Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
Қазақстан бейнелеу өнерінің шеберлері халық,қаһармандары,жазушылар,өарапайым адамдар мен жұмысшылардың портеттерін салған.
Портерт жанрында Н.Хлудов,Ә.Қастеев,А.Ғалымбаева,Г.Ысмайлова,Е.Сидоркин,С.Айтбаев,Ш.Сариев,А.Сыдыханов т.б. суретшілер қалам тартқан.
Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнеріне алғаш жол салған кәсіби суретші. 1904 жылы 1 қаңтарда Талдықорған облысы, Жаркент ауданының Шежін ауылында дүниеге келген. 1929 - 1931 жылдары Н. Г. Хмудовтың студиясында бейнелеу өнерінің негізін үйренеді.
1930 жылы Москва қаласындағы мұражайларымен танысады, 1937 жылы Қазақ ССР - інің халық суретшісі атағын алды.
Т.Тоғызбаев-ғұлама тұлғалардың бейнегалереясын жасаған дарынды портретшілердің бірі.Ол Төле би,Әйтеке би,Қазбек би,М.Өтемісұлы,А.Құнанбайұлы т.б. портереттер салған.Т.Тоғызбаев ұлттық тарихи,мәдени,рухани мұраға деген қызығушылық танытып,оны әлемдік көркем мәдениеттің дамуымен,жетістіктерімен байланыстырған.
Г.Ысмайылованың шығармашылығы Қазақстан бейнелеу өнері тарихында маңызды орын алады.Кескіндеме,театр,кино өнері мен музыканы ұштастыра отырып,суретші ерекше қабілетті,бірегей дарын иесі ретінде танылды.Суретші туындыларының негізгі кейіпкерлері театр,кино өнерінде ерекше.
Ү.Әжиев портреттерінде жұмысшы,ауыл еңбеккерлері,іалымдар,суретшінің замандастары бейнеленген.Ү.Әжиевтің акварельдері-Қазақстанның кескіндеме өнеріндегі қайталанбас құбылыс.Туындылары сезімге,романтикаға толы,шынайылық пен әсер ерекше үйлесіп,шығармашылығында әсем көрініс тапқан.
Ш.Сариевтің кескіндемелері-қазақ бейнгелеу өнеріндегі бірегей әрі қайталанбас құбылыс.Ш.Сариев шығармашылығы ұлттық нақышқа құрылған.Суретшінің портреттік кескіндемелері уаұытқа бағынбайтын еркіндігі,ерекше шиеленіскен сипаты мен кқркемдік шешімге деген ұмтылысымен ерекше.
Тапсырма: Халық суретшілері жайлы әңгімелеу.
Сабақты қорытындылау: Сұрақ - жауаптар
- суретшілерінің шығармашылығы туралы жаңадан не білдіңдер?
-Портрет салуға не түрткі болды?
-Қай портретші-суретшінің шығармашылығы ұнады?
Қолдану 8 минут Постер жасату.
Достарыңызбен бөлісу: |