Сабақ. Грамматикалық тақырып: Есімдіктердің мағыналық топтары лексикалық тақырып: Қазақ тілі сабағы



бет19/118
Дата28.10.2022
өлшемі2,08 Mb.
#155392
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   118
Байланысты:
УМКД 2012-2013
Документ (11)
удың удің у уге уді уға


Грамматикалық тест тапсырмалары
1. Қажетті форманы қойыңыз.
Вставьте необходимую форму.
Мемлекет тарапынан инновациялық жобаларға қаржы бөлін... керек.
А) -уді
Ә) -уге
Б) -удің
В) -уі
Г) -умен


2. Қажетті сөзді қойыңыз.
Вставьте необходимое слово.
Жастар терең ақылмен, өмірлік күш-қуатымен ... тиіс.
А) бастауға
Ә) сақтауға
Б) ерекшеленуге
В) адаспауға
Г) қаржыландыруға


3. Қажетті сөзді қойыңыз.
Вставьте необходимое слово.
Ата-бабалар айтқан өсиет есте ... керек.
А) келу
Ә) болу
Б) кету
В) кіру
Г) шығу


4. Қажетті сөзді қойыңыз.
Вставьте необходимое слово.
Жастарға жағдай ... керек.
А) келу
Ә) құру
Б) төлеу
В) жасау
Г) шешк


5. Қажетті сөзді қойыңыз.
Вставьте необходимое слово.
Ол бұл сөзге ... тиіс.
А) болмауға
Ә) айтпауға
Б) жүрмеуге
В) күтпеуге
Г) ренжімеуге


6. Қажетті сөзді қойыңыз.
Вставьте необходимое слово.
Жоспарды дер кезінде ... тиіс.
А) шақыруға
Ә) тұруға
Б) өткізуге
В) қатысуға
Г) келісуге


7. Қажетті сөзді қойыңыз.
Вставьте необходимое слово.
Басшының өз жұмысын адал ... қажет.
А) сұрауы
Ә) кетуге
Б) істеуі
В) үлгеруі
Г) шешудің


Білім беру жүйесіндегі серпіліс
Тыңдаңыз, қайталаңыз, жаттаңыз. Слушайте, повторяйте, выучите.



процесс

үдеріс

по шире

кеңірек

объединяться

бірлесу

формировать

қалыптастыру

«четыре столпа образования»

«білім берудің төрт тағаны»

достигнуть

қол жеткізу

критическое мышление

сындарлы ойлау

ориентация, ориентир, направление

бағдар

одаренный

дарынды

точная наука

нақты ғылым

естествознание

жаратылыстану

способность

қабілет

намечается

көзделіп отыр

фундамент

іргетасы

современный

заманауи

лаборатория

зертхана

прорыв

серпіліс

поток информации

ақпарат ағыны



1. Тыңдаңыз. Қайталаңыз / Слушайте. Повторяйте
Бүгінде білім беру үдерісіне мүмкіндігінше кеңірек қарауға болады. Әр адамды қазіргі заманғы әлемде іс істеуге, білім ала білуге, өмір сүре алуға, бірлесіп өмір сүре білуге үйрету қажет. Бұл ЮНЕСКО қалыптастырған «білім берудің төрт тағаны».
Ұзақ жылдар бойы біздегі білім берудегі басты проблема ақпараттарға қол жеткізу болды. Бүгінгі жағдай басқаша. Қазіргі кезең – «ақпарат ғасыры». Болжам бойынша 2010 жылы ақпарат көлемі алты есеге ұлғаймақ. Ақпараттың мұндай көлемінде жоғалып кетуге де болады.
Сондықтан қазіргі заманғы білім берудің перспективалық міндеті – ол сындарлы ойлай білетін және ақпараттар ағынында бағдар ала білуге қабілетті адамдарды даярлау.
Бізде дарынды өте балалар көп. Олардың таланттарын ашу үшін интеллектуалдық мектептер ашылып жатыр. Бұл мектептерде нақты және жаратылыстану ғылымдары оқытылып, оқушылардың сындарлы және креативті ойлау қабілетін дамыту көзделіп отыр. Олар Қазақстанның интеллектуалды элитасын тәрбиелеудің іргетасы болулары тиіс.
Астана қаласында әлемдік деңгейдегі Халықаралық университет ашылмақшы. Онда инженерлік және техникалық кадрларды, генетика, биохимия, физика мамандарын дайындайтын болады. Және де заманауи зертханалар, Ұлттық биотехникалық орталық т.б. жұмыс істейтін болады
(Н.Ә. Назарбаевтың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдығында оқыған «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» лекциясы бойынша (Алматы, 13 қазан 2009 жыл) ықшамдалып алынды).


Аудио тапсырмалар
1. Н.Ә. Назарбаев бұл дәрісті қай жерде оқыды?
А) Н. Назарбаев атындағы жаңа университетте
Ә) Астанада, Л.Н. Гумилев атындағы университетте
Б) Мәскеуде, Мәскеу мемлекеттік университетінде
В) Алматыда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде
Г) Ақтауда, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет