Сабақ І. Әлем тілдерінің жіктелімі (классификациясы)


Әуентаным (интонология) жайлы



бет3/18
Дата07.02.2022
өлшемі73,67 Kb.
#86734
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы және қазақ жазуының тарихы, СУЛЕЙМЕНОВА А. (КОК 201дв)

3.Әуентаным (интонология) жайлы
Жауап: Әуентаным - әуені зерттейтін тіл білімінің саласы. Қазақ мәтінінің әуені күрделі фонетикалық құрылым болып табылады. Оның құрамы:
1. Қарапайым қатысымдық әуенмен;
2. Үстеме әуен, бірліктерінен турады
Қатысым әуен сөйлемнің өне бойына тән болса, үстеме әуен сол сөйлемнің белгілі бір бөлшегіне ғана тән.
Интонацияның тіл жүйесінде алатын орны, ерекшеліктері мен қасиеттерін анықтайтын саласы жалпы тіл білімінде интонология деп аталады. Интонологияның суперсегменттік бөлшектерін интонемалар деп атайды. Сөйлемде интонеманың атқаратын қызметі, өзіндік орны болады. Сондықтан интонема әрқашан синтагмада көрініс табады.
Интонацияның негізгі қызметі
1) сөйлемнің түрлерін анықтау;
2) жеке коммуникативтік типтерін ажырату;
3) мазмұнның өзгешеліктерін ажырату;
4) мәтіндегі ерекшеліктерін көрсету;
5) әр түрлі эмоцияларда ажырату болып табылады.
Интонацияның басты компоненттері әуен, негізгі тон жиілігі, интервалы, диапозон, ұзақтылық, қарқын, пауза, интенсивтілік, тембр тілдегі просодикалық әсілдер ретінде әр тілдің өзіндік интонациялық ерекшелігіне байланысты қолданысқа түседі. Интонация дыбыстан бұрын пайда болған деген көзқарас бар. Сонда да фонемаға қарағанда интонеманы зерттеу кейіндеу қолға алынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет