Жұптық жұмыста «Парталас көршіңе бір пікір» әдісі бойынша жұптар бірін-бірі бағалады, ынтымақтастық пен өзара көмек үшін ұйымдастырылды.
Топтық жұмыста «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісінде оқушылардың өзіндік көзқарасын білдіруіне тиімді болды. Бұл кезеңде ашықтыққа, бір- біріне құрмет сезімі қалыптасты.
Жеке жұмыс кезінде сараланған тапсырмаларды орындады. Оқушы жұмыстары жинап алынды, мұғалім кері байланыс береді, қорытындысын келесі сабақтың басында таныстырады.
Рефлексия жүргізгенде «Бес саусақ» әдісі арқылы оқушылардның бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал ету, бірлікке, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
|
Оқу мақсаты нақты болды.
Оқушылар зат айналымы, топырақ және шөгінді жыныстардың адам өміріндегі маңыздылығын талдай алды.
Оқушылар арасында белсенді іс -әрекет қалыптасты.
Саралау оқушылар үшін тиімді болды, оқу мақсатына негіздеп алынған сабақ мақсатын игерді.
Сабақтың барлық кезеңінде «Таймер» уақытты пайдаланғандықтан жоспарланған іс- әрекет өз уақытында аяқталды.
Тиімді әдістерді таңдау, сабақ мақсатына қарай тапсырмаларды дайындау. Себебі сабақ мақсатына қарай тапсырмалар орындалса ғана оқу мақсаты ашылады, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады.
|
Қорытынды бағамдау
|
Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушы белсенділігі артты, оқу мақсатына сәйкес сабақтың мақсаты орындалды, мақсатқа жеттім
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |