Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
«Бес саусақ» әдісі
Оқушының бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал ету.
Қағаз бетіне қолыңызды қойып, саусақтарыңызды айналдыра сызыңыз. Әр саусақтың өзінің мәні бар, солар бойынша өз ойыңызды білдіріңіз:
1. Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты болды ......
2. Сұқ саусақ – мен бүгін .......... түсіндім.
3. Ортаңғы саусақ – мен үшін ....... қиын болды.
4. Төртінші саусақ – менің бағам ....... , өйткені...
5. Шынашақ – Мен ............ білгім келеді.
Үйге тапсырма: Биосферадағы зат айналымы бойынша шағын хабарлама дайындау.
Қосымша ақпарат Bilim Land
|
Бес саусақты парақшалар
«Таймер» уақыт белгілеу
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
|
Қабілеті төмен оқушыларға сәйкестендіру, дұрыс, бұрыс жауаптары бойынша тапсырмалар ұсынылады, онда оларға қажетті ақпарат берілген. Бұл дұрыс тұжырым жасауға, өз білімдерін көрсетуге мүмкіндік алады, өзіне сенімділігі артады.
Қосымша қызмет: Анағұрлым қабілетті оқушыларға проблемалық сұрақтар арқылы ізденуге және биологиялық есеп шығару дағдыларын қалыптастыру мақсатында тапсырмалар берілген.
Үй тапсырмасы:
Оқушыларды биосферадағы зат айналымы бойынша шағын хабарлама дайындау арқылы ізденіске баулу.
|
Бағалау – оқушылардың үйренгенін, материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Үй тапсырмасын еске түсіргенде, жаңа сабаққа көпір жасаған кезеңдерде «Мадақтау» әдісі қолданылып, оқушыларға тиімді кері байланыс берілді. «Тамаша», «Өте жақсы», «Анық ой», «Жарайсың!», «Керемет», «Өте түсінікті», «Бұдан да жақсы істей аласың». Оқушыларды ынталандыру, оларға мотивация беру, білімдеріне үнемі түзету енгізу арқылы білімдерін жан- жақты қалыптастыруға баулу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |