Сабақ. Грамматикалық тақырып: Есімдіктердің мағыналық топтары лексикалық тақырып: Қазақ тілі сабағы


Тыңдаңыз, қайталаңыз. Слушайте, повторяйте



бет22/118
Дата28.10.2022
өлшемі2,08 Mb.
#155392
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   118
Байланысты:
УМКД 2012-2013
Документ (11)
2. Тыңдаңыз, қайталаңыз. Слушайте, повторяйте.

  • Айдана, сен елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың лекциясын тыңдадың ба?

  • Қай лекциясы, Әсем, Гумилев атындағы Еуразиялық университетіндегі ме, жоқ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы ма?

  • Әрине, соңғы лекциясы. Қалай аталушы еді?

  • «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» деп аталады. Мен сол лекцияда болдым.

  • Қандай бақыттысың! Мен теледидардан көрдім. Бес бөлімнен тұратынын білемін. Жалпы әлемдік дағдарыстың себептеріне кеңірек тоқталған жоқ па?

  • Дұрыс айтасың. Сонымен қатар еліміздегі дағдарысқа қарсы шаралар да айтылды.

  • Маған «Интеллектуалдық ұлт» жобасы ұнады. Егер осы жоба шын мәнінде іске асса, Қазақстан әлемді мойындатады.

  • Әрине, Әсем! Біздің алар биігіміз әлі алда!



Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтаңыз. Соблюдайте порядок слов в предложении.
- лекциясын ба тыңдадың Н.Ә.Назарбаевтың?
- сол мен болдым лекцияда.
-шаралар еліміздегі дағдарысқа айтылды қарсы
ұнады «Интеллектуалдық ұлт»маған жобасы
мойындатады Қазақстан әлемді.

3-САБАҚ. Университет білім ордасы.





  1. Сіз қандай мамандықты таңдадыңыз?

  2. Таңдаған мамандығыңыз сізге ұнай ма?

  3. Неліктен ұнайды?

Қазақ ұлттық университеті – Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орны. Университет 1934 жылы құрылды. ҚазҰУ 1991 жылдан бастап, Шығыстың ұлы ойшылы әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталады.


Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1993 жылғы Жарлығымен университетке өзін-өзі басқару мәртебесі берілді.
Қазір университеттің 14 факультетінде 16 мыңнан аса студенттер оқиды. Студенттер үшін ірі ғылыми кітапхана, асханалар, спорт кешені, жұмыс істейді. Әлемдік интернет жүйесімен байланысуға, электронды почта, кітапхана каталогын пайдалануға болады. Бірнеше оқу ғимараттары бар. Негізгі оқу ғимараттары тұрған жерді «Университет қалашығы» деп атайды. Сондай-ақ, академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы бар.
ҚазҰУ – еліміздің ең ірі ғылыми орталығы. Бұл күндері оқу орнында ҚР Ұлттық Ғылым академиясының 23 академигі, 280 ғылым докторлары мен профессорлар, 680 ғылым кандидаттары мен доценттер еңбек етеді.
ҚазҰУ – халықаралық университеттер ассоциациясына мүше және Американың, Еуропаның, Азияның, Африканың 175 университетімен байланыс жасайды. Жыл сайын 70-тен аса студент шет елдің жоғары оқу орындарында білім алады.
Университетте оқу жүйесі екі сатылы – бакалавриат және магистратура түрінде жүргізіледі.
Жақында Елбасының Жарлығымен университетке Сапа саласындағы жетістіктері үшін «Алтын Сапа» белгісі берілді.

1. Университет қай жылы құрылды?


2. Университетке әл-Фараби есімі қай жылы берілді?
3. Университетке өзін өзін-өзі басқару мәртебесі қай жылы берілді?

  1. Университетте неше факультет бар?

  2. Онда қанша студент оқиды?

  3. Оқу ғимараттары тұрған жерді қалай атайды?

  4. Қалашықта тағы нелер бар?

  5. ҚазҰУ қандай ассоциацияға мүше?

  6. Дүние жүзінің неше университетімен байланыс жасайды?

  7. Жыл сайын қанша студент шет елде білім алады.

  8. Университетте оқу неше сатылы?Жақында университетке қандай марапат берілді?

  9. Ол не үшін берілді?

  10. Мәтіннен есептік сан есімдерді табыңыз.

  11. Мәтіндегі негізгі сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыз.

Үлгі: ҚазҰУ жетекші жоғары оқу орны ма?


Төмендегі сөйлемдер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.


Университет – жетекші жоғары оқу орны, Қазақстан Республикасының оқу орны, университет 1934 жылы құрылған, университет әл-Фараби есімімен аталады, өл-Фараби шығыстың ұлы ойшылы, Президент жарлығымен берілді, 1993 жылы өзін-өзі басқару мәртебесі берілді, бұл күндері, еңбек етеді, ірі ғылыми орталығы, оқу ғимараттары, студенттер қалашығы, оқу жүйесі, ұлттық оқу орны, «Алтын сапа» белгісі, марапат.


ІІІ АПТА
1-Сабақ


Грамматикалық тақырып: Септіктердің қызметі
Лексикалық тақырып: Қазақстандағы білім беру жүйесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет