Күні
|
Мұғалімнің есімі:
|
Сынып: 9
|
Қатысқандар саны
|
Қатыспағандар саны
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
9.1.3.2 өсімдіктердегі транспирация үдерісінің мәнін түсіндіру
9.1.3.3 ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттеу
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар: ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға
әсерін сипаттайды.
Оқушылардың басым бөлігі: ішкі және сыртқы факторларды өзара
әсерін түсінеді.
Кейбір оқушылар: ішкі факторлардың транспирацияға әсерін,
буланатын бет ауданы мен осы беттің өсімдік көлеміне қатынасын
зерттейді.
|
ойлау деңгейі
|
талдау,қолдану
|
Бағалау критерийлері:
|
Өсімдіктердегі транспирация үдерісінің мәнін сипаттайды.
Сыртқы факторлар: су буының температурасы, ылғалдылық,
қысым, ауа қозғалысының әсерін анықтайды.
Ішкі факторлар:транспирацияға әсері , буланатын бет ауданы
және осы беттің өсімдік көлеміне қатынасын талдайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік дағдылар:
Оқушылар орындай алады: жұпта жұмыстану сыртқы және ішкі факторларды оқып зерттейді және жазбалар жасайды, кейін сызба бойынша өзара тексеру жүргізеді.
Өсімдіктердегі транспирация сызбасын жасап ішкі және сыртқы факторларын ауызша сипаттайды.
|
Терминология:
қазақша
|
орысша
|
ағылшынша
|
транспирация
|
транспирация
|
transpiration
|
ауа ылғалдылығы
|
влажность воздуха
|
air humidity
|
су буының қысымы
|
давление водяного пара
|
water vapor pressure
|
ауа қозғалысы
|
воздушное движение
|
air traffic
|
|
Сөз тіркестері:
Суда қалқып жүретін өсімдіктердің жапырақтарында лептесік ...
орналасады.
Қалай ойлайсыңдар бақша өсімдіктерін қай кезде суарған дұрыс?
Неліктен?
Су буының температурасы, ылғалдылығы және қысымы транспирация үдерісіне ауа қозғалысының әсеріне қатынасы қандай?
Транспирацияның сыртқы факторлары ............... арқылы
жүреді.
Транспирацияның ішкі факторлары ............ деп аталады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Бір-біріне сұрақ қою, талқылаулар кезінде ашықтық қалыптасады.
Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсерін
үйренуде өсімдіктерді қорғауға себепші болады,
жасыл ел бағдарламасын іске асыруға , маңызды түсінігі
арқылы жаһандық азаматтық дамытылады.
Топтық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысы, шынайылық қалыптастырады.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Өсімдіктердің әртүрлі экологиялық топтары географиямен
байланысады
Физикамен бұл жерде диффузия заңы қарастырылады.
Химиямен сутектік байланыс карастырылады.
|
Алдыңғы оқу/
Бастапқы білім
|
Заттардың тасымалыжайлы сипаттайды
|
Жоспар
|
|
Негізгі жаттығулар
|
Ресурстар
|
Басталуы
3 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі.Сыныпта психологиялық ахуал орнату.
Оқушыларды топқа бөлу. Мазайка әдісі бойынша 3 топқа бөлінеді.
1 топ жапырақ
2 топ лептесік
3 топ транспирация
Ой шақыру: Мұғалім оқушылардан:
«Қалай ойлайсыздар өсімдіктер үшін судың қасиеті қандай?»
Кері байланыс орнайды.
ЖАДА қалыптасады, сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады.
|
Суреттер
арқылы
слайд
|
Ортасы
5 минут
7 минут
12 минут
8 минут
|
«Кинометафора» әдісі арқылы оқушыларға бейнежазба көрсету.
«Түйінді 10 сөз» әдісі бойынша оқушылардың есте сақтау қабілетін
дамыту мақсатында бейнежазбадан естіген он сөз жазады.
ҚБ: смайлик арқылы
Топтық жұмыс:«INSERT» әдісі
1 топ жапырақ: Транспирация ұғымы
2 топ лептесік: Транспирацияға әсер ететін сыртқы факторлар
3 топ транспирация: Транспирацияға әсер ететін ішкі факторлар
Тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады:
- білемін
|
+ жаңалық
|
- білмеймін?
|
- білгім келеді
|
|
|
|
|
Дескрипторлар:
1. Өсімдіктерде транспирация үдерісінің маңызын анықтады;
2. Транспирацияға әсер ететін факторларды анықтады;
Жұптық жұмыс: «Зерттеймін-анықтаймын»
Зертханалық жұмыс:«Сыртқы факторлар: су буының температурасы, ылғалдылығы және қысымы,транспирация үдерісіне ауа қозғалысының әсері»
Құрал :қыздырғышаспап, желдеткіш, аквариум, салқындатылған ауасы бар жылуоқшаулағыш, мақта, ермексаз.
Жұмыс барысы:
№1.Тұрғыға құтыны жапырақты ішіне алдын ала түтікше тәрізді орап,салуға болатындай етіп орналастырамыз.Құтыны ішіне әрбір өсімдіктің бір жапырағын зақымдамай салыңдар.
Әрбір өсімдіктің жапырақ тақтасының астыңғы қабатына мыс сульфатын себеміз.
Өсімдікті әртүрлі жағдайға:қыздырыш пен желдеткіш астына,су толтырылған аквариумға саламыз.Бірақ зерттелетін жапырақты су бетінде: салқындатылған ауасы бар камераға және бір бақылау өсімдігін кәдімгі жағдайда қалдырыңдар.
№2. Құрал жабдықтар: қыздырғыш аспап, желдеткіш, беті жақсы жабылатын аквариум, пульверизатор, салқындатылған ауасы бар жылуоқшаулағыш камера.
|