрсетілген. Егер

AB IICE, ∠ABC=142болса,

∠BCE - ны табыңдар?



 2. Суретте:қабырғаға орналасқан су трубасы көрсетілген. Егер

AB IICE, ∠ABC=142болса,

∠BCE - ны табыңдар?

Сөз жұмбақ

1.    Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер?

2.    8 қандай сан?

3.    Нүктеден, екі сәуледен

Фигура ол құрайды.

Айтындаршы қанекі

Қалай ғана аталады?

4.    Қосуға кері амал?

5.    Ұзындық өлшем бірлігі?

6.    Нәрселерді санау қолданылатын сандар?

7.    Геометриялық фигуралардың барлық қабырғалардың барлық қабырғаларының қосындысы не деп аталады?

8.    Ортақ нүктесі бар түзулер қалай аталады?

9.    Шеңберді сызатын құрал?





(Қ)Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін ,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?







Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1.

2.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет