Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
9.3.2.1 - Пайдалы қазбалар өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар: Пайдалы қазбалар өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған ортаға әсерін түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі: Пайдалы қазбаларды өңдеудің жағымсыз өнімдерінің қоршаған ортаға қалай әсер етуі мүмкін екенін сипаттайды.
Кейбір оқушылар: Пайдалы қазбаларды алу, тасымалдау, өңдеу және қолданудың барлық жағымсыз салдарымен қалай күресу керек екендігін талқылайды.
|
Ойлау деңгейі
|
Қолдану, талдау, жинақтау
|
Бағалау критерийлері:
(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
|
Пайдалы қазбалар өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған ортаға әсерін сипаттайды.
Пайдалы қазбаларды алу, тасымалдау, өңдеу және қолданудың барлық жағымсыз салдарын топтастырады (жіктейді).
|
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік дағдылар:
1. мәліметтермен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы);
2. сценарий дайындайды және ролдік ойындарға қатысады (тыңдалым және айтылым дағдысы);
3. шағын эссе жазады (жазылым дағдысы).
|
Терминология (Terminology):
техногенді рельеф - techogenic relief
террикондар - the terlikon
табиғи ландшафт - natural landscape
рекультивация - reclamation
радиоактивті элементтер - radioactive elements
өндірістік (технологиялық) қалдықтар - industrial (technological) waste
|
|