Байланысты: Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы және қазақ жазуының тарихы, СУЛЕЙМЕНОВА А. (КОК 201дв)
2.ХХ ғ. басындағы зерттелімдер Жауап: ХХ ғ. басында ұлт зерттеушілерінің еңбектері жарық көре бастады. Бұл кезде зерттеу құралы ретінде төл ұлттық ұғым-атаулар кеңінен пайдаланылды. Сөйтіп қазақ тілі дыбыстарының артикуляциясын зерттеудің жаңа бағыты қалыптасты. Зерттелім нәтижесінің артикуляциялық кестелері сол ұлттық ұғым-атаулар негізінде құрастырылды.
ХХ ғ. орта шенінен бастап европа лингвистикасының теориялық ықпалы күшейді, оның үстіне әкімшіл-әміршіл (тоталитарлық) саясаттың дәуірлеген кезі болды. Теориялық көзқарас сол европа үлгісінде қалыптасты. Соның нәтижесінде артикуляциялық ұғым-атаулар европа тілдерінің дыбыс артикуляциясын қайталап отырды және түгелдей дерлік аударма күйге түсті.
ХХ ғ. аяқ жағынан бастап қазақ фонетикасына деген теориялық көзқарас өзгерді. Соның нәтижесінде қазақ тілі дыбыстарының бірегей артикуляциясын көрсететін жаңа ұғым-атаулар құрамы мен тың артикуляциялық анықтамалардың басы ашылды. Бұған дейін қалыптасқан аударма ұғым-атаулардан түбегейлі өзгеше терминдер құрамы ұсынылып отыр.
Қазақ даласында болған саяси өзгерістер мен мәдени жаңалықтар ұлттык ғылымның дамуына игі әсер етті. Жазудың коғамдағы кең кызыметі казак тілінің көптеген мәселелерін аз уақыт ішінде шешуді талап етті. Сонымен катар қазак балаларының жаппай мектепке тартылуы жэне білімді ұлттық тілде алуы оларды оқулыктармен камтамасыз етуді керек етті. Қазақ мектептерінің ұлттык тіліде окып-білім алу қажетті оқу кұралдарымен камтамасыз етіуді қажет етті. Соған байланысты казақ тілі грамматикасының зерттелуі мәселелері күн тәрбіне қойылды. Қазақ даласындағы мәдени дамуға өз үлестерін қосуға атсалысқан кез келген Қазақстан азаматы казақ тіліндегі оқулықтар мен қазақ тілінің жазуына, оның грамматикалык кұрылысына байланысты өз пікірлерін жиындарда, газет беттерінде жариалап отырды. Осындай тарихи кезеңде туып, қазақ мектебіне арналған алғашқы әліппенің, алғашқы грамматиканың жазылуына тікелей үлес коскан коғам кайреткері, зерттеуші А.Байтұрсынұлы.
А. Байтұрсынұлы 1912 жылы «Айкапқа» «Жазу тәртібі» атты мақала жазды. Бұл мақалада «бала жанын кинамайтындай» окулык жасау үшін, ең алдымен, дыбыстарды анықтап, жазуға мэн беру керектігін, сөз ішінде қай дыбыс естілсе, сол дыбыстың эріпін жазу керектігін айтады.
Көп уақыт бойында қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, грамматикалық кұрылымын зерттеудің нәтижесінде 1912 жылы «Оку кұралы. Қазақша әліппе» деген атпен А.Байтұрсынұлының алғашқы зерттеу еңбегі жарық көрді. Еңбек сол кезде қазақ даласына кең тараған араб графикасын икемделген қазақ тілінде жазылды. Халықты тез сауаттандыру мақсатында араб алфавитіне реформа жасап, ондагы артык әріптерді алфавиттен шығарып, алфавитті жеңілдетті. А.Байтұрсынұлының «Тіл — кұрал» атты окулығы казак тіл білімінің дамуына үлкен үлес косты.
Қазақ тілінің фонетикасы туралы құнды зерттеулер профессор Қ.Жұбановтың атымен байланысты. Профессор Қ.Жұбанов еңбектерін қазак тілінің дыбыстық жүйесінен бастап, синтаксиске дейінге барлық салаларына арнап, тілдік жүйемізді зерттеу барысында тың тұжырымдар жасаған. Тұжырымдары кисынды, табиғатын дөп басып танытатындай дәлелді болуының сыры — оның зерттеулеріне басты тірек етіп тіл фактілерін алуында. Қ.Жұбановтың зерттеулерімен жаңа ғылыми дәрежеге көтерілді. Тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі; дыбыстардың өзгеру кұбылыстары мен үндестк заңы, сөздің буын кұрылысы мен кұрамы жөнінде зерттеулер жүргізе отырып, белгілі бір ғалымдар легінің келуіне жағдай жасап, сол аркылы казақ тіл білімі үшін ғылыми-теориялық зертгеулер кезеңін бастаушысы болды. Мысалы, «фонетика — дыбыс тілі дыбыстарының тілдік ұкас касиеттерін тексеретін ғылым» деп, ең алдымен нысанды жан-жакты талдап-түсіндіреді . Негізгі нысанының мэнін терең түсініп болган соң, екінші кезекті сол дыбыстардың жасауға ат салысатын дыбыстау мүшелерді аныктаган. Тіл дыбыстарының касиетін эрі қарай тереңірек білу үшін олардың жасалу жолдарын түсініп, ең алдымен тілдің дыбыстау мүшелерінің кызметін жетік білу керек. Қ.Жұбанов «Қазак тілінін грамматикасы» окулығында бұл туралы толык канды пікірлер айткан.
Қазақ тілінің фонетикасына байланысты зерттеулер XX гасырдың екінші жартысынан бастап жаңа қарқынмен дамып келеді. Солардың ішінде «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен ғылыми еңбектің орны ерекше. Бұл еңбектің фонетика бөлімінің авторы І.Кеңесбаев. Бұл еңбекте ғалым фонетиканың негізгі мәселелерін түгел қамти отырып:
І-бөлім «Фонетика және дыбыстар туралы түсінік»,
ІІ-бөлім «Дауысты дыбыстар»,
III- бөлім «Дауыссыз дыбыстар»,
ІV-бөлім «Буын»,
V-бөлім «Екпін»,
VІ-бөлім «Дыбыстардың үндесуі» деп жіктеп, әр мәселе бойынша қазак тіл білімінде соған дейін айтылған көзкарастар мен нәтижелерді қамтыған.