Сабақ ХVІІ ғ. Ағылшын буржуазиялық революциясы. Англиядағы капиталистік құрылыстың дамуы. Феодализмнің дағдарысы



бет1/2
Дата26.02.2022
өлшемі1,5 Mb.
#133499
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
№1


Практикалық сабақ 1. ХVІІ ғ. Ағылшын буржуазиялық революциясы.
1.Англиядағы капиталистік құрылыстың дамуы. Феодализмнің дағдарысы.
1.Революцияның әлеуметтік-экономикалық, саяси және идеологиялық алғы шарттары. Революциялық ахуалдың қалыптасуы.
3. Революциядағы таптар пен «партиялардың» күресі.
4. Ұзақ парламенттің заңдары. Аграрлық мәселе.
5. О.Кромвельдің протектораты. Стюарттар реставра-циясы.
6. Революцияның сипаты, ерекшелігі мен тарихи маңызы.
Орындаған: студент Каирмагамбетов Ж.К

XVII ғасырдың 40 жылдары саяси жағдай шегіне жетіп, абсолютизмді құлату үшін күрес басталды. Стюарттар және ол қорғаған феодалдық тәртіптің мемлекет ішінде капиталистік қатынастар дауында негізгі кедергіге айналды. Экономика мен саяси өмірде тосқауылдар қойылды. Жаңа өндіргіш күштердің дамуы мен ескі феодалдық өндіріс қатынастары арасындағы қақтығыс Англиядағы буржуазиялық революцияның басты себебі болып табылады.
Қысқа парламент таратылғаннан кейін, соғыстың созылуы қаржыны қажет етіп 1640 жылғы шақырылған парламент құрамында сайлауда жеңіске жеткен буржуазия мен жаңа дворяндар көп болды. Сондықтан парламент көп кәсіркерлікке бостандық, репрессияға тосқауыл сұрады. Парламентсіз басқару кезіндегі ендірілген салық түрлерін жойды. Халық толқуынан қорыққан король бірнеше талаптарды мойындады. Парламент шақыруымен, парламентсіз басқару орнап, абсолюттік монархия жойылды. Парламент корольдің 1629-1640 жылдары, заңсыз қысыммен жинаған салық түрлеріне тиым салды. Парламентті өз қалауынсыз таратуға болмайтын қаулы қабылдады. Корольдың жақын кеңесшілері Страффорд пен лод қамауға алынды. Мамыр айында Лондондағы халық толқуларынан кейін король Карл І 10 мамырда корольдің парламентті тарату құқын жойса, 12 мамырда Страффордты өлім жазасына кесуге келісім беруге мәжбүр болды. жаңа парламент шіркеу эпископтарының билігін шегеруді, атқарушы үкіметтің парламент алдында жауапты болуын талап етті. 1641 жылдың 22 қарашасында бүкіл абсолюттік құрылысты айыптаған жаңа дворяндар мен бржуазия жазған арыз – құжаты Ұлы Ремонстрация парламентте қабылданады. Король жеке билеушілігіне қайшы келеді деп санаған король, оны бекітпеді.
Парламентті таратып, көсемдерін ттқындауды талап етеді. 1642 жылы 3 қаңтарда халық назразылығы милиция құрып, парламентті қорғайды. Парламент қарулы күштерді корльге қалдыруды толық жояды. Бұл оқиға корль мен парламен арасындағы соңғы айырылысу еді. 1642 жылы қаңтар-тамыз аралығында король Лондоннан солтүстікке кетіп азамат соғысын бастауға дайындалды. Тамыз айында парламентке азамат соғысын жариялады. Парламентің қарулы күштері соғыс ісіне үйретілмеген халық жасақтары, қолөнершілер, ұсақ саудагерлер, дамыған графтықтардың еректі шаруалардан тұрса, ал корль жағынада сауда компанияларының жоғарғы тобы, ағылшын іркеу иелері, корольдің монополиясының қызметкерлері соғысты. Граф Эссекс бастаған парламентік әскер корль күшін талқандауға мүделі болған жоқ, олар Карл мен келісімгекелуге тырысты. Армия мен парламенттегі индепенденттер шешуші қимылды талап етті. Осы негізде индепенттер мен пресвитериандар арасында қайшылық шиеленісті. 25 қыркүйек 1643 жылы парламент Шотландия мен Салтанатты Лига мен Ковенанқа қол қойды. Англияда пресвитериандық шіркеу жүйесі енгізілді. 1644 жылдың басында шотланд әскері шекарадан өтті, бл парламент әскеріне табы әкелді. 2 маусым 1644 жылы парламент әскері Марстон- Мурх түбінде роялистер әскеріне соққы берді. Индепендентердің лидері Оливер Кромвель жаңа үлгідегі тұрақты әскер құра алды. 11 қаңтар 1645 жылы әскер құру туралы актіге қол қойды. Оның құрамы алғашқыда 6 мың атты әскер, 1 мың драгун, 14,5 мың жаяу әскерден тұрды. Бұлар негізінен бай емес джентрилерден, шаруалардан, қолөнершілерден, мастерлерден жасақталды. Кромвель әскері 1645 жылы 14 маусымда Нэйзби түбінде роялистерді талқандады. Карл І солтүстікке қарай қашып, шотландықтарға берілді. Роялистерді жеңу парламенттке демократиялық бағыттағы реформа жүргізуге түткі болды. Пресвитериандар мен королге біртұта күйінде қарсы шыққан армия ішнде офицерлер мен солдаттар күресі левеллерлер идеясын- ұсақ демократиялық буржуазиясы идеологиясын қолдады. Левеллерлер жалпы саяси теңдікті қалады. Сондықтан оларды теңестірушілер деп атады. Олар неге лорд 20 депутат ал, кейде біреуінде де жібере алмайды?,-деп сұрайды. Олардың әлуметтік экономикалық бағдарламаларында метрополияларды, десятинаны, қоршауды жою, сот ісі мен құқықты демократияландыру, шіркеуді мемелекетен бөлу болды.Левеллердің маңызды құжаты Халықтық келісім деп аталады. Көсемі Джон Лильборн (1616-1657) Адал Джон деген атпен белгілі. Левеллерлер сондай -ақ буржуазиялық республика орнауын сайлау құқын кеңейтуді, сауда, сөз , ар бостандықтары берілуін талап етті. Армияның солшыл революциялық күштерінен құралған левеллерлер өз алдарына: корль билігі мен лордтар палатасын жою, жоғарғы билікті қауымдар палатысына беру; сайлаушылар алдындағы жауапкершілік; парламентті жыл сайын сайланып отыратын органға айналдыру; ар бостандығы; қызметкерлердің жауаптылығы мен ауысып отырушылығы; Англия адамдарының тең праволылығы; сөз, жиналыс, петиция, одақ бостандығы; жекеменшікті пайдалану бостандығы т.б. мақсаттар қойды. Левеллерлер программасы революциялық буржуазияның жүйеге келтірілген програмасы болып табылады. 1647 жыл ағылшын революциясы буржуазиялық – демократиялық жаңа кезеңіне өтті. Революциялық инициатива халық қолына көшті. Парламенттің королімен қайткенде де компромисске келуге тырысуы, монархия мен екі палаталық парламентті сақтауы, революциялық армияны тарату жөніндегі шешімі бүкіл елде халықтың наразылығын тудырды. Оның үстіне төменгі офицерлер мен солдаттар көп айлар бойы жалақысын ала алмаған еді. Полктарда насихатшыларды сайлау жүргізілді. О. Кромвель, Пйртондардың конфликті басуға ұмтылуынан нәтиже шықпады. Бағынбаушылық өсті, сондықтан парлмент мамырдың соңында Армияны тарату жөнінде бұйрық берді. Бұл қатты қарсылық тудырып, Кромвель мен Ферфакс парламенттік юасым көпшілік пресвитериандардан қатынасты үзуіне алып келді. 1647 жылы маусымда Кромвельдің бұйрығы бойынша король тұтқындалып, армияның Бас штабына әкелінді. өздеріне тиімді жағдайда индепендентердің лидерлері Карлмен келіссөз жүргізді. Олар Армияда ықпалын өсіру мақсатында Кеңеске әр полктан екі офицерден, полковниктен бастап барлық жоғарғы шендерді мүше етті. Бұл солдаттар мен төменгі офицерлердің арасында наразылық тудырды. Олар Парламент алдына лондон милициясын қаруландыруды тоқтатуды, жалақыны төлеуді, корольмен қайшылықты жоюды талап еткен ультиматум қойды. Осыған жауап ретінде офицерлер – индепеденттер конституция жобасын – Ұсыныстар тарауын жасады. Онда өмір сүріп отырған Парламент таратылсын, екі жылдық өкілеттігі бар жаңа парламент шақырылсын, сайлауға салық төлейтіндер қатыстырылып, депутаттық орын теңдей бөлінсін, монархиялық құрылым және лордтар палатасы сақталсын, милиция мен қарулы күштерді басқару парламент қолына көшсін, епископтық пен пресвитериандық міндетті емес, петиция беру еркінлігі, қажетті товарларға салық жойылсын, саулаға шектеу қойылмасын деген нақты талаптар қойылды. Осы талаптар негізінде феодалдық рыцарлықты ұстау толық жойылған жоқ, сот органдарына реформа жүргізілді, армияның барлық қарыздары төленді, жалпы амнистия жарияланды. Осы келісімпаз жоба корольге табыс етілді, алайда ол қабылданбады. Лондонда роялистік элементтер мемлкеттік төңкеріс жасауға шешім қабылдады. 6 тамыз 1647 жылы Армия астанаға енді. Ұсыныстар тарауы жарияланды. Осы тұста левеллерлер өз программасын орындауды талап етті. Олар елдің конституциялық құрылым жобасын көрсеткен “Армия ісі”, “Халық келісімі” атты құжаттар жариялады: корольдік билікті жою, екі жылда бір сайланатын бір палаталық парламент, халық алдында дапутаттар мен қызметкерлердің жауаптылығы, салық алудың прогрессивті формасы, қоршалған жерлерді өз иелеріне қайтару көзделді. 28 қазан 1647 жылы Петниге Армия Кеңесі жиналды. Кеңестегі қызу талас левеллерлер арасында келіспеушіліктің бап екендігін көрсетті. Мемлекет құрылымы, бостандық, халық құқылығы жөніндегі мәселелерде бір – бірімен келіспеді. Мәжіліс тоқтатылды. Армия Кеңесі өз өмір сүруін тоқтатты. Бұл пресвитериан – роялистік реакцияның күшеюіне әкеп соқты. 1647 жылдың қарашасында Карл І Уайт аралына кетіп, желтоқсанда шотландиялық пресвитериандармен құпия келісімге қол қойды. Бұл құпия ашылғанда парламент корольмен барлық қатынасты тоқтатты. 1648 жылы көктемде ІІ-ші азамат соғысы басталды. Бірақ ол ұзаққа созылмады. Роялистердің нашар ұйымдастырылған аз күшін Кромвель Уэльс, Престон түбінде талқандады. Ферфакс ұзақ айқастан соң, Кольчестрді алды. 164 жылдың қыркүйегінде соғыс қимылдары негізінен тоқтады. Қауымдастыр палатасы пресвитериандардың ықпал етуімен корольмен тағы да келіссөз жүргізе бастады. Олар Парламентке қарсы бағытталған барлық декларацияларды, жою, заң алдында барлығы тең үш жылға шіркеуге пресвитериандық құрылым ендіру, милицияны басқаруды 20 жылға парламентке беру деген сияқты талаптар қойды. Карлдың таққа қайтып келу қаупі төнді. Бұл жағдай индепенденттерді левеллерлермен жақындастырды. Левеллерлер парламентке жолдаған қыркүйектегі петициясында: қауымдар палатасының үстем болуын қамтамасыз ету, заң, алдындағы бәрінің теңдігі, ар бостандығы, заңдарды жеңілдету, феодалдық сословиелік жеңлдіктерді, шіркеу десятинасын, қосымша салықтарды жою, король мен лордтар басқаруына тоқтату т.б. талап етті. Сонымен қатар левеллерлер жекеменшікті жоюға қарсы болоды. Осы принципиалдық негіз индепенденттермен жақындастырды. Карлмен келіссөз нәтиже бермеген соң, пресвитериандық парламент халық қозғалысын басуға ұмтылуынан соң, Армия шешуші әрекетке көшті. Король Херс түрме – бекінісіне әкелінді. 2 желтоқсанда әскер Лондонды алды. 3 желтоқсанда полковник Прайд өз солдаттарымен пресвитериандарды қауымдар палатасының мәжілісіне жібермеді. Парламенттен король жақтастарын қуу оқиғасы тарихта Прайдтық тазалау деген атқа ие болды. Жоғарғы сот Карл Стбарттың қылмысын қарады. Арада көптеген пікірталастардан кейін 4 қаңтар 1649 жылы қаумдастар палатасы жабық есік жағдайында Англияны республикаға айналдырған шешім қабылдайды. Қауымдастар палатасы осы шешім негізінде өзіне мемлекеттегі жоғарғы биліктің өтетіндігі туралы төмендегідей шаралар белгіледі. 6 қаңтарда палата жаңа формасына байланысты жаңа үлкен мемлекеттік мөрдің жобасын жасау жөнінде комиссия тағайындады. 27 қаңтар күні қауымдастар палатасына бұдан былай барлық сот ісінде, сондай – ақ барлық шешімдерде және басқа құжаттарда “король атына ” деп басталатын сөздің орнына “ағылшын бостандығын сақтаушылар, парламент билігі атынан” деген сөздң ендіру қабылданды. Сол күні парламент талқылауына корольдің парламент келісімінсіз жарияланған кез келген құжатын заңсыз, сатқындық деп жариялаған акт қабылданды. 17 наурыз 1649 жылы король билігі қажетсіз және қауіпсізретінде жойылды. Екі күннен кейін лордтар палатасы да оның тағдырын кешті. Лордтар палатасы қауымдастар енгізген 1649 жылдың екінші қаңтарында корольді соттау туралы ордонансын бекітуден бас тартқандығы үшін таратылды. 19 мамырда республика жарияланды. Декларацияда: Бұдан былай, Англия парламенттегі халықтар өкілдері мен басқаралатын болады –деп көрсетіледі. Республиканың заң шығарушы билігін бір палаталы парламент атқарды. Атқарушы билік құрамында 41 мүше бар оның 31 –і парламент мүшесі болып табылатын/ Мемлекеттік кеңес атқарды. Оның ішінде армияның жоғарғы офицерлері /Ферфакс, Кромвель, Айртон, т.б./ болды. Жоғарғы кеңес мүшелерін 5 пэр, жоғарғы аристократияның өкілдері графтар – Пемброк, Солсбери, Денби т.б. құрады. Мемлекеттің Кеңес парламент орган ретінде құрылып және алғашқы кезеңде парламентке түгелдей тәуелді парламент комитетінің ролін ғана атқаруы тиіс еді. Оның мөрінде ағылшын парламенті тағайындаған Мемлекеттік Кеңес мөрі деп жазылған. Алайда өз қызметінің бас кезінде – ақ Мемлекеттік Кеңес республикадағы маңызды және ықпалды органға айналды. Жаңа республика демократиялы болмады. Республика орнаған соң левеллерлер жаңа режимді сынады. 1649 жылдың алғашқы айларында лильборн екі памфлет жариялады. Ол онда: парламент халыққа шынайы құқық пен ерік берген жоқ деп көрсетті. Елді Кромвель бастаған Армияның жоғарғы тобы мен беделді юристер басқарды, парламент мүшелері жеке бастарының мүддесін ойлады. Левеллерлердің іс- әрекетін соғыстың әсерінен ашынған, жағдайы нашарлаған халық қолдады. Республикадағы өкімет орта буржуазия мен орта жаңа дворяндар қолында болды. олар өкіметті сыртқы жауымен бірге халық қозғалысын басу үшінде қолданды. Левеллерлер қозғалысы басылды. Дж.Лильборн сотталып, қуғындалды. Левеллерлердің қала мен деревня кедейлерінің мүдделеріне қайшы әрекеті 1649 жылы нағыз теңестірушілер қозғалысын тудырды. Осы жағдайда 1649 жылдың көктемінде жаңа қозғалыс “нағыз теңестірушілер” немесе диггерлер (жер қазушылар) пайда болды: кедей шаруалар, жұмыссыздар, қайыршылар т.б. көсемі Джерард Уинстенди. Ол 1649 жылдың көктемінде Серри графтығындағы Әулие Георгий төбешігіне бірнеше кедейлерді жинап, юос жатқан жерді өңдеп, әр түрлі егін екті. Қарапайым теңдік түрінде бірнеше қожалықтар пайда болды. Алайда барлығы да талқандалды, қудаланды. Дж. Уинстенди: Құдай алдында адам тең – деген діни идеологиядан жекеменшікті әділетсіз, деп түсіндіреді. Мүлік теңдігін насихаттады. Бос жерлерді басып алып, егін салғандықтан, оларға “жер қазушылар — диггерлер” аты берілді. Өздерінің бейбіт түрде қойған талаптарының орындалмайтынына көзі жеткен левеллерлер 1649 жылы көктемде Солсбериде көтеріліс ұйымдастырды. Кромвель мен Ферфакс оларға қарсы каваллерия күшін жұмсап, 14-15 мамырда талқандады. Англияда күзге қарай левеллерлер қозғалысы толық талқандады. Екі қозғалыстың да күшпен басылуы индепенденттердің революцияны тереңдетудің кез келген түріне қарсы екендігін көрсетті. Ағылшын республикасының алдында индепенденттің дженти мен буржуазия билігін нығайту тұрды. Оппозицияны талқандаған олар Ирландия мен Шотландиядағы роялистік қауіп ошағын талқандауға тиіс еді. 1649 жылы шілдеде Кромвель армиясымен Ирландияны жаулап алуға аттанды. Ирландия қанға боялды. Ирландияны басып алудың, екі маңызды нәтижесі болды. Ирландия жері тоналды, ол арқылы қоғамның жаңа таптары байыды. Солдаттар мен офицерлерге жалақы орнына Ирландиядан жер бөліктері берілді. Ақшаға зорыққан олар жерді арзан бағаға сатты. Осылайша ирланд жерлеі арқылы контрреволюциялық күшке айналды. Стюарттар реставрациясын қамтамасыз еткен лендлордтардың жаңа тобы қалыптасты. Ирландияны тонау халықтық революциялық армияны басып алушыға айналдырды. Халықтың революциялық инициативасы жойылды. Дегенменде, роялистердің қаупі жоғалған жоқ. Карл І-нің баласы Шотландияда үш мемлекеттің короліболып жарияланды. Карл ІІ – і ковенант қабылдап, Шотландияға пресвитериан шіркеуін орнатуға келісті. Ағылшын республикасына қауіп солтүстіктен туды. Кромвель 3 қыркүйек 1650 жылы Денбар түбінде шотландықтардың үлкен күшін талқандады. Армияны басқарған жас король қашып кетуге мәжбүр болды. кромвельдің даңқы өсті. Оның жеңістерінен соң Ағылшын републикасын ипания, Германия, Швеция, Франция, Итальян қалалары ресми таныды. Алайда республиканың ішкі жағдайы нашарлай берді. Халық реформаны талап етті. Халық арасында бақарушы топтың әрекетсіздігіне наразылық өсті. Армия да өзгерістер қажет етті. Осындай жағдайда халық толқулары мен феодалдық құрылыстың қайта орнауынан қауіптенген буржуазия мен Кромвель 1653 жылы 20 сәуірде Ұзақ парламентті таратып, өкіметтің жаңа органын белгілейді. Кіші немесе Бэргон парламенті 4 шілде 1653 жылы мәжілісін бастады. Қасиетті адамдардан тұратын Кіші парламент халық мұқтажын қроғағандықтан 1653 жылы 12 желтоқсанда таратылып, 16 желтоқсанда Кромвель лорд – протектор жарияланды. Бұл индепенденттік республиканың буржуазия мен жаңа дв оряндар қолдауынан айырылғанын, халықтың қарсылығын білдіреді. Жаңа конституция бақару құралы мемлекетті әскери округтерге бөлді. Олрд – протекторға армия мен флот бағынды. Ол шет елдермен келісім жасап, указдар шығара алды. Мүліктік ценздің өсуі сайлаушылар санын азайтты. Бақару формасы жағынан басқаруға контрреволюциялық әскери – диктатура болды. Протекторат сауда мен отарлау мәселесінде ірі жеңістерге жеткенімен ішкі әлеуметтік – саяси өмір тұрақтамады. Жоғарғы топ ғасырлар бойы өмір сүрген монархияны қайтаруды көздеді. Кромвельге к ороль титулын ұсынады. Кромвель ұсыныстан бас тартқанымен, 1657 жылы Бағынышты петиция және кеңес конституциясын протектор билігін мұрагерлік де жариялайды. Лордтар палатасы қалпына келтірілді. Бұл монархия ны қайта қалпына келтіруг жасалған қадам еді. О. Кромвель екі рет парламент шақырғанымен, екеуін де мемлекеттік форманы өзгерткісі келді деген айыппен тартты. 1658 жылы Кромвель қайтыс болғаннан соң, әскеде беделі жоқ баласы Ричард ел басқаруға жарамай 1659 жылы протекторлықтан бас тартты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет