Сабақ. Грамматикалық тақырып: Есімдіктердің мағыналық топтары лексикалық тақырып: Қазақ тілі сабағы



бет23/118
Дата28.10.2022
өлшемі2,08 Mb.
#155392
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   118
Байланысты:
УМКД 2012-2013
Документ (11)
Қазақстандағы білім беру жүйесі


М
әтінді мұқият оқып, мазмұнын айтыңыздар.

Республиканың білім беру жүйесі өзара тығыз байланысты бірнеше сатылардан тұрады: балабақша, жалпы білім беретін мектеп, кәсіби-техникалық колледж, арнаулы орта және жоғары оқу орындары, мектептен тыс мекемелер, дипломнан кейінгі білім /магистратура, аспирантура, доктарантура/, әр түрлі мамандық бойынша білімді жетілдіру курстары.
Республикада жоғары білім беру жүйесінде 100-ден астам мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орны тіркелген. Олардың ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық университетін, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін, Абай атындағы Қазақтың ұлттық педагогикалық университетін, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын, Қазақтың Мемлекеттік Басқару академиясын, Әлем тілдері университетін ерекше атауға болады.
Қазіргі заманғы өндіріс салалары, қоғамның рухани өмірі әрбір азаматтан жалпы, политехникалық, компьютерлік білімді ғана талап етіп қоймайды, сонымен қатар арнаулы кәсіби мамандықты, біліктілікті қажет етеді. Кәсіптік білім жеке тұлғаның, яғни әрбір адамның жан-жақты дамуының қажеттілігі болып саналады. Білімділік саналылықтың қажеттілігі, ал мемлекеттің қуаттылығы оның әрбір мүшесінің саналылығына байланысты. /соңғы абзац. Күнқожаев Н. Адам және қоғам.-А,2001-68-69б/


1
-тапсырма. Мына сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. Курсы повышения квалификации. 2. Вечерняя школа. 3. Специальное среднее учебное заведение.4. Школа с углубленным изучением предмета. 5. Трехступенчатая общеобразовательная школа.6. Продолжить учебу. 7. Частная школа. 8. Казахский Государственный унивеситет им. Абая. 9. Казахская Государственная академия управления.


2
-тапсырма. Қазақстандағы білім беру жүйесі туралы пікір алысыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет