Сөз тіркестері: Пайдалы қазбаларды өндіру табиғат жағдайына қалай әсер етеді? Пайдалы қазбаларды қайта өңдегенде табиғат қалай ластанады?
Құндылықтарды дарыту
|
- бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға, бірлесе еңбектенуге баулу;
- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;
- өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру;
- өзін- өзі бағалау және өзара бағалау арқылы жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
|
Пәнаралық байланыстар
|
География - пайдалы қазбалар орындарын;
Математика - пайдалы әсер коэффициентін есептеу;
Экология - қоршаған ортаға әсері.
|
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім
|
Пайдалы қазбалар , қоршаған орта жайлы білім қалыптасқан.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Үй тапсырмасын «Допты лақтыру» әдісімен сұрақтарға жауап беру арқылы сұраймын. Осы тәсіл арқылы оқушылар өткен тақырыптардың ережелерін қайталайды (оқушылар бір – біріне доп лақтыру арқылы өтілген оқу мақсаты бойынша сұрақтар қояды, ережелерді қайталайды).
Қоршаған ортаның ластанудың неше түрі бар?
Пайдалы қазбаларды өндірудің қоршаған ортаға қалай әсері қандай?
Пайдалы қазбаларды өндіру жер қабатының қайсысына кері әсерін тигізеді?
Пайдалы қазбаларды өндірудің жолдарын ата?
Техникалық немесе өндірістік қалдықтарға нелер жатады?
Қазақстандағы кен орындарына мысал келтіріңіз?
ҚБ: «Жұлдызша» арқылы бағалау.
|