Сабақ ҚЫСҚамерзімді жоспар 1-бөлім. Менің Отаным Қазақстан


Алған білімнің өмірмен байланысы



бет21/95
Дата19.02.2023
өлшемі217,13 Kb.
#169299
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   95
Байланысты:
ҚМЖ 4-сын. ТОЛЫҚ

Алған білімнің өмірмен байланысы.
Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Бұл сабақ арқылы қабырға газетін, ашықхат, жалпы әртүрлі жазбаларды безендіруге ерекше назар аударып үйренеді. Бұл оқушыларға өз бетінше әдемі плакат, ашықхат, постер жасауға көмектеседі.




Материалды түсіндіру

Сабақтың басында оқушылар қанық және қанық емес түстерді еске түсіріп, олардың адамның сезімін берудегі рөліне тоқталады.
Мұғалім балалармен бірге оқулықтағы суретшілердің туындыларына назар аударып, олардың түс үйлесіміне, ол нені үндейтініне, туындының идеясы мен көңіл күйінің байланысына, көрерменді қандай сезімге бөлейтініне көңіл бөліп, талқылайды. Одан соң оқушылар материалдарды бекіту үшін №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды. Одан әрі мұғалім қаріп түрлері туралы айтады: «Суретші – жай қарапайым заттардың өзінен ерекше, қызықты дүниелерді көріп, оны басқалардың да көруіне көмектесетін адам. Біз бүгін әріптер әлеміне сапар шегеміз. Сендер таңғалып отырсыңдар ма?
Қарапайым әріптер бізді несімен қызықтыруы мүмкін? Біз суретші емеспіз бе? Кәне, қарапайым әріптерге қарап, олардан ерекше нәрселерді байқап үйренейікші. Мысалы, «Я» әрпін алайық. Ол неге ұқсайды?» ( мұғалім тақтаға бұл әріпті әртүрлі етіп салады, сонда оқушылар олардан өздеріне таныс бейнелерді көреді). Балалар оны бір қырынан қарап тұрған қарны томпақ адамға, балыққа, ілмекке және т.б. ұқсатады. Тіпті ерекше жауаптарды да естуге болады.
Балаларға әріптер туралы қызықты оқиғаларды айтып беруге болады. Мысалы, «К» әрпі өзін хас сұлумын деп санап, айнаның алдынан шыр айналып шықпай қойды. Айналып-айналып «Ж»-ға өзгеріп, енді хас сұлудан жапалаққа айналды. Мүмкін, жапалақ емес, тырна шығар. Ал көңілді «Р» әрпінің тісі ауырып, беті ісіп, ол ... әріпке айналды. Балалар бәрі бірге «Ф» деп жауап береді.
Одан соң балалардың назарын бір әріптің өзі әртүрлі бола алатынына аудару керек. Алдымен бір әріппен жұмыс істейді. Сыныпта бір әріптің кім көп нұсқасын жасайтыны бойынша байқау өткізуге болады.
Оқулықтағы иллюстрациялар баланың ой ұшқырлығын дамытуға көмектеседі. Алдымен бір әріптің әртүрлі таңбаларын барынша көп қып жасайды. Одан кейін кішкене күрделендіріп, көңіл күйі өзгерген әріптің суретін салуды тапсырады.
Балалар ондаған қызықты нұсқаларын табады. Ең дұрысы, балаларға үйден 10х10 см қағаздан жасалған

Оқулық.
4-сыныпқа арналған СD- диск.
№1 жұмыс дәптері.
Әртүрлі ашықхаттар, көркем жазылған сөздер.




шаршыларды әкелуді тапсырады, сонда әрбір әріп белгілі бір өнер туындысы болып, олармен әдістемелік плакатты әшекейлеуге болады. Әріптерді түсті фломастерлермен салып, тек сызық пен пішіннің әсерлілігіне ғана емес, түсіне де назар аудару керек.

Бұл тапсырманы орындағаннан кейін «Мені түсін» деп аталатын ойын ойнатуға болады.


Ойынның реті мынадай: бала тақтаға шығып, ешқандай мағынасы жоқ сөзді жазады, бірақ оның мағынасын өзі іштей біліп тұрады. Ол сөзді қалған балалар әріп таңбаларына қарап-ақ табуға болатындай етіп жазады. Балалардың әрқайсысы қағазға өз сөздерін жазып, тақтаға шығады.
Ойынның тағы бір нұсқасы бар. Оны
«Аудармашылар» деп атауға болады. Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді. Бірінші топ белгілі бір сөзді айтады, мысалы, «томпақ», екінші топ оны шет тіліне аударады да, үшінші топқа ол сөзді суретпен жазып көрсетеді. Егер үшінші топ қаріп түріне қарап ол сөзді тапса, демек, аудармашылар жақсы жұмыс істеді деген сөз. Сөздің мағынасына кішкене болса жуықтаса, жауап дұрыс деп есептеледі. Әріптер
«сөйлей» алатынына көздері жеткен соң, оқушылар ашықхат жасауға кіріседі. Ашықхат жасау жолы оқулықта көрсетілген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет