Топқа бөлу. Оқушыларды топқа бөлу үшін «Алтын себет» әдісін қолданамын. Оқушыларға конверт таратылады, конверттің ішінде «Атмосфера», «Қоршаған орта» және «Пайдалы қазбалар» сөздері берілген, бірдей сөздері бар оқушылар бір топқа жайғасады. Оқушылар өз топтарын атауларына мағлұматтар береді.
Оқушыларға жетелеуші сұрақтар қоя отырып, бүгінгі сабақтың оқу мақсатын анықтаймын:
Пайдалы қазбалар өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру үшін, алдымен қандай қадам жасаймыз?
Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін күтілетін нәтижені анықтаймыз:
Пайдалы қазбалар өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіреді.
1 топ - «Атмосфера»
2 топ - «Қоршаған орта»
3 топ - «Пайдалы қазбалар»
Айналмалы доп, сұрақ - жауап
Конверттер, үлестірмелік тапсырмалар
|
Ортасы
|
Оқушыларға оқу мақсатын қалыптастыру және оқушылардың дағдысын дамыту үшін «Кинометафра» әдісін оқу мақсаты бойынша өз білімдерін қалыптастыра отырып, тақырып бойынша бейнефильм көрсету. Ой қозғау үшін сұрақ: Пайдалы қазбаларды өндіру табиғат жағдайына қалай әсер етеді? Пайдалы қазбаларды қайта өңдегенде табиғат қалай ластанады?
Топтық жұмыс. «Пресс - конференция» ойыны
Тапсырма: Оқушылар «Пайдалы қазбаларды өндірудің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері» деген мәтінмен танысады. Төмендегі сұрақтарға толықтай жауап береді.
1-топ:
1.Көмір мен кенді «ашық әдіспен» алу кезіндегі топырақ, литосфера жағдайы туралы жалпы не айтуға болады?
2.Пайдалы қазбаларды тасымалдау кезінде қандай проблемалар туындауы мүмкін?
2-топ:
1.Барлық өнеркәсіптік шығарындыларды пайдалы қазбаларды «өңдеу нәтижесі» деп есептеуге бола ма?
2.Қазақстанда мұнай-газ саласын қарқынды дамытуға байланысты қандай жаңа экологиялық проблема пайда болды?
3-топ:
1.Заттар мен энергия сақтау заңы не туралы?
2.Пайдалы қазбалардың құрамына кіретін қоректі заттарды атаңдар.
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау.
Жеке жұмыс. «Т-диаграммалары» әдісі арқылы келесі тапсырманы беремін.
|
Достарыңызбен бөлісу: |