1.Амандасу. Кезекші мәліметімен танысу, журналға белгі соғу.
5-Т сақтау керектігін айтып өту. Тыныштық.
Тазалық.
Тәртіп.
Татулық.
Талап.
2.ДЖИГСО әдісі
Топ студенттерін 5 топқа бөлу :бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек .
3. Үй жұмысын тексеру
1. Блиц – турнир Сұрақтар:
1. Организмдердің тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттерін зерттейтін ғылым дегеніміз не?
2. ХХІ ғасырда ашылған ең соңғы жаңалықтардың бірі?
3. Саусақтардың артық болуының биологиялық тілде атауы?
4. Цитогенетикалық әдісті медицинада қандай мақсатта қолданады?
5. Бір жұмыртқа клетканың бір сперматозоидпен ұрықтануынан екі зиготаның дамуы дегеніміз не?
6. Хромосомалар жиынтығын графиктік бейнелеуін қалай атайды?
7. Адам генетикасын зерттеудің қанша әдісі бар?
8. ДНҚ - ға талдау жасау қай әдіспен байланысты?
9. Кейбір тұқым қуалайтын ауруларға бейімділігін алдын ала анықтауға қай әдіс көмектеседі?
10. Бір жұмыртқа клеткасының бір сперматозоидпен ұрықтануынан бір зиготаның дамуы дегеніміз не?
5.Топпен жұмыс Тақырыпты өз беттерімен оқып шығып, постер қорғау.
1 топ – Селекция ғылымы;
2 топ – Селекцияның негізгі әдістері, саналы сұрыптау, будандастыру әдісі;
3 топ – Гетерозис, әріден будандастыру;
4 топ – Мутациялық селекция;
5 топ - Полиплоидия
Екі жұлдыз, бір ұсыныс.
Постер қорғау бойынша бағалау критерийлері (барлығы 16 ұпай):
1-Безендірілуі,тазалығы,ұқыптылығы-2 ұпай
2-Тапсырманы дұрыс орындауы-3 ұпай
3.Уақыт үнемділігі - 2 ұпай
4.Постер жасауға топтың толық қамтылуы - 4 ұпай
5.Басқа топтардың жұмыстарын мұқият тыңдап, талдау жасау, сұрақтарға жауап беру - 5 ұпай
6. Сергіту сәті 1 наурыз Алғыс айту күніне байланысты топша студенттері постер қорғап болғаннан кейін бір-біріне алғыс және қошемет сөздер айтады. Қалаулары бойынша жазып береді. Бейнефильм көреді.