Қолдауды қажет ететін оқушыларға тапсырмаларды қалай орындау керектігін аздап түсіндіремін, қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар беремін.
Қабілеті төмен оқушыларға «Сөзді тап» әдісі арқылы
Оқулықтағы мәтінді пайдаланып ұрықтану мен плацента ұғымдарына анықтама беріп, олардың маңызын сипаттап кестеге жазуда оқушылардың оқылым,жазылым дағдыларын дамытуға барынша қолдау көрсетем.
Қабілеті орта оқушыларға
«Жалғасын тап» әдісі арқылы суретте берілген үдерістің белгіненген сандарын оның сипаттау белгілерімен сәйкестендіріп, жауап кестесін толтыру барысында айтылым- жазылым дағдылардың қалыптасуына орташа қолдау көрсетемін.
Қабілеті жоғары оқушыларға
дәлдікпен қрастыру қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмаларды «Кластер» әдісі арқылы орындатамын. Өздігінен жұмыс жасауға мүмкіндік беремін.
|
Мұғалімге оқушының қаншалықты ілгерілегені туралы
мәлімет алып, соған сүйене отырып оқыту үдерісіне өзгеріс енгізіп, түзетіп отыру үшін қалыптастырушы бағалау жүргізу керек.
Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушы оқу үдерісіне белсене араласып, одан қандай
нәтиже күтілетінін түсінеді. Сонымен бірге, өз жұмыстарына өзі баға берумен қатар,
сыныптастарын бағалау арқылы өзінің оқуын жетілдіреді.
Мен әрбір тапсырмадан соң «Конверттегі сұрақ» тәсілі арқылы бағалау жүргіздім. Ол үшін бағалау критерийіне сүйендім.
«Конверттегі сұрақ» тәсілі: Әрбір оқушыға арнап конверт дайындаймын және оқу мақсатына сәйкес 2-3 сұрақ жазып, конвертке саламын. Конвертті оқушыларға таратып 2 минут уақыт беремін: оқушы стикерде өз атын, сұрақтардың жауабын жазып конвертке салады және конвертті келесі оқушыға жібереді. Барлық оқушылар жауап бергенше конверттермен алмасады. Соңында стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқып (аттарын атамастан); сынып жауаптардың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды
|
Оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалаймын.
Құралдармен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережелерін сақтауды талап етемін.
|